Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Таза Қазақстан»: «Жасыл Ел» жастары 18 қап қоқыс жинап, табиғатты қорғауға үн қосты
Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: «Жасыл Ел» жастары 18 қап қоқыс жинап, табиғатты қорғауға үн қосты

25.07.2025341 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Жастар саябағында «Жасыл Ел» жастарының бастамасымен «Таза Қазақстан» ауқымды экоакциясы аясында ерекше іс-шара өтті. Бұл іс-шара елімізде кеңінен танылған «Жасыл ел» бағдарламасының аясында ұйымдастырылды. Игі бастамаға 150-ден астам жас ерікті қатысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жастар күні бойы саябақ аумағында тазалық жүргізіп, 200-ден астам ағашқа су құйып, қоршаған ортаны жасыл желекпен көмкеруге атсалысты. Шара барысында саябақ ішіндегі қоқыс пен арам шөптер жиналып, жалпы салмағы 150 килограмнан асатын 18 қап қалдық шығарылды.

Экологиялық шара мұнымен шектелмеді. Жастар арасында өткізілген «Кітап алмасу» акциясы да ерекше қолдау тапты. 30-дан астам жас өздері оқып шыққан кітаптарын жаңа кітаптарға алмастырып, білімге деген қызығушылықты, рухани байлыққа деген құштарлықты танытты. Бұл бастама жастар арасында оқу мәдениетін дамытудың тағы бір жолы ретінде бағаланды.

Сондай-ақ, 20-дан астам қатысушы үйлерінен арнайы алып келген пластикалық бөтелкелер мен ыдыстарды тапсырып, қайта өңдеуге жіберді. Бұл әрекет – күнделікті тұрмыста да экологиялық жауапкершілік таныту қажеттігін көрсетті.

«Бүгінгі шараның мақсаты – жастардың бойында табиғатқа жанашырлықты қалыптастыру, оларды қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйрету. Жасыл орта – жарқын болашақтың кепілі. Бұл тек сенбілік емес, үлкен тәрбие мектебі», – дейді жоба жетекшісінің орынбасары Асылбек Абдурашитов .

«Жасыл ел» бағдарламасы жыл сайын мыңдаған жасты біріктіріп, елді мекендер мен саябақтарды абаттандыруға, орманды алқаптарды қалпына келтіруге үлес қосып келеді. Бұл – жастардың еңбекке, елжандылыққа және бірлікке бастар жол.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Биыл республика бойынша 1,2 млн га егіс алқабын суаруға 11 млрд текше метр су жұмсалды

08.12.2025241 Views

БҚО елді мекендері ауыз су және газбен толық қамтамасыз етілді

08.12.2025192 Views

БҚО-да халықтың жайлы өмір сүруіне бағытталған жобалар қарқынды жүзеге асып жатыр

08.12.2025128 Views
Соңғы жаңалықтар

Биыл республика бойынша 1,2 млн га егіс алқабын суаруға 11 млрд текше метр су жұмсалды

08.12.2025

БҚО елді мекендері ауыз су және газбен толық қамтамасыз етілді

08.12.2025

БҚО-да халықтың жайлы өмір сүруіне бағытталған жобалар қарқынды жүзеге асып жатыр

08.12.2025

WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық чемпионатына биыл 15 жаңа құзыреттілік қосылды

08.12.2025

2026 жылы ОКҚ іс-шараларына қатысуға журналистерді аккредиттеу басталды

08.12.2025

Мемлекет басшысы Палестина Президенті Махмұд Аббаспен телефон арқылы сөйлесті

08.12.2025

Қызылордада «Жүректен жүрекке» мейірім мен өнер тоғысқан фестиваль өтті

06.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.