Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Басты жаңалықтар»Биыл сапалы жұмыс орындарының санын 2 млн 847 мыңға жеткізу жоспарда бар
Басты жаңалықтар

Биыл сапалы жұмыс орындарының санын 2 млн 847 мыңға жеткізу жоспарда бар

25.07.2025637 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Еңбек нарығының 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының бекітілуімен «сапалы жұмыс орны» ұғымы енгізілді. Бұл –өңірдегі медианалық еңбекақыдан жоғары жалақымен қатар негізгі әлеуметтік пакеті және қауіпсіз жұмыс ортасы бар 6 айдан астам тұрақты жұмыс орны. Еңбек нарығында осындай позициялар неғұрлым көп болса, экономика соғұрлым тиімді дамиды. Макроөңірлердің ерекшелігін ескере отырып, экономиканың негізгі секторларын индустриаландыру, инфрақұрылымды озыңқы нығайту, ШОБ  пен отандық тауар өндірушілерді одан әрі дамыту сапалы жұмыспен қамту өсуінің негізгі драйвері болуға тиіс. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Тұжырымдамаға сәйкес биыл ел экономикасында сапалы жұмыс орындарының санын 2 млн 847 мыңға жеткізу жоспарланған. 2025 жылы былтырға қарағанда сапалы жұмыс орын саны 150 мыңға артып, 2 млн 602 мың бірлікті құрады.

«ҚР Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2022-2029 жылдар аралығында 3,3 млн адамды, оның ішінде 2,3 млн жасты жұмысқа орналастыру міндеті қойылды. Биыл біз өңірлермен бірлесіп  480 мыңнан астам тұрғынды жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз, оның ішінде 280 мыңы – жастар. Біз осы ыжыл жұмысқа орналасқан адамдарды есепке алу тәсілін қайта қарадық. Енді жұмысқа орналасқандардың есебіне тек міндетті зейнетақы жарналары бар азаматтар ғана алынады», – деді вице-министр.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда 250 мың азамат жұмысқа орналасып, жылдық жоспардың 55%-ы орындалды. Жұмысқа тұрғандардың 38%-ы жастар болса, әйелдердің үлесі – 53% немесе 133 мың адам.

Мемлекеттік жоспарлау құжаттары аясында 4,6 мыңға жуық азамат жұмыспен қамтылды. Мемлекет басшысының «10 мың адамға шаққанда 100 жаңа жұмыс орны» бастамасы аясында – шамамен 63 мың адам, жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына – 66 мыңнан астам адам, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары аясында 116 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Абай облысында жел энергиясын өндіру жобасы іске асырылады

18.11.2025963 Views

Облыс әкімі халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлымен кездесті

18.11.2025310 Views

Абай облысында жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылады

18.11.2025714 Views
Соңғы жаңалықтар

Абай облысында жел энергиясын өндіру жобасы іске асырылады

18.11.2025

Облыс әкімі халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Рауан Кенжеханұлымен кездесті

18.11.2025

Абай облысында жаңа инвестициялық жобалар жүзеге асырылады

18.11.2025

Жыл басынан бері 13,2 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

18.11.2025

ҚР ТЖМ: өңірлерде су тасқыны кезеңіне белсенді дайындық жүргізіліп жатыр

18.11.2025

Ақтөбе облысында 296,8 млрд теңгеге ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

18.11.2025

Жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша Президенттік олимпиада басталды

18.11.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.