Автор: un_admin

Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай даңқты батыр Әлмұқан Сембиновке арналған «Тағдыры тарихқа айналған…» кітабының тұсаукесері өтті. Сол сияқты «Ерлік дастаны» атты тарихи-деректі көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Іс-шараны Астана қаласының Мемлекеттік архиві Президент орталығымен бірлесіп өткізді. Әлмұқан Сембиновке арналып шығарылған кітап төрт бөлімнен тұрады. Алғашқысы – «Сембинов сөйлейді». Мұнда соғыстан келген батырдың қызмет атқаруындағы жазған мақалалары топтастырылған. Өзінің қолжазбасы мен газет бетіне шыққан материалдары орналасты. Екінші бөлімі – «Суреттер сыр шертеді». Бала күнінен бастап, оның жүрген жолы суреттер арқылы берілген. Үшінші бөлім – «Сарғайған сары парақтар». Ә. Сембиновтың майдан даласы мен елдің өсіп-өркендеуіне қосқан…

Read More

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі құрылыста жұмыстың барлық кезеңдерін: жоспарлау, жобалау және объектіні салу процесін бақылауды қамтитын бірыңғай портал құрып жатыр, деп хабарлайды Primeminister.kz. Бірыңғай терезе қағидаты бойынша Порталда қажетті қызметтерді алу кезінде салалық жүйелерге жіксіз көшу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. «Қазіргі уақытта жүйе 89 қаланың қалалық жобаларын және инженерлік инфрақұрылымның 92,4%-ын қамтиды. Қала құрылысы қызметінің ашықтығын, қала жобаларын әзірлеу мен іске асырудың сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында министрлік нысанның бірегей нөмірін енгізуді пысықтады. Бұл біріздендіру құжаттардың бастамадан бастап пайдалануға енгізілгенге дейінгі нысаналы мақсатқа сәйкестігін түпкілікті тексеруді қамтамасыз етеді», — деді вице-министр Қуандық Қажкенов Үкімет отырысында. Сондай-ақ, құрылыс мониторингі шеңберінде министрлік жасанды интеллекті пайдалана…

Read More

Бүгінгі таңда Қазақстанның ұлттық павильонын халықаралық сауда платформаларына шығару бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Осыған байланысты QazTrade компаниясы шикізаттық емес секторды дамытуға, сондай-ақ тауарларды экспортқа шығаруға жауапты. Компанияның қаржылық емес қолдау құралдарын дамыту туралы ОКҚ алаңында «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ бас директоры Айтмұхамед Алдажаров айтып берді. Спикер қазір әлемде экспорт бойынша болып жатқан ірі үрдістерге тоқталды. Компанияның бас директоры атап өткендей, бұл – ең алдымен, цифрлық платформаларға көшу. «Қазақстандық компанияларды халықаралық электрондық платформаларға шығару – компанияның басты бағыты. Бүгінгі таңда біз қазақстандық тауарларды JD.com, Douyin, Europages, Alibaba.com. сынды ірі маркетплейстердің ұлттық павильондарында ұсынамыз. Бұл алаңдар бізге цифрлық шешімдерді пайдалана отырып,…

Read More

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның шикізаттық емес тауар айналымы 84,6 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2023 жылғы деңгейден 2,8%-ға жоғары. Бұл ретте 2024 жылы отандық шикізаттық емес тауарлардың экспорты 11,9%-ға өсіп, 28,8 млрд АҚШ долларын құрады. Ал, 2025 жылдың 2 айының қорытындысы бойынша тауар айналымы 11,2 млрд АҚШ доллар болды. Оның ішінде шикізаттық емес экспорттың үлесі 3,6 млрд АҚШ долларға тең. Бұл туралы ҚР СИМ Экспортты ілгерілету департаментінің директоры Бауыржан Болғанисов ОКҚ баспасөз мәслихатында хабарлады. Оның айтуынша, жалпы экспорт құрылымында шикізаттық емес экспорттың үлесі 35%-ға жетті. Мәселен, былтыр және биылдың алғашқы екі айында Қазақстан қайта өңдеу, машина жасау, химия өнеркәсібі…

Read More

Биыл еліміздің көлік инфрақұрылымының маңызды бағыттарын қамтитын ауқымды жол-құрылыс маусымы басталады. Жол саласын жаңғырту мақсатында 8800 шақырым автомобиль жолдарында түрлі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашевтың ОКҚ алаңында хабарлауынша, оның ішінде 2100 шақырымда құрылыс және қайта жаңарту жұмыстары, 460 шақырымда күрделі жөндеу жұмыстары 6300 шақырымда орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Бұл жұмыстарды орындауға шамамен 10 мың бірлік жол-құрылыс техникасы, 27 асфальтбетон зауыты және 25 мың маман жұмылдырылады. Жобаларды іске асыру барысында 9,4 млн тонна асфальтбетон қоспасы, 12 мон текше метр қиыршық тас және 500 мың тонна битум қолдану көзделген. «Барлық жобаны жүзеге асыру үшін шамамен 781 млрд…

Read More

Оның айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттік шекара бойында 52 өткізу пункті жұмыс істейді. Еуразия экономикалық қауымдастығы елдері арасында 38 пункт, сыртқы шекарада 14 пункт бар. Биыл Бесағаш, Қарасу, Сырым, Әлімбет, Жаңа Жол және Қосақ өткізу пунктерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жоспарланған. Қаржыландыру көлемі 51 млрд теңгені құрайды. Жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын дамыту мәселесі де назардан тыс қалмайды. «Республикалық маңызы бар автожолдар желісінде 1500-ға жуық жол бойындағы қызмет көрсету нысандары орналасқан. 2025 жылы жеке инвестициялар есебінен қосымша 36 жаңа нысан ашу жоспарлануда. Оның ішінде: 22 жанармай құю станциясы және 14 кафе. Жол пайдаланушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында туристік нысандарға апаратын бағыттарға 37 жаңа…

Read More

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Social project management» орталығы» қоғамдық қоры “Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеудегі мәселелерді шешуге бағытталған жобаны” қолға алып отыр. Жоба барысында “Кеңес беру қызметі” құрылып, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарды жұмысқа орналастыру, тұрғын үй сұрақтарын шешу, тіркеу, әлеуметтік оңалту, емдеу, білім алу және қысқа мерзімді кәсіби курстардан өту мәселері бойынша кеңес беру көмегі көрсетіледі. Кеңес алу үшін: 8 727 978 49 63 немесе 8 (707) 760-76-02 номеріне хабарласыңыз. Cоздана специальная «консультационная служба» При поддержке Управление общественного развития города Алматы, Общественный фонд «Центр «Social project management» реализует “Проект, направленный на решение проблем…

Read More

Алматы облысы ауқымды инвестициялық жобаның алаңына айналуы мүмкін: әлемдегі қант индустриясының көшбасшыларының бірі — Біріккен Араб Әмірліктерінің Al Khaleej Sugar компаниясы Қонаев қаласына жақын жерде қант зауытын салу мүмкіндігін қарастыруда, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен компанияның басқарушы директоры шейх Джамаль Әл Ғурайр арасындағы кездесуде жер учаскесін таңдау, қант қызылшасына арналған егіс алқаптарын ұйымдастыру, су ресурстарына қол жеткізу және зауытты энергиямен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Жобаны жүзеге асыруға қолайлы орын ретінде логистика тұрғысынан ыңғайлы Қонаев қаласына жақын орналасқан аумақ  таңдалып отыр. «Біз қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, толықтай автономды кәсіпорын құрмақпыз. Бұл қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуға…

Read More

Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылында жаңа музыкалық өнер мектебінің құрылысын бастау шеңберінде уақыт капсуласын салу рәсімі өтті. Аталған мектептің құрылысы – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қайтарылған капиталды халық игілігі үшін тиімді пайдалану аясында Үкіметпен мақұлданған алғашқы әлеуметтік жобалардың бірі, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы. Ауылда 1974 жылы салынған музыкалық мектеп жұмыс істеп келген. Қазіргі таңда ол апатты жағдайда және жөндеуге келмейді. Құны 890 млн теңге тұратын 300 оқушыға арналған жаңа мектеп көрші ауылдардың оқушыларын да қабылдай алады. Бүгінге мемлекет пайдасына жалпы сомасы шамамен 610 млрд теңге көлемінде активтер қайтарылды, оның ішінде 506 млрд теңге – ақшалай қаражат, 103 млрд теңге – мүлік. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет арнайы мемлекеттік қордан білім…

Read More

Премьер-министр Олжас Бектенов АҚШ, Еуропалық Одақ пен Канада елшіліктерінің, Америка Сауда палатасы басшылығының, сондай-ақ Johnson&Johnson, Pfizer, AstraZeneca, Kazanada LLP, La Roche сияқты және басқа да халықаралық компаниялардың өңірлік директорларының қатысуымен денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері бойынша Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында ұлт денсаулығын нығайту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Аталған міндеттің маңыздылығын ескере отырып, Үкімет денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бойынша барлық шараны қабылдауда. Біз инвестиция көлемін арттыруды, өндірісті локализациялауға, инвесторлардың қатысуымен жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құруға ниеттіміз. Кеңес аясындағы белсенді өзара іс-қимыл мен пікір алмасу…

Read More