Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ БІРҚАТАР АУЫЛДАРЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНУДА
Аймақ жаңалықтары

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ БІРҚАТАР АУЫЛДАРЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНУДА

21.08.2025374 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы өңірлерде ерекше қарқын алып келеді. Соның айқын дәлелі – Жалағаш ауданында атқарылып жатқан ауқымды істер.

Бүгінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін бірқатар нысандардың құрылысы жүргізіліп, ауылдардың келбеті жаңаша сипат алуда.
Бұқаралық спорт пен жастарға қолдау
Аудан орталығында бұқаралық спортты дамытуға айрықша көңіл бөлінуде. Қазақстан футбол федерациясымен жасалған меморандум аясында Жалағаш кентіндегі орталық стадион УЕФА-ның «Alan» жобасы негізінде демеушілер есебінен қайта жаңғыртылуда.
Стадион жасыл алаңына төсеніштер Еуропадан арнайы жеткізіліп, орналастыру жұмыстарын тәжірибелі мамандар атқарады. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Сонымен қатар, биыл аудан орталығында денешынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға беріліп, жергілікті тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасалды. Мұндай игі бастамалар тек спортшыларды ғана емес, барша жас ұрпақты ынталандырары сөзсіз.
Жолдар мен инфрақұрылым
Аудан халқы үшін ең өзекті мәселелердің бірі – жол сапасы. Осы бағытта да жүйелі жұмыстар қолға алынуда.
Жалағаш кентіндегі бірнеше көшеге күрделі жөндеу жүргізіліп, тұрғындар үшін ыңғайлы жағдай жасалуда. Елді мекендердің кіреберіс жолдары абаттандырылып, қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында көше бойларына бейнебақылау камералары орнатылды.
Таң ауылындағы жаңа серпін
Ауылдардың дамуына да ерекше назар аударылып отыр.
Мәселен, Жалағаш ауданының Таң ауылында өндірістік базалардың құрылысы жүргізілуде. Жоба іске қосылған соң күріш қалдықтарынан ұн, мақсары майы және макарон өнімдері шығарылып, жергілікті экономикаға тың серпін бермек. Бұл бір жағынан жаңа жұмыс орындарын ашып, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға жол ашады.
Сонымен қатар, Таң ауылына кіреберіс аумағында жүргізіліп жатқан
2 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы бүгінде аяқталуға жақын.
Тұрғын үйлердің құрылысы өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған.
Бұдан бөлек, ауыл орталығынан Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай боздақтарға арналған «Ер есімі – ел есінде» монументі ашылды. Бұл — болашақ ұрпаққа тағылым беретін, ел тарихының мәңгілік ескерткіші.
Сондай-ақ балалар үшін ойын және спорт алаңы ашылып, ауылдың ажары арта түсті.
Еңбек ауылындағы игі істер
Еңбек ауылдық округінде де бірқатар жұмыстар жүзеге асырылуда. Мұнда ауылға кіреберіс арка салынып, мемлекеттік рәміздер алаңы, автотұрақ пен жаяу жүргіншілер жолы салынды. Балаларға арналған жаңа ойын алаңы ашылып, ауыл келбетіне серпін берді. Бұл жобалар ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырумен қатар, елді мекеннің мәдени бейнесін жаңартуға бағытталған.
Бұдан бөлек, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында ауданның барлық елді мекендерінде санитарлық тазарту, көркейту-көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Жыл басынан бері аудан көлемінде 100-ге жуық сенбіліктер ұйымдастырып, барлығы 1300 тоннаға жуық қатты қалдықтар белгіленген орындарға арнайы техникалар арқылы жеткізілді.
Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында аудан көлемінде «Таза қала», «Болашақты бірге отырғызамыз», «Өз ағашыңды отырғыз» және «Мөлдір бұлақ» санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру апталықтары өткізіліп, барлығы апта сайын 3000 ға жуық адам,
27 арнайы техникалар қатыстырылды. 2789 тонна қатты қалдықтар полигонға жеткізілді.
Жалағаш ауданының елді мекендерін көгалдандыру және жасыл аймақ құру туралы жоспарына сәйкес биылғы жылы ауданда 23 800 түп ағаш отырғызылды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«ДОНОР БОЛ!» атты қайырымдылық акциясы өтті

22.08.2025346 Views

Шымкентте «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды тазалық жұмыстары өтті

20.08.2025419 Views

Қонаевта ауқымды газдандыру жобасы жүзеге асырылып жатыр

20.08.2025482 Views
Соңғы жаңалықтар

«ДОНОР БОЛ!» атты қайырымдылық акциясы өтті

22.08.2025

Жамбыл облысында өңірлік мемлекеттік табиғи парк құрылды

21.08.2025

138 мың қазақстандық оқушы оқу жылын жаңартылған мектептерде бастайды

21.08.2025

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНЫҢ БІРҚАТАР АУЫЛДАРЫНДА АБАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНУДА

21.08.2025

Трамп: Зеленский мен Путин кездесуге келісіп алды

20.08.2025

Берденовқа оқ атқан Ернар Жиембайға үкім шықты

20.08.2025

Мемлекет басшысы бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша жиын өткізді

20.08.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.