Қазақстан әлемдік жұлдыздарды тартуды жалғастыруда. Мәселен, Дженнифер Лопестен кейін қазақстандықтарды танымал Backstreet Boys поп-тобы өз өнерімен қуантады. Әртістер бүкіл мансабында алғаш рет біздің елде өнер көрсетеді. Концерт 21 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «Астана Концерт» компаниясының продюсері Мәлік Хасенов мәлімдеді. Сахнада негізгі құрамның барлық бес әншісі өнер көрсетеді: Ник Картер, Брайан Литтрелл, Эй Джей Маклин, Хауи Дороу, Кевин Скотт Ричардсон. Бағдарламада топтың ең танымал хиттері орындалады. Елордада өтетін концерттің ұйымдастырушысы – «Астана Концерт». «2025 жылы Backstreet Boys Лас-Вегастағы Sphere сахнасында үлкен резидентурамен өнер көрсетеді. Backstreet Boys тобы Sphere сахнасында 21 концерт береді. Барлық…
Автор: un_admin
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ерікті қоныс аудару шеңберінде жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы өңірлерге 2 202 адам, оның ішінде 1 091 қандас және 1 111 қоныс аударушы көшіп келді. Барлық қоныс аударушыларға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Осы жылдың соңына дейін 9 653 адамды көшіру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Өңірлер бойынша Павлодар облысына – 672 адам, Солтүстік Қазақстан облысына – 532 адам, Қостанай облысына – 330 адам, Ақмола облысына – 215 адам, Шығыс Қазақстан облысына – 214 адам, Абай облысына – 145 адам, Атырау облысына – 90…
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Арал теңізінің құрғаған табанында жүргізіліп жатқан орман – мелиорация жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Министр Қазалы қаласында орналасқан, 2024 жылғы қарашада пайдалануға берілген орман тұқымбағын аралады. Тұқымбақтың жалпы ауданы 33 гектарды құрайды, оның ішінде өндірістік алаңы 10 гектар. Бұл жерде сексеуіл тұқымдары себіліп, нәтижесінде Арал теңізінің құрғаған табанына отырғызу үшін 3 млн стандартты көшет алу жоспарланған. 2023 жылы отырғызылған, жалпы көлемі 4 мың гектарды құрайтын екпелер қаралды. Екпелер ғылыми ұсынымдарға сәйкес жасалынып, келесі отырғызу сызбасы қолданылды: қатар аралығының ені 4 метр, қатар ішіндегі аралық 2…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ұлттық суперкомпьютер орталығында MedTech, EdTech, GovTech және өнеркәсіп салаларындағы отандық IT-шешімдер таныстырылды. Атап айтқанда: SmartCity Astana жобасы инновациялық технологияларды енгізу арқылы қаладағы өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді. Жасанды интеллектіні қолданатын 100 мыңнан аса бейнебақылау камерасы іске қосылып, елорданың цифрлық сыңары жасалады. Бұл қоғамдық орындардағы ықтимал тәуекелдерді онлайн-режимде анықтап, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Жобаны жеке серіктес толығымен қаржыландырады. AlemLLM жобасы – дәлдігі жоғары қазақ тілінің үлкен тіл моделі. Жергілікті қолданысқа бейімделген. Модель балама шешімдердің арасында үздік көрсеткіштерге ие және түрлі салада кеңінен қолданысқа арналған. AI Kitap жобасы – цифрлық AI-оқулықтарға арналған платформа. Әр оқушының білім деңгейіне, сабақ үлгеріміне…
Мемлекет басшысы Alemcloud Ұлттық суперкомпьютер орталығына барып, NVIDIA H200 графикалық процессорлары базасында жасақталған суперкомпьютерді іске қосу рәсіміне қатысты. Жаңа дата-орталықтағы жүйені Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі халықаралық серіктестермен бірге орнатып, пайдалануға берді. Жаңа суперкомпьютер кластері FP8 форматында есептеу әдістемесі бойынша 2 экзафлопсқа дейінгі өнімділікті қамтамасыз ете алады. Есептеу қуаты жағынан Орталық Азия өңіріндегі ең үздігі саналады. Қасым-Жомарт Тоқаев суперкомпьютердің іске қосылуы еліміздегі негізгі салаларды цифрландыратын маңызды қадам екенін атап өтті. Бұл Қазақстанның цифрлық технологияларды дамытуда айтарлықтай өркендеуіне ықпал етеді. Суперкомпьютердің есептеу қуатын нейрожелі шешімдерін әзірлеумен айналысатын стартаптар, университеттер мен ғылыми орталықтар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен жеке компаниялар пайдалана…
Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Президентке қаланың энергетикалық инфрақұрылымының даму барысы туралы есеп берді. Бүгінде үшінші ЖЭО-ның алғашқы кезегін, қосымша қуаты сағатына 1100 Гкал болатын «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу стансаларын пайдалануға беру арқылы шаһардың жылыту қуаты 30 пайызға ұлғайған. Биыл «Тұран» стансасының екінші кезегін толығымен аяқтау, сондай-ақ «Телман» стансасы мен екінші ЖЭО-ны кеңейту және «Оңтүстік-Батыс» газ жылу стансасын жобалау көзделіп отыр. Бұл жобалардың барлығын жүзеге асыру 2035 жылға дейін жоспарланған қосымша жылу энергиясын алуға мүмкіндік береді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа үшінші ЖЭО-ның екінші кезегі аясында бу-газ қондырғысын орнату жоспары көрсетілді. Мемлекет басшысына үшінші ЖЭО-ның табиғи газбен жұмыс істеп, ең жоғары қуаты сағатына…
Жетісу облысында автоклавты қатайтатын газбетонды блоктар шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. Бұл кірпіштің осы түрлерін өндіретін өңірдегі алғашқы кәсіпорын. Зауыттың қуаты жылына — 150 мың текше метр. Мұнда 50 жаңа жұмыс орны ашылған. Жаңа зауытқа 2,5 млрд теңге инвестиция тартылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі. Жетісу облысы құрылғаннан бері үш жыл ішінде өнеркәсіптік өндірістің жылдық көлемі 16,8% өсіммен 347 млрд теңгеге жетті. Осы жылдар ішінде өнеркәсіпте жалпы сомасы 85 млрд теңгеге 35 жоба іске асырылды. Олардың ішінде жел және су электр станциялары, өнеркәсіптік аккумуляторлар мен күн панельдерін шығаратын зауыттар бар. «Жалпы Жетісу – құрылыс қарқынды жүргізіліп жатқан өңірлердің бірі. Облыста әлеуметтік нысандар мен тұрғын…
Дала күні форматындағы дәстүрлі аграрлық форум 2013 жылдан бері өткізіліп келеді және еліміздегі ауыл шаруашылығы өндірісінің заманауи технологиялары, жоғары өнімді техникасы мен инновациялық әзірлемелері таныстырылатын ең ауқымды демонстрациялық алаң болып саналады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Биылғы ауқымды шара 17–18 шілде күндері Ақмола облысындағы «Ақтық» АҚ демонстрациялық алқаптарында өтеді. «Jańa Dala / Green Day ‘2025» алаңында жақын және алыс шетелден 20-дан астам елдің 200-ден аса компаниясы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен агробизнес саласының 5 мыңнан астам кәсіби өкілі жиналады деп күтілуде. Қазақстан мен әлем ауыл шаруашылығы саласындағы ең өзекті және келешегі зор бағыттар «Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары», «Егін шаруашылығы»,…
Қазақстан бойынша 1395 тірек гидротехникалық құрылыс (ГТҚ) бар. Су тасқынына дайындық мақсатында Бассейндік инспекциялар ТЖД өкілдерімен, жергілікті атқарушы органдармен және «Қазсушар» РМК-мен бірлесіп ГТҚ-ны көзбен шолып тексеру жүргізеді. Биылғы зерттеу қорытындысы бойынша жөндеуді қажет ететін 560 ГТҚ анықталды, оның 540-ы қанағаттанарлықсыз және 20-сы апатты жағдайда, деп хабарлайды Primeminister.kz. Су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасына сәйкес, 2030 жылдың соңына дейін Қазақстанда жаңадан 42 су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 37 су қоймасын реконструкциялау жоспарланып отыр. Бұл ауыл шаруашылығын сумен тұрақты қамтамасыз етеді, су басу қаупін және трансшекаралық суларға тәуелділікті азайтады. Солтүстік өңірлерде жаңа су қоймалары 216 елді мекенді су басуына жол…
Президент су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, су – бүкіл тіршіліктің көзі, әлемдегі барлық ел үшін аса маңызды стратегиялық ресурс екенін айтты. – Біздің кең байтақ жеріміз бар. Алайда ел аумағының жартысынан көбі шөл және шөлейт жерлер. Сондықтан Қазақстан үшін су мәселесі ұлттық қауіпсіздік мәселесі десек, артық болмайды. Бұл сала әрдайым мемлекеттің айрықша назарында. 2023 жылы халыққа Жолдауымда мен суды тиімді пайдалану жайына ерекше тоқталдым. Елімізде Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды. Нақты міндеттер айқындалып, ауқымды реформалар қолға алынды. Жаңа Су кодексі қабылданды. Ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Су нысандарын салуға және қалпына келтіруге қомақты қаражат бөлінді. Шетелден инвестиция…
