ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысымен танысты. Оның аясында Сыр өңірінде 6 900 орындық 10 мектептің құрылысы басталып, бүгінде 5-уі оқушылар мен ұстаздардың игілігіне табысталды. Биыл тағы 5 «Жайлы мектептің» құрылысы аяқталып, қолданысқа беріледі. «Жайлы мектептерде» бастауыш және жоғары сыныптар бөлек блоктарда оқиды. Мобильді трансформер парталармен, әмбебап акт залымен, қауіпсіздік жүйесі, оқу-зертханалық құрылғылар және жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз етілген. Айта кетейік, өткен жылы аймақта 6 мектеп, 5 мектепке қосымша ғимарат пайдалануға берілді. Осылайша Арал ауданы Тоқабай ауылындағы №248, Шиелі кентіндегі №252 және Жансейіт ауылындағы №133 апатты мектептердің мәселесі…
Автор: un_admin
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «Тәуелсіздікке – 25 жыл» даңғылын қайта жаңғырту барысын көрді. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өткен жылдан бері Бейбарыс сұлтан көшесінен Әбілқайыр хан көшесіне дейінгі Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеті нығайтылып, аталған даңғылдың 6,7 шақырымы қайта жаңғыртыла бастағанын айтты. Мердігер мекеме «Уад» ЖШС бұған дейін 1,2 шақырым кеңейтілетін аумаққа асфальт төседі. Сонымен қатар, Сырдария өзенінің қорғаныс бөгеті тазаланып, 2,6 шақырымға жуық дамба нығайтылды және 1,2 шақырым тіреу қабырғасы тұрғызылды. Бүгінде қосымша жер телімдерін сатып алу қажеттілігі туындап, зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Еске салайық, өткен жылы аймақтың жол инфрақұрылымын дамытуға 44 млрд. 703 млн. теңге бөлініп, 300 шақырымнан астам…
Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жаңа жылу-электр орталығының құрылыс барысымен және шыны зауытының жұмысымен танысты. Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауының арқасында бүгінде өңірдің энергетика саласының даму қарқыны жоғары. Қызылорда қаласында 215 млрд. теңгеге қуаттылығы 240 мегаваттық жаңа жылу-электр орталығы бой көтеріп келеді. Бүгінде инвестор «Акса Энерджи» түрік компаниясы құрылысқа 127 млрд. теңгеден астам инвестиция салды. Жаңа жылу-электр орталығы – тәуелсіздік жылдарындағы инвестор қаржысына салынған ең ауқымды, теңдессіз жобалардың бірі. Ол іске қосылғанда өңірдің электр энергиясына деген қажеттілігін толық қамтамасыз етеді. Өндірілген электр энергиясының бір бөлігін аймақтан тыс жерлерге сатуға мүмкіндік туады. Өңір үшін айрықша маңызға…
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қызылорда қаласының «Өндіріс» индустриялық аймағында қарқынды салынып жатқан заманауи кірпіш зауытының жұмыс барысымен танысты. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев құрылысын «Қызылорда Саз М» ЖШС жүргізіп жатқан кірпіш зауытын орналастыруға өңірлік үйлестіру кеңесінің шешімімен 7 гектар жер телімі берілгенін айтты. Іске қосылған соң мұнда жылына 90 млн дана кірпіш шығарылады. Зауыттың іргетасы толық құйылып, металл конструкцияларының 60%-ы орнатылған. Құрылыс алаңында 50 жұмысшы, 11 техника еңбек етуде. Қажетті қондырғылар Қытайдан жеткізілген. Айналмалы пешті, шикізат дайындайтын қондырғыны, экструдерді, кірпіш кесіп оны жинайтын құрылғыларды монтаждау жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, әкімшілік-тұрмыстық ғимарат та салынады. Бұл кірпіш зауытының артықшылығы – өндіріс…
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Сыр еліне жұмыс сапары аясында шағын өнеркәсіп аймақтарына барып, жаңа жобалар мен өндіріс алаңдарын көрді. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев алдымен «Жолаушылар вагондарын жөндеу, техникалық қызмет көрсету кешені және вагон құрастыру зауытының» жобасымен таныстырды. Инвестициялық жобаның құрылтайшысы «Марал-Нұр» ЖШС директоры Мұрат Нұрсаитовтың айтуынша, 15,4 млрд теңге инвестиция салынатын жоба 2 кезеңде жүзеге асады. Бірінші кезеңде жылына 560 жолаушылар вагонын ағымдағы жөндеу, 180 вагон депо жөндеу кешені жоспарланған. Құрылыс 100% аяқталды, қазір ішкі әрлеу жұмыстары қарқын алды. Ресейден 60 жабдық жеткізіліп, монтаждалуда. Серіктестік бұған шамамен 3,2 млрд теңге жеке инвестиция салды. Одан бөлек, жобаны «Даму» кәсіпкерлікті…
Мемлекеттік емдеу мекемелерінде білікті дәрігерлердің жеткіліксіздігінен ақылы емдеу мекемелерінің табалдырығын тоздырып жүрген халықтың қарасы көп. Бар тапқан-таянғанын жаны мен тән саулығы үшін, міндетті медициналық сақтандыруға жалақысынан жырмалап ай сайын жарна төлеп тұрса да, ақылы медицинаға жүгінуге мәжбүр. Басқа амалы да жоқ. Түйткілді мәселе көптен бері талай мінберден көтерілгенімен, тоң болып қатқан мәселе жіби қойған жоқ. Керісінше, жыл санап қалыпты әрі үйреншікті жағдайға айналып бара жатқандай көрінеді… Елорданың тап іргесінде орналасып, «астаналық» облыс аталғанымен, Ақмола облысында да ақ халатты абзал жандар аса тапшы. Жергілікті әкімқаралармен кадрдың жеткіліксіздігін шешуге бағытталған ұмтылыстар болғанымен, «баяғы жартас сол жартас» күйі қалған. Жергілікті бюджет қоржынынан болашақ…
«Қазгидромет» синоптиктері 14-16 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады . Мамандардың айтуынша алдағы күндері елімізде ауа райы құбылмалы болады. Солтүстік және орталық өңірлерде (Астана, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды) күн райы аяз әрі бұлтты болып, кей жерлерде қар жауады. Күндіз температура -6°C болса, түнде -10°C-қа дейін төмендейді. Ал оңтүстікте (Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда) ауа райы жылынып, ауа температурасы күндіз +3…+8°C дейін жетеді. Алайда кей жерлерде жаңбыр мен қар аралас жауын жаууы мүмкін. Батыста (Ақтөбе, Атырау, Орал, Ақтау) жел күшейіп, кей жерлерде қар, жауын жауады. Температура +1…+5°C аралығында болады. Елдің шығыс бөлігінде (Өскемен, Семей) аяз күтілуде, сондай-ақ қар жауады деп…
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында Қазақстан 4 алтын алды. Хоккейден еліміздің ерлер құрамасы финалда Жапонияны айқын басымдықпен 5-0 есебімен жеңді. Шайба авторлары: Андрей Буяльский (17 минут, 34 секунд) Дмитрий Бреус (21:02) Роман Старченко (37:59) Кирилл Панюков (42:24) Кирилл Панюков (44:23) Роман Старченко мен Кирилл Панюков Харбиндегі бәсекенің үздік мергені атанды (9 шайбадан). Олег Болякин шәкірттері IX қысқы ойында барлық матчта жеңіске жетті. Топтық кезеңде Қытай (6-1), Жапония, Қытайдың Тайпейі мен Оңтүстік Корея командасын, ширек финалда Қытайдың Гонконгын, жартылай финалда Қытайды тағы тізе бүктірді. Айта кетейік, ерлер арасында қола медаль Оңтүстік Кореяға бұйырды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Тамара Дүйсенова 2023 жылдан бері Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары болды. Мамандығы инженер-экономист, экономика ғылымдарының кандидаты. Тамара Босымбекқызы бұрын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі қызметтерінде болған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің жаңа ғимаратына барды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай архив Алматыдан Астанаға көшірілген болатын, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл ел тарихына қатысты құжаттар сақталатын орын ғана емес, білім және ғылыми-әдістемелік кешен ретінде қызмет көрсететін Орталық Азиядағы алғашқы архив болмақ. Арнаулы ғимаратта мұрағат қоймасы, зертханалар, интерактивті экспозиция және оқырман залдары, жұмыс бөлмелері мен әкімшілік аумақ орналасқан. Мұндағы 24 мұрағат қоймасы қағаз жүзіндегі құжаттарды, дыбыстық-бейнелік жазбаларды сақтауға, сондай-ақ шағын таспалардағы және электрондық құжаттарды сақтандыру қорын орналастыруға арналған. Президент Архивінде Қазақстанның 1918 жылдан бергі саяси тарихына қатысты құжаттардың мол қоры жинақталған. Атап айтқанда, қорда еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде…