2025 жылдың басынан бері елімізде «Таза Қазақстан» бастамасы аясында 405 іс-шара өткізілді. Атап айтқанда: «Таза қала», «Таза аймақ», «Таза жағалау», «Қалаға ағаш», «Мөлдір бұлақ», Халықаралық құстар күні, «Жер сағаты» және басқа да акциялар ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі. Негізгі нәтижелер: 121 мың тоннадан астам қалдық жиналды; 584 мың гектарға жуық аумақ тазартылды; 1,7 миллионнан астам ағаш көшеті отырғызылды; Іс-шараларға 1,4 миллионға жуық адам қатысты, оның ішінде 82 мың ерікті бар. ЖОО мен мектептерде экосағаттар аясында экология департаменттерінің зертханаларына экскурсиялар мен дәрістер өткізілді. 5000-нан астам студент экологиялық мониторинг құралдарымен танысты. Су айдындарын тазарту кезінде 342 балық аулау…
Автор: un_admin
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу және вегетациялық кезеңді өткізу мәселелері қаралды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, энергетика министрі Ерлан Ақкенженов, су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, сондай-ақ бірқатар өңір әкімдері баяндама жасады, деп хабарлайды Primeminister.kz. Ауыл шаруашылығы министрлігі келтірген дерек бойынша, 2025 жылы еліміздегі жалпы егіс алқабы 23,7 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 413 мың гектарға артық. Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру нәтижесінде екі жыл ішінде бидай алқабы 750 мың гектарға қысқарды, бұл ретте мал азықтық және майлы дақылдар алқабы 3,3 млн гектарға жеткізілді. Бұл…
Қасым-Жомарт Тоқаев Қуаныш Сұлтановты сексен жасқа толған мерейтойымен құттықтап, қайраткердің елімізді дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті. – Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап ел ісіне белсене атсалыстыңыз. Мемлекеттігіміздің тұғырын нығайту жолында еңбек еттіңіз. Министр, кейін Премьер-министрдің орынбасары болдыңыз. Дипломатиялық қызметте еліміздің қауіпсіздігін нығайтуға зор үлес қостыңыз. Қытай Халық Республикасында Төтенше және өкілетті елші болдыңыз, сондай-ақ Моңғолия, Вьетнам және Солтүстік Корея елдерімен қарым-қатынасты дамыту үшін табанды жұмыс істедіңіз. Сіз елімізде парламентаризм институтын дамытуға мол үлес қостыңыз. Жоғары Кеңесте депутат, Төрағаның орынбасары болдыңыз. Одан кейін үш рет Сенаттың, екі рет Мәжілістің депутаты ретінде заң шығару ісінің бел ортасында жүрдіңіз. Өзекті мәселелерді қозғадыңыз. Қазір…
Президент Трамп: «Олар бізге айтарлықтай маңызды бір нәрсе ұсынбайынша, мен тарифтерді төмендетпеймін». Фото nytimes.com сайтынан алынды. Авторлығы. Doug Mills Баж салығын енгізу мен өзара сөзбен шүйлігу жағдайында өткен бірнеше аптадан кейін Қытай билігі АҚШ-пен сауда келіссөздерін бастауға дайын екенін білдірді. Алайда бұл үшін АҚШ-тың келіссөзге шынайы пейілмен, ашық ниетпен келуі тиіс екенін ескерткен. «Егер АҚШ келіссөз жүргізгісі келсе, ол өзінің шынайылығын көрсетіп, қате әрекеттерін түзетуге және біржақты енгізілген баж салығын жоюға дайын болуы керек», – делінген Қытайдың Сауда министрлігінің жұмада (2 мамыр) таратқан мәлімдемесінде. Осылайша, Бейжің Вашингтон тарапынан Қытай тауарларына қойылған 145%-дық тарифтер жойылуын күтетінін көрсеткен. Қытай жағы президент Дональд…
Мұздатылған құлпынайдың еріген соң борпылдақ болып, жұмсаруы да оның ішкі жасушаларының зақымданғанын білдіреді. Фото hopkinsmedicine.org сайтынан алынды. Адамның денесі мен миын криогендік мұздату және кейін қайта тірілту мүмкіндігі шындыққа жанаспайды. Қоғамда тұрақсыздық пен белгісіздік күшейген сайын, крионикаға – адам денесін болашақта медицина жетістіктері жеткілікті дамыған кезде қайта тірілту үшін мұздатуға деген қызығушылық қайта оянып келеді. Оның тартымдылығы түсінікті: бұл – видео ойындағы сақтау нүктесіне ұқсас. Яғни, сіз өлім қаупін «болдырмай» өміріңізді тоқтатып қойып, кейін үзіліс болған жерден жалғастырғыңыз келеді. Алайда крионика технологиясы қазіргі кезде жұмыс істейтін нақты, сенімді әдіске айнала алмады. Бұндай технология әлі де шешімін таппаған, күрделі биологиялық және…
Америкалық президенттің шынымен Рим Папасы болу мүмкіндігін бағалайды. Католик кардиналдары жаңа Рим Папасын сайлау үшін Сикстин капелласында өтетін конклавқа жиналуда. Фото sandhillsexpress.com сайтынан алынды. Авторлығы: CBS News Жұма күні (2 мамыр) АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social платформасында өзіне ұқсатып жасалған, понтификтің киімін киген сурет жариялады. Суретте президент ақ түсті киімде, басында митра (папалық тәж), мойнында алтын крес бар, оң қолының сұқ саусағымен аспанды нұсқап тұрған бейнеде көрсетілген. Кейбір католиктер бұл жазбаны «намысқа тиетін» деп бағалады. Дүйсенбі күні (5 мамыр) Трамп өз әрекетін қорғап, «фейк жаңалық тарататын БКҚ-ны» дүрбелең туғызды деп айыптап, Мелания Трамп бұл суретті «сүйкімді» деп қабылдағанын айтты.…
Бүгінгі таңда қазақтың әншілік пен күйшілік өнері сан түрлі қысым мен қайшылықтың арасында қалып отыр. Бір жағынан, интернет пен жаһандану дәуірінде жастар арасында ұлттық өнерге деген қызығушылық арта түсуде. Екінші жағынан, бұл өнердің қалыпты ортасы мен аутентикалық дәстүрі күннен күнге әлсіреп, сахналық форма мен академиялық стандарттарға ыңғайланып бара жатыр. Көпшілікке арналған концерттерде күй мен жыр орындалады. Ол дұрыс. Келісеміз. Алайда ол орындаулар шынайы дәстүрлі үлгіге сай ма, әлде тек сыртқы формасын ғана қайталау ма – бұл сұрақ өзекті күйінде қалып отыр. ХХ ғасырдың ортасында дәстүрлі орындаушылық өнер қазақтың рухани өмірінде маңызды орын алғаны рас. Халық композиторларының шығармашылығы ұлттық сананы жаңғыртатын бір элемент…
Құрметті отандастар! Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Осы мерейлі күнді еліміздің әрбір азаматы ерекше көңіл күймен қарсы алып, Жеңімпаз аға буынға шексіз ризашылығын білдіреді. Фашизмге қарсы сұрапыл соғыс халқымызға орасан зор қайғы-қасірет әкелді. Біздің қаһарман жауынгерлеріміз асқан ерлік пен батылдық танытып, азаттық пен әділдік жолында аянбай күресті. Жүз мыңдаған сарбазымыз ұрыс даласында қаза тапты. Тылдағы жұрт та адам айтқысыз қиындыққа қарамастан, тынымсыз тер төгіп, Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Олар егіс алқабында, зауыттар мен фабрикаларда күн-түн демей жұмыс істеп, майданды қамтамасыз етті. Біз отандастарымыздың қайтпас қайсарлығы мен қажырлы еңбегін ешқашан ұмытпаймыз. Жанқиярлық пен ерліктің озық үлгісін көрсеткен…
Ақтауда «Caspi Bitum» БК» ЖШС жаңғыртылған битум зауыты ресми түрде іске қосылды. Бұл – Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуы үшін стратегиялық маңызы бар нысан. Жоба ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып, елдің энергетикалық және көлік тәуелсіздігін нығайтудың маңызды кезеңін білдіреді, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі. Жаңғырту нәтижесінде зауыттың жылдық мұнай өңдеу қуаты 50%-ға артып, 1 миллион тоннадан 1,5 миллион тоннаға дейін ұлғайды. Бұл еліміздегі мұнай өңдеу көлемін арттыруға елеулі үлес қосады. Ең маңызды жетістік – стратегиялық өнім болып саналатын жол битумының өндірісі 50%-ға артып, жылына 750 мың тоннаға жетті. Бұл Қазақстанның жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына қажетті сапалы битумға деген…
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ақтөбе облысында 11 400 оқушыға есептелген білім ошақтарын салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды өңір әкімдігі. Биыл көктемде Ақтөбеде 2300 бала оқитын екі мектептің құрылысы аяқталды. Бұл – «Ақжар-2» тұрғын алабындағы 300 орынға арналған мектеп пен «Есет батыр» тұрғын алабындағы 2000 орындық білім ошағы. Екі тұрғын алабы да қарқынды дамып келеді. Жаңа мектептер оқушы орнының тапшылығы мәселесін шешуге оң әсерін тигізді. Осы жылдың соңына дейін тағы 12 мектептің құрылысы аяқталуға тиіс. Жаңа білім ошақтары облыс орталығындағы «Батыс-2» шағын ауданында, Жаңақоныс-2, Бауырластар-3, Сазды, Саяжай-1 және Оңтүстік-Батыс-2 тұрғын алаптарында, сондай-ақ Темір, Мұғалжар, Мәртөк аудандарында салынуда. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы…