Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Импортқа тәуелділік азайса игі
Жаңалықтар

Импортқа тәуелділік азайса игі

03.10.2025644 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Мемлекет басшысы Жолдауда экономиканың ең өзекті мәселелерін қозғады, оның ішінде ауыл шаруашылығы мәселесіне де айрықша тоқталды. Президенттің айтуынша, қазіргі ең өзекті міндеттің бірі – агрохабтар және логистика орталықтарын дамыту. Ол үшін шетел инвесторларымен серіктестікті нығайту керек. Сонымен қатар министрліктің мал шаруашылығы саласындағы агробизнесті қолдау жоспарын әзірлеп, нақты қаржы­лан­дыру шараларын бастауы да маңызды.

«Елдегі азық-түлік нарығының им­порт­қа тәуел­ділігін барынша азайту – Үкімет­тің страте­гиялық міндеті. Әрине, өзімізді өзіміз жүз пайыз қамтамасыз етуі­міз мүмкін емес, бәлкім, оның қажеті де жоқ шығар. Бірақ нарықтағы қазіргі жағ­дайды айтудың өзі ұят. Бұған қоса дәс­­түрлі ұлттық өнімдерімізді сыртқы на­рық­­қа белсенді түрде таныту керек. Сон­­­дық­тан аграрлық экспорттың нақты жос­па­рын әзірлеу қажет. Онда логистика, ве­те­­ри­нарлық және фитосанитарлық стан­дарт­тар мен ұтымды маркетинг стратегиясы ескерілуге тиіс», деді Мемлекет басшысы.

Кейінгі 6 жылда агроөнеркәсіп кешенін (АӨК) субсидиялауға 2,5 трлн теңге бөлініп, ауыл шаруа­шылығының жалпы өнім көлемі 1,8 есе өсіп, 2025 жылдың басына қарай 8,3 трлн теңгеге жеткен. Бірақ ІЖӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесі төмен. Кейінгі жылдары импорт үлесі тым артып кетті. Аграрлық сарап­шылардың айтуынша, әсіресе, ет, құс импортына деген тәуелділік өте жоғары. Бұл ахуал елдің азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төн­діреді. Кәсіпкер Максим Бары­шевтың айтуынша, ішкі нарықта Беларусь тауарларының үстемдігі байқалады.

«Ресей, Беларусь, Қыр­ғызстан елдерінде біздің тауарлар­ды өткізетін, саудалайтын дүкендер желісі жоқ. Ал біздің елде Бело­русияның бірнеше өнім желісі бар. Демек ол елдің кәсіпкерлері 4-6 мың шақырымға қарамастан, өнімдерін бізде өткізудің жолын тапқан. Жол шығындарына қарамастан, сыртқы нарықта бәсекелесуге ішкі қоры да, эко­но­микалық ресурсы да жетеді. Отандық өнімдерді қолдауды Салық кодексі арқылы заңдас­тырмасақ, күні ертең нан-сүті­мізді де Қырғызстан мен Беларусь­тен алдыратын боламыз. Бұл тек салалық банк арқылы ғана шешімін табады», дейді.

Жалпы, осы Агробанк құру мәселесі бірнеше рет көтері­л­ді. Пар­ламенттегі кейбір депу­тат­тардың табандылығының ар­қа­­сында Үкіметтің көзқарасы дұрыс­­талып, жағдай өзгере бас­­­та­­ған сыңайлы. Қазір Ауыл шаруа­шылығы министрлігі мүд­делі мемлекеттік органдармен Агробанк құру мәселесін пысық­тап жатқан көрінеді. Бүгінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін ең қажетті ресурс – арзан әрі ұзақ­мерзімді несие. Шаруа­лар­дың кепілдікке қоятын заңдас­тырылған мүлкі бар. Енді арзан, ұзақ мерзімге несие беретін банк жүйесі керек.

Экономист Қуаныш Айтаха­новтың айтуынша, салалық банк­тердің мүмкіндігін экономиканың түрлі сегментіне бағыттайтын кез келді.

«Қаншама жыл бойы қара­жаттың ауыл қазынасына қан­ша­лықты түгел құйылғанын, қаншасының желге ұшқанын ешкім ашып айта алмайды. Оны түгендеуге құлықтылар да аз. Жа­қында ауылды дамытуға 1 трлн теңге бөлінгенін айттық. Бүгін бөлінген, ертең бөлінетін қаржыны Агробанк арқылы бағыттасақ, қаржының қайтарым көзі де нақтыланып, ауыл бизнесі әртараптандырылады», дейді.

Сарапшы Бейсенбек Зиябе­ков­тің сөзінше, бізбен бір эко­номикалық одақтағы Ресей мен Бе­лорусияда сырт елдерде өз өнім­дерін саудалайтын ком­па­ния­лардың логистикалық шығын­дарына өтемақы беру, сауда желі­ле­рін ашуға жеңілдік беру мәселе­сі қарастырылған. Олардың қыр асып келсе де біздің отандық өнім­дер­мен иық тіресіп тұру себебі осы.

«Мысалы, «Ресей ауыл ша­руа­шылығы банкі» 100 пайыз мемлекеттің иелігінде. Бұл банк сақтандыру, ауылдағы мүлікті басқару, ауыл шаруашылығы техникасын арзан лизингке беру мәселелерімен айналысады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша агросекторды қолдауға 1,7 трлн рубль бөлді. Бұл қаржы біздегі квазисектордағы қаржы институттары сияқты «шашылып» берілмей, бір көзден берілді. Бізде ауыл шаруашылығына қатысты кейбір мәселе бірнеше министрліктің арасында ше­шіледі. Олардың қысқа мер­зімде шешімін табуы тап сол шенеу­ніктердің құзыретіне тәуелді», дейді Б.Зиябеков.

Жақында Қостанайда құрғақ порт құрылысының басталатыны туралы жаңалық тарады. Аталған транспорттық-логистикалық ке­шенге «Тобыл» деген атау беріл­мек. Аумағы 133 гектар, инвес­тициялық құны 64 млрд теңге болатын кешен 2027 жылы пайда­лануға беріліп, жылына 11 млн тоннадан астам жүкті өңдейді. Жалпы, елімізде 2 ірі хаб бар, бірі – Ақтау теңіз порты, екіншісі – Алтынкөл құрғақ порты.

Гүлбаршын Айтжанбайқызы
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026725 Views

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026328 Views

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026792 Views
Соңғы жаңалықтар

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.