Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»АУДАН ӘКІМІ АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Аймақ жаңалықтары

АУДАН ӘКІМІ АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

04.10.2025863 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов бар ғұмырын ұрпақ тәрбиелеу ісіне арнап, ұстаздық жолда қажырлы еңбек еткен ардагер ұстаздармен кездесті. Руханият орталығында өткен басқосуда аудан басшысы ардагер ұстаздар қауымына ұлағатты ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектері үшін алғысын білдіріп, мерекемен құттықтады.
Бүгінгі күн – еліміздің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан, жүрегінде ел мен жерге деген адалдықтың оты мәңгі сөнбеген қазыналы қарттарымыз бен шәкірт жүрегіне білім нәрін сепкен ұстаздарымыздың мерейлі мерекесі. «Қариясы бар елдің қазынасы бар», «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» дейді дана халқымыз. Абыз ақсақалдарымыз бен асыл аналарымызды ардақтау, ардагер ұстаздарымызды құрметтеу – біздің қастерлі парызымыз. Егемен еліміздің нығаюына, туған жеріміздің гүлденуіне қосқан қажырлы қызметтеріңіз үшін Сіздерге барша аудан жұртшылығының және Өзімнің атымнан ризашылығымды білдіріп, шынайы алғысымды айтамын,- деді Алмасбек Әбілқасымұлы.
Мерекелік басқосуда аудан әкімі «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі», ардагер ұстаз Серік Қуанышбаевты 75 жас мерейтойымен және бір шаңырақ астында отау құрғандарына 50 жыл болған ұстаздар отбасы Жеткербай мен Зейнегүл Махамбетовтерді мерейтойларымен құттықтап, құрмет көрсетті. Сонымен қатар ұзақ жылдар бойы білім беру саласында аянбай тер төккен ардагер ұстаздар қауымына аудан әкімінің арнайы сыйлықтары мен гүл шоқтары табысталды.
Шарада Қазалы ауданының құрметті азаматы, Қазалы ауданы білім саласы ардагерлер қоғамдық ұйымының төрағасы Серік Қуанышбай, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР мұғалімдер сезінің делегаті Кәдіркүл Жұбатқанова және басқа да білім саласының ардагерлері сөз сөйлеп, мерекеге орай құрмет көрсетіп жатқан аудан басшысы мен барша азаматтарға шынайы ризашылықтарын жеткізді.
Мерекелік басқосуда аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ардагер ұстаздар қауымына арнап ән шырқап, ерекше көңіл-күй сыйлады.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам тұрады

21.08.20261 050 Views

Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

21.08.20260 Views

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 22,3%-ға өсті

21.08.2026527 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда Құрылтай есімді 10 адам тұрады

21.08.2026

Ақмола облысының 24 мыңнан астам тұрғыны газға қол жеткізді

21.08.2026

Қазақстанда сауда саласына салынған инвестициялар 22,3%-ға өсті

21.08.2026

ҚР ҰЭМ: 48,7 млрд теңге мал шаруашылығын дамытуға бағытталды

21.08.2026

Солтүстік Қазақстанда мүгедектігі бар балаларды сүйемелдеудің жаңа тәсілі енгізіледі

21.08.2026

Жаңақорған ауданында «Таза Қазақстан» аясында тазалық акциясы өтті

21.08.2026

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.