Автор: un_admin

Премьер-министр Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын, оның ішінде Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларын орындау аясында негізгі энергетикалық және ақпараттық-коммуникациялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы Нәби Айтжанов, «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның электр энергиясымен өзін-өзі толық қамтамасыз етуіне қол жеткізу және резервтерді қалыптастыру міндетін қойды. Негізгі энергетикалық жобаларды жүзеге асыру – экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық міндет. Энергожүйенің тұрақты әрі болжамды жұмысы өнеркәсіптік…

Read More

Литвада өткен География пәні бойынша Еуропа олимпиадасында (EGeo) Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Алтын медальді еліміздің қоржынына Талдықорған қаласындағы №24 мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушысы — Дарын Бекбол иеленді. Ол кіші (жасөспірімдер) санатында (12-15 жас) ең үздік атанды. Қола жүлдені Шымкент қаласындағы НЗМ-нің 9-сынып оқушысы — Микаэль Почукаев жеңіп алды. Негізгі (үлкен) жас санатында (16–19 жас) Қазақстан құрамасының қоржынына медаль салғандар: — Қостанай қаласындағы НЗМ 10-сынып оқушысы Андрей Енбахтов; — Талдықорған қаласындағы НЗМ 12-сынып оқушысы Ақжол Болат; — Ақтөбе қаласындағы НЗМ 12-сынып оқушысы Алихан Калмагамбетов; — Павлодар қаласындағы НЗМ 11-сынып оқушысы Мансур…

Read More

Бұл ауқымды статистикалық шара республиканың барлық өңірін қамтып, ауыл шаруашылығының жай-күйі туралы өзекті деректердің маңызды көзіне айналады, деп хабарлайды ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі. Санақ екі кезеңде өтеді және 2025 жылдың 20 қазанына дейін жалғасады: Онлайн кезең – 1-31 тамыз аралығында: өсімдік және мал шаруашылығымен, балық өсірумен айналысатын заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермер қожалықтары, сондай-ақ үй шаруашылықтары қатысуы тиіс. Сауалнама sanaq.gov.kz сайтында өтеді. Офлайн-кезең – 20 қыркүйек-20 қазан аралығында: интервьюерлер онлайн-сауалнамадан өтіп үлгермеген, бау-бақшасы бар немесе мал ұстайтын үйлерді аралайды. Санақта 2 млн жуық үй шаруашылығын және 300 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қамту жоспарланған. Бүкіл ел бойынша…

Read More

Елорда күні мерекесі аясында Астанада «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының жеңімпаздары мен лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді. Іс-шара 8 шілдеде Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Жеңімпаздар мен лауреаттарды марапаттау рәсімі 8 шілде күні сағат 19:00-де басталады. Салтанатты шара аясында концерттік бағдарлама қойылады. Биыл елордада тұратын 19 үздік отбасыға құрмет көрсетіліп, бағалы сыйлықтар табысталады. «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының қорытынды марапаттау рәсіміне дайындық аясында елордада қалалық және аудандық комиссиялардың отырыстары өтті. Сол отырыстарда ең белсенді және үлгілі отбасылар іріктелді. Нәтижесінде Астананың жеңімпаздары, елорданың алты ауданының үздік отбасылары және түрлі аталымдар бойынша 12 лауреат…

Read More

ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов пен Мархабат Жайымбетов Шиелі аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қоғамдық қабылдауға партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, аудан әкімі Айтбай Жандарбеков қатысты. Қабылдау барысында 6 азамат өз өтініштері мен ұсыныстарын білдірді. Олар – кент орталығындағы көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, абаттандыру шараларын күшейту, Байсын ауылына инфрақұрылым тарту, сондай-ақ аудан орталығындағы спорт кешенінің шатырына күрделі жөндеу жүргізу мәселелерін көтерді. Фракция мүшелері әрбір азаматтың өтінішін жеке бақылауына алатындығын және тиісті сала мамандарына жолдап, заң аясында шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді. Қоғамдық қабылдау – халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, билік…

Read More

Ұлттық Травматология және ортопедия ғылыми орталығында 8 жылдан астам уақыт бойы Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп жасушалық технологияларды енгізу бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда оларды қолдану бойынша бірқатар ғылыми бағдарлама мен гранттық зерттеу орындалды. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында мекеме директоры Олжас Бекарысов бұл жұмыстың нәтижелері туралы толығырақ айтып берді. Технологиялардың бірі шеміршек тінінде ақаулар мен зақымдану болған кезде қолданылады. «Біз адамнан май тінін алып, содан мезенхималық тін жасушаларын аламыз. Ұлттық биотехнология орталығы олардан дайын шеміршек жасушаларын өсіреді. Науқасқа операция жасағанда қолымызда аутограф болады және оны шеміршек тінінің зақымдануының орнына имплантациялауға болады. Бұл технология қауіпсіз және зақымдалған шеміршек…

Read More

Қытайдың орталық және оңтүстік өңірлерінде болған су тасқыны салдарынан кемінде тоғыз адам қаза тауып, он мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Табиғи апат ең қатты әсер еткен аймақтар — Хэнань, Хубэй және Гуйчжоу провинциялары. Бұл өңірлерде өзендер арнасынан асып, көшелер мен үйлерді, сауда орындарын су басты. Кейбір жерлерде су бөгеттерді бұзып, инфрақұрылымға едәуір залал келтірген. Қазіргі таңда сегіз адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Құтқару қызметтері іздестіру және эвакуациялық жұмыстарды жалғастырып жатыр. Сарапшылар биылғы су тасқынын соңғы жылдардағы ең ауқымды апаттардың бірі ретінде бағалап отыр. Мамандар урбанизация қарқынының жоғары болуы табиғи апат салдарын ауырлатып отырғанын алға тартқан.

Read More

«Шымкент – Самара» тас жолында полицейлер Land Rover көлігін тоқтатып, жолаушылардың бірінен 400-ден астам дозаға тең синтетикалық есірткі тәркіледі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсы хабарлады. Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген рейд кезінде Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Тексеру барысында оның жанынан есірткіге ұқсас зат салынған 30 түйіншек табылған. Жедел сараптама олардың синтетикалық есірткі екенін көрсетті. Сарапшылардың мәліметінше, тәркіленген заттың салмағы 400-ден астам бір реттік дозаға сәйкес келеді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың есірткіні қайдан алғаны және оны қайда жеткізбек болғаны анықталып отыр. Абзал МАҚАШ

Read More

Жапонияның оңтүстік-батысындағы Токара аралдарында сәрсенбі күні қатарынан бірнеше күшті жер сілкінісі тіркелген. Бұл өңірде соңғы екі аптаға жуық уақыт бойы қайталанатын жер асты дүмпулері жалғасып келеді. Жапонияның Метеорология агенттігінің дерегінше, сағат 15:26-да болған 5,5 магнитудалы жер сілкінісі Кагосима префектурасына қарасты Кодакара аралында жапондық 7 балдық сейсмикалық шкала бойынша 5 балл деңгейінде тіркелген. Цунами қаупі туралы ескерту жарияланған жоқ. Бұл дүмпу таңғы 4:32-де сол өңірде болған 5,1 магнитудалы жер сілкінісінен кейін тіркеліп отыр. Ол 16 шақырым тереңдікте болған. Ал 5,5 магнитудалы кейінгі сілкініс 10 шақырым тереңдікте болған. Сонымен қатар, Акусэки аралында таңертеңгі дүмпу 5 балдан төмен деңгейде сезілген. Агенттіктің мәліметінше, дүйсенбі…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиында ішкі және сыртқы көші-қон саласындағы негізгі үрдістер қарастырылып, Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың, сондай-ақ Ішкі істер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлерінің ақпараты тыңдалды. Мемлекет басшысы көші-қон саясатын іске асыруда геосаяси факторлар мен сын-қатерлерді, демографиялық болжамдарды және халықтың көшу себептерін есепке алудың маңызына тоқталды. Президент заңсыз көші-қонды болдырмау бойынша бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ елдің адами капиталын арттыруды ынталандыру қажеттігіне назар аударды. Отырыс қорытындысына сәйкес Үкіметке бірқатар нақты тапсырма берілді, соның ішінде мемлекеттік органдардың функционалдық міндеттеріне сараптама жасау мен қайта қарау және көші-қон саласындағы барлық ақпараттық жүйені…

Read More