Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстан қалдықтарды қайта өңдеу саласын жетілдіріп жатыр
Жаңалықтар

Қазақстан қалдықтарды қайта өңдеу саласын жетілдіріп жатыр

17.07.2025205 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Елімізде жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдық жиналады, оның тек 25,8%-ы ғана қайта өңдеуге жіберіледі. Ахуалды жақсарту үшін заманауи инфрақұрылым белсенді дамып келеді. Толығырақ бұл жайында ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев айтып берді.

Қалаларда тапсырылған қайталама шикізат үшін бонустар төлейтін экобокстар мен фандоматтар орнатылады. Мәселен, жеке компания Астана, Алматы, Ақтөбе және Өскеменде пластик пен алюминий жинауға арналған 100-ден астам фандоматты орналастырды. Тамыз айының соңына дейін пилоттық жоба аясында Астана мен Жезқазғанның 129 мектебінде қоқысты бөлек жинауға арналған 1 мыңнан астам экобокс қойылады. Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу үшін инфрақұрылым жасау жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта 63 жоба мақұлданды, бұл жыл сайынғы өңдеу қуатын 1,1 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Оның ішінде 14 жоба 52,4 млрд теңгеге қаржыландырылды, құны 106,9 млрд теңгеге тең тағы 23 жоба сараптаманың соңғы сатысында тұр.

«ҚТҚ полигондары қалдықтарды басқару жүйесінің маңызды элементі болып қала береді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 2 973 полигон болған, алайда олардың тек 20%-ында ғана қажетті рұқсат құжаттары бар. Жағдайды түзету үшін Үкімет 2023 жылы 100 жаңа полигон салу, жұмыс істеп тұрған 8 полигонды кеңейту және 5 полигонды рекультивациялау жөніндегі кешенді жоспарды бекітті. Бүгінгі таңда әкімдіктер 7 жаңа нысан салып, пайдалануға берді, 23 полигон бойынша жобалық құжаттаманы дайындау аяқталды, 18 жоба әзірленіп жатыр. Сонымен қатар Министрлік 11 өңірде кәдеге жарату алымы есебінен 43 полигон құрылысын қаржыландыру мәселесін пысықтауда», – деді спикер.

«Таза Қазақстан» жобасы аясында елімізде орман санын арттыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Мысалы, Арал теңізінің құрғаған түбіне сексеуілдің 48,7 млн дана көшет отырғызылды. Өткен жылдың соңында Қазалы қаласындағы 33 га алаңда қуаттылығы жылына 3 млн көшет болатын орман питомнигінің құрылысы аяқталды. Питомникте агротехникалық талаптарды ескере отырып, 10 га жерге сексеуіл тұқымын отырғызу жұмыстары жүргізілді. Биыл ауданы 15 га питомникті жобалау және тікелей Аралдың құрғатылған түбінде ұңғымаларды бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатыр, қызметкерлерге өндірістік модульдер жеткізілді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026691 Views

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026515 Views

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202678 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.