Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ШАҒАН – ЖҮЙЕЛІ ДАМУ ЖОЛЫНДА
Аймақ жаңалықтары

ШАҒАН – ЖҮЙЕЛІ ДАМУ ЖОЛЫНДА

24.07.2025348 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Сырдария ауданында әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асуда. Аудан көлемінде халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты жобалар қолға алынған. Соның бірі — облыстағы ең ірі ауылдардың бірі саналатын Шаған елді мекенін газдандыру мәселесі. Бүгінде 5 мыңға жуық халқы бар бұл ауылға көгілдір отын желісі тартылып жатыр.

— Шаған елді мекенін газдандыру жобасы 2024 жылдың күзінде басталған болатын. Өткен жылы 1,3 млрд теңге бөлініп, Тереңөзек кенті мен Шаған ауылының арасындағы 19 км жерге жоғарғы қысымды газ жүргізілді. Қазіргі таңда ішкі жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл 1 млрд теңге бөлініп тұр, қалған қаражат жақын арада беріледі деп күтілуде. Жалпы жылу беру маусымына дейін ауыл тұрғындарын көгілдір отынмен қамтуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, қазіргі таңда Ақжарма елді мекенін газдандыру бойынша 200 млн теңге қаржы бөлініп, конкурс жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек Шіркейлі, Қоғалыкөл ауылдарын газдандыру бойынша да өтініш бердік,- деді Сырдария аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мейірхан Бақытжанұлы.
Сондай-ақ, медициналық қызмет сапасын арттыру мақсатында ауылдық амбулаторияға да күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
— Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тікелей қолдауымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында облыстық бюджеттен 328 миллион теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Емдеу мекемесінде 4 дәрігер, 23-ке жуық орта буын мамандары мен 7 кіші буын қызметкер бар. Сонымен қатар, 35 терапиялық және 5 гинекологиялық төсек орынмен қамтамасыз етілген. Лабораториялық зертханалық тексерулер жүргізілуде. Алдағы уақытта толық жөндеу жұмысы аяқталғаннан кейін “Медициналық оңалту” бөлімшесі көшірілетін болады. Жоспар бойынша алдағы уақытта материалдық базасы жетілдіріліп, заманауи үлгідегі технологиялармен қамтамасыз етіледі,- деді Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері Жалғасбек Үсенов.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026452 Views

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026414 Views

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026584 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026

Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетіледі

17.08.2026

Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде

17.08.2026

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

17.08.2026

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.