Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ШАЙМЕРДЕН БӘКІРОВ КӨШЕСІ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНДІ
Аймақ жаңалықтары

ШАЙМЕРДЕН БӘКІРОВ КӨШЕСІ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНДІ

05.11.2026792 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Шиелі кентінің теріскей бетіндегі, халық арасында «Шанхай» аталып кеткен аумақта орналасқан Шаймерден Бәкіров көшесі толықтай жаңғыртудан өтіп, жаңа кейіпке енді. Кенттің көркін арттырып, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асқан жұмыстар нәтижесінде көше инфрақұрылымы заман талабына сай жаңартылды.
Атап айтқанда, көше бойына екі қабатты асфальт жабындысы төселіп, заманауи үлгідегі аялдамалар орнатылды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер жолдары абаттандырылып, түнгі жарықтандыру шамдары қойылды. Бұдан бөлек, көлік қозғалысын реттеп, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында айналма жол бөлігі салынды. Нәтижесінде көше күндіз де, түнде де ерекше ажарланып, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптасты.
Айта кетейік, Шиелі кентіндегі жол инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жұмыстар мұнымен шектелмейді. Бұған дейін Қожа Ахмет Ясауи көшесі де қайта жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілген болатын. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде аталған көшеде төрт жолақты жол бөлігі қалыптастырылып, көлік қозғалысының қолайлылығы артты.
Шаймерден Бәкіров және Қожа Ахмет Ясауи көшелеріндегі құрылыс жұмыстарын «УАД» ЖШС жүзеге асырды.
Жалпы, мұндай игілікті істердің басты мақсаты – ауданымыздың инфрақұрылымын дамыту, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және кенттің сәулеттік келбетін көркейту.
Жаңарған жолдар мен абаттандырылған көшелер – Шиелі өңірінің дамуының айқын көрінісі. Шиелінің ажарын ашып, тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Возможно, это изображение дорога, трава и горизонт
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Трамптың партиясы Конгресс сайлауында жеңіліп жатыр

05.11.2026882 Views

Ақтөбеде студентті төртінші қабаттан дүкенге жұмсаған: 16 жастағы жасөспірім қаза тапты

05.11.2026639 Views

2033 жылға дейін Қазақстанда тағы 10 жолбарысты табиғатқа жіберу жоспарланып отыр

05.11.2026552 Views
Соңғы жаңалықтар

ШАЙМЕРДЕН БӘКІРОВ КӨШЕСІ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНДІ

05.11.2026

Трамптың партиясы Конгресс сайлауында жеңіліп жатыр

05.11.2026

Ақтөбеде студентті төртінші қабаттан дүкенге жұмсаған: 16 жастағы жасөспірім қаза тапты

05.11.2026

2033 жылға дейін Қазақстанда тағы 10 жолбарысты табиғатқа жіберу жоспарланып отыр

05.11.2026

Қазақстанның мұнай қоры 45 жылдан астам уақытқа жетуі мүмкін

05.11.2026

Бауыржан Момышұлының бұрын жарияланбаған сирек суреті табылды

05.11.2026

Әбу-Дәбидегі келіссөз: Украина шекарасы қайта сызыла ма?

05.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.