Автор: un_admin

2025 жылда 6 755 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 154,8 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы, 45,1%-ы – Қытайдан, 41,7% – Өзбекстаннан, 5,4% – Түрікменстаннан, 2,8% – Монғолиядан, 2,4% – Ресейден және 2,6% – басқа елдерден. Биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,8%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31%-ды және зейнеткерлер 9,2%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16%-ы жоғары білімді, 27,1%-ы орта кәсіби білімді, 54,6%-ы жалпы орта білімді, және 2,3% білімі жоқ. Қоныс аударған этникалық…

Read More

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстандық Ұлттық электронды кітапханасы Kazneb.kz платформасының даму қарқыны жаңа деңгейге көтерілді. Яғни контент қаралымының саны 4 076 629-ға жетіп, 30% өссе, пайдаланушы 379 312, қашықтықтан 746 056 пайдаланушы кіріп, 44% артты, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Сондай-ақ авторлардың рұқсатымен құжаттарды жүктеу саны 1 миллион 600 мыңнан асты. Жыл басынан бері электронды база 2 758 құжатпен толығып, былтыр осы кезеңмен салыстырғанда 6% көбейді. Бүгінге дейін 114 842 бет сканерленіп, 362 049 бет редакцияланды. Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана қорында 81 357 құжат сақталған, 64 тілдегі құжаттармен еркін танысу мүмкіндігі бар. ҚазҰЭК – қазақстандық мазмұндағы кең көлемді…

Read More

Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында Қызылорда облысының Арал ауданында санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соңғы жылдары аудан аумағында қолға алынып жатқан ауқымды жобалармен қатар құрылыс жұмыстары да қарқынды жүруде. Олардың дені бүгінде халық игілігіне пайдалануға берілді. Сонымен қатар, бюджет қаражаты есебінен Арал қаласындағы көпқабатты тұрғын үй, кіре беріс қақпа күрделі жөндеуден өтіп, жаңаша кейіпке енді. Соңғы үш жылда 104,0 млн. теңгеге қаладағы көппәтерлі 6 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Соның ішінде тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында 16 пәтерлі тұрғын үйді жөндеу жұмыстары биыл аяқталып, пайдалануға…

Read More

2025 жылдың басынан бастап Қазақстанда азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі шеңберінде ведомствоаралық УҚТ радиобайланысты дамыту бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда ТМД-да бұл жүйенің аналогтары жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық ұлан радиобайланысының шашыраңқы транкингтік желілерін біріктіру бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар өткізілді. Бұл қызметтер арасында бірыңғай байланыс платформасын құруға негіз болды, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі. Жаңа базалық станцияның интеграциялануының арқасында Павлодар мен Түркістан қалаларында цифрлық радио желісіне қосылған 12-ші және 13-ші өңірге айналды. Бұл елдің басқа өңірлеріне  де қосылуға серпін берді. Желіні дамыту шеңберінде Шымкент, Абай, Петропавл, Қызылорда және Ақтау қалаларында тағы 8 транкингтік базалық станция енгізу жоспарлануда.…

Read More

2025 жылға қаржыландырудың жалпы көлемі шамамен 50 млрд теңгені құрайды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – айналым қаражатын толықтыру үшін жеңілдетілген шарттармен несие беру арқылы ірі қара және ұсақ мал бордақылау алаңдарын қолдау, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Қаржыландыру шарттары: Қарыз мерзімі – 12 айға дейін. Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5%. Бағдарламаға негізгі бағыты ретінде ірі қара/ұсақ мал бордақылау болып табылатын, тиісті өндірістік инфрақұрылымы бар кәсіпорындар қатыса алады. Жобаларға қойылатын талаптардың бірі – бордақыланған малдың кемінде 50%-ын отандық ет өңдеу кәсіпорындарына өткізу. Кеңес алу және қаржыландыруға өтінім беру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның жақын жердегі өңірлік филиалына жүгіну қажет. Қосымша ақпаратты Agrocredit.kz сайтынан немесе…

Read More

ҚР Энергетика министрлігі Уәкілетті органмен бірлесіп, Ішкі елдік құндылықты дамыту және ірі мұнай-газ жобаларында отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары бойынша Өнімді бөлу туралы келісімдердегі Операторлар жүзеге асырып жатқан жобалар аясында реттелетін сатып алуларда тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. Қарашығанақ жобасы шеңберіндегі реттелетін сатып алуларға қазақстандық тауар өндірушілерді тартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі – Өнімді бөлу туралы келісімнің Тендерлік рәсімдеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың күшіне енуі болды. Аталған өзгерістер Оператордың қажеттіліктеріне сәйкес жалғыз жергілікті өндірушіден тауарларды тікелей сатып алу, жергілікті өндірушілер арасында тендерлер өткізу, жергілікті өндірушілер үшін…

Read More

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша 28 шілдеде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Қырғыз Республикасына жұмыс сапарымен барып, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиевпен және жауапты ведомство басшыларымен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Primeminister.kz. Тараптар Нарын су электр стансалары каскадының, Талас бассейнінің, сондай-ақ Киров және Орто-Токой су қоймаларының тамыз айындағы жұмыс режимін талқылады. Кездесу нәтижесінде бұрын бекітілген келісімдер аясында қуаңшылык пен судың аз келуі салдарынан жеткізілмей қалған су көлемін қосымша жеткізу жөнінде келісімге қол жеткізілді. 29 шілдеде Ташкент қаласында Вице-премьер Қанат Бозымбаев Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Ариповпен және су-энергетика саласындағы жауапты басшыларымен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында екі апта ішінде су жеткізу кестесіндегі кідірісті жою…

Read More

Биыл алғашқы алты айда Қазақстанға Қытайдан Ертіс өзені арқылы 4,6 млрд текше метр және Іле өзені арқылы 5,6 млрд текше метр су келді, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі. Іле өзені арқылы келген су екінші жыл қатарынан Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасын 100% толтыруға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде Балқаш көліне 8,52 млрд текше метр су жіберуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері Балқаш деңгейі орта есеппен 32 см-ге, яғни Балтық жүйесі бойынша 341,55 метрден 341,87 метрге дейін өсті. «ҚХР-мен ынтымақтастық тек трансшекаралық өзендерді ғана қамтымайды. Биыл наурыз айында Қазақстан мен Қытайдың су ведомстволары алғаш рет өзара түсіністік…

Read More

Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде бірыңғай заманауи мектеп инфрақұрылымына көшуге бағытталған ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Алдағы үш жылда еліміздің барлық өңірінде 1231 мектепті жаңғырту жоспарлануда. Биылғы жылы 245 мектепте кешенді жұмыстар басталды. Оның 146-сы ауылдық жерлерде, 99-ы қалаларда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Жоспар бойынша: 214 мектепке – күрделі жөндеу жүргізіледі; 19 мектепте – ағымдағы жөндеу; 12 мектепке – реконструкциялау жүргізіледі. Жобаны іске асыру шамамен 100 мың оқушы үшін білім алу жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Жоба заманауи білім беру стандарттарына сай тоғыз негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Жаңғырту жұмыстары аясында мектеп ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізу, пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, талшықты-оптикалық…

Read More

Қазақстан экономикасына орта мерзімді кезеңге 3 миллион адамға жуық кадр қажет болуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, бұл кадрларға бүгінгі таңда сұраныс құрылымы анықталып қойылған. Олардың үштен бірін қызмет саласы алып отыр. Одан кейін тасымадау мен тауарларды бөлу, өнеркәсіп, ауы шаруашылығы және құрылыс тұр, деп хабарлайды Ukimet Telegram-каналы. «Бұл деректерді кәсіптік стандарттарды бекіту, білім беру бағдарламаларын қалыптастыру, оқуға білім беру тапсырыстарын бөлу және қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру кезінде ескеру қажет. Ол цифрландыру және демографиялық өзгерістер тұсында ерекше маңызды», — деп атап өтті еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов. Бір мезетте цифрландырудың және технологиялық өзгерістердің салдарынан жаңа…

Read More