Бүгін «Өнер орталығында» «Қазақстан Ұлттық Урбан Форумы 2025 — Қызылорда» форумының қорытынды пленарлық сессиясы өтті. Оған Біріккен Ұлттар Ұйымының UN-Habitat Ұйымы, БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қатысты. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы форумның маңыздылығына тоқталып, барша қатысушыларға алғысын білдірді. «Кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы қалалардың өркендеуімен тікелей байланысты. Ал, оған әсер ететін бірден-бір фактор – урбандалу процесі. Тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыру, жайлы кеңістік қалыптастыру, экологиялық таза орта құру, инфрақұрылымды тұрақты жаңғырту, қалаларды жаңа технологиялардың көмегімен басқару – біздің алдымыздағы маңызды міндеттер. Бұл ретте тиімді басқару мен дұрыс жобалаудың нәтижесінде ғана тұрақты даму…
Автор: un_admin
Қазақстанда мектептердің 70%-ға жуығы ауылдық жерлерде орналасқан және көпшілігі шағын жинақты мектептер болып табылады. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту мақсатында 2023 жылдан бастап елімізде «Ауыл мектебі – сапа алаңы» жобасы басталған болатын, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Оның ішінде Ақтөбе облысында «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып шағын жинақты ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту», Алматы облысында «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім беру сапасын арттыру», Маңғыстау облысында «Отпан» тірек мектептерінің желісін дамыту», Ұлытау облысында «Ustaz Ulytau» сияқты өңірлік бастамалар жүзеге асырылуда. 2023 жылы Ақтөбе облысында 12 тірек мектеп пен 134 шағын жинақты мектеп, 2024 жылы Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан…
2025 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарлары санының және мал шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің тұрақты өсуі байқалады, деп хабарлайды Ukimet телеграм арнасы. Атап айтқанда, ірі қара мал басы 23,4%-ға артты, ұсақ мал – 7,8%-ға, жылқы – 12,2%-ға, түйе – 8,5%-ға, құс – 2,2%-ға өсті. Мал шаруашылығының жалпы өнім көлемі 1,2 млрд теңгеден асып, 4,2%-ға өсті. Ет (+3%), сүт (+7,5%) және жұмыртқа (+0,3%) өндірісінің өсуі байқалды. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімді екі есеге көбейту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстанда шаруаларға жеңілдікпен кредит беру бойынша екі бағдарламаны іске қосу жоспарлануда. Олар мал шаруашылығын дамытуды қолдауға және кәсіпорынды айналым…
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мал шаруашылығын дамыту, ветеринариялық бақылауды күшейту және саланы цифрландыру мәселелері қаралды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев баяндама жасады, деп хабарлайды Ukimet телеграм арнасы. Есепті жылы азаматтар мен ұйымдарға осы саладағы мемлекеттік қызметтердің 93 түрі қолжетімді болды, оның 51-і электрондық форматта. Барлығы 5,9 млн қызмет көрсетілді, оның 86%-ы (5,1 млн) онлайн режимінде ұсынылды. Мал шаруашылығында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы жануарлары туралы деректерді өзектендіру және оларды өсіру объектілеріне нөмір беру бойынша қызметтер үлкен сұранысқа ие болды. Ветеринария саласында өнім экспорты үшін паспорттар, анықтамалар мен сертификаттар беруде сұраныста. Өтініштердің…
Бүгін «Өнер орталығында» «Қазақстан Ұлттық Урбан Форумы 2025 – Қызылорда» халықаралық форумының ашылу рәсімі өтті. Халықаралық форумға ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өкілдері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагча, Біріккен Ұлттар Ұйымының UN-Habitat Ұйымы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы өкілдері, еліміздің барлық өңірінен келген облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары қатысты. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев форумға қатысушыларға сәттілік тілеп, аймақта атқарылған ауқымды жұмыстарды атап өтті. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан орнықты урбанизация үрдісімен келе жатыр. Тұрғын саны миллионнан асатын…
Мемлекет басшысының өңірлерді дамыту және инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Диқан ауылдық округінде заманауи кірпіш зауыты іске қосылды, деп хабарлайды өңір әкімдігі. Кәсіпорын өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор әсер етеді. Құрылыс индустриясын дамытуға бағытталған жобаға 2,5 млрд теңге инвестиция тартылған. Зауыт жылына 36 млн дана күйдірілген кірпіш шығара алады. Өндіріс ошағында 3 адам тұрақты жұмыс істейді, ал маусымдық кезеңде жұмысшылар саны 15 адамға дейін көбейеді. Зауыттың құрал-жабдықтары Қытай Халық Республикасынан сатып алынған. Барлық жұмыс автоматты түрде атқарылады. Алдымен топырақ, су және көмір арнайы станокта араластырылады. Кейін қоспа тығыздалып, кірпіштің пішініне келтіріледі. Бұдан соң кірпіштер пешке салынып, 400 градус ыстықта…
Мемлекет басшысының өкімімен Арман Асқарұлы Исетов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды; Ержан Иракұлы Елекеев Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жарлықтарымен Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы, Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды; Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Кувейт Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті…
ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов пен Мархабат Жайымбетов жұмыс сапарымен Шиелі ауданына келді. Сапар барысында олар партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, аудан әкімі Айтбай Жандарбеков, аудандық мәслихат төрағасы Мұрат Тұрабаев және партияның аудандық филиалының төрағасы Болат Сыздықпен бірге аудан аумағындағы бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты. Алдымен делегация «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық автодәлізі бойынан салынып жатқан газ құю бекеті мен сервистік қызмет көрсету кешенінің құрылыс алаңына барды. Аталған жобаны «Эко Энерджи Плюс» ЖШС жүзеге асыруда. Жалпы құны 1,5 млрд теңгені құрайтын кешен іске қосылғанда 27 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде.…
Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік күніне орай Президент Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы бұл айтулы күнді Америка халқының табандылығы мен өршіл рухының, бостандық және демократия қағидаттарына мызғымас беріктігінің символы ретінде атап өтті. – Мен екіжақты кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға ұмтылысымды тағы да растаймын. Сондай-ақ халықтарымыздың игілігі жолында көпжақты ықпалдастықты тереңдетуге әзір екенімді жеткіземін, – деп жазылған жеделхатта. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
