2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөліктердің жалпы саны 6,3 миллионға жетті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы. Тек мамыр айында ғана елде 128,1 мың көлік тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға көп. Оның ішінде 113 мыңы жеңіл автокөліктер. Сонымен қатар, мамыр айында 8 мың жүк көлігі және 1,4 мың автобус жолға шыққан. Бүгінгі таңда Қазақстан халқының саны 20,33 миллион адамды құрайды. Демек, әр үшінші қазақстандықтың атына көлік тіркелген. Экологиялық көлікке деген қызығушылық артып келеді. 2024 жылдың мамырымен салыстырғанда электромобильдер саны 66,9 пайызға өскен. Сонымен қатар, жанармаймен жүретін көліктер де әлі де сұранысқа ие: Бензинмен…
Автор: un_admin
Жарыстар кестесі сала министрлігінен мәлім болды. 16-23 маусымда Индонезия Нуса Дуа қаласында cемсерлесуден Азия чемпионатына ел құрамасынан 23 спортшы қатысады. 16-23 күндері көркем гимнастикадан юниорлар арасындағы әлем чемпионатында (София қаласы, Болгария) 7 отандасымыз бақ сынайды. 16-24 маусымда жағажай волейболынан Таиланд Рой-Эт қаласында Азия чемпионатына Қазақстан құрамасы да қатысады. 18-19 күндері күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионаты (Вунгтау қаласы, Вьетнам) ел намысын 30 палуан қорғайды. 18-21 маусымда спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы Әлем кубогі кезеңіне отандық 6 гимнаст қатысады. Дода – Ташкент қаласында өтеді. 18-26 күндері пара пауэрлифтингтен Әлем кубогінде Қазақстаннан 10 спортшы сайысады. Байрақты бәсеке Қытайдың бас шаһары Бейжіңде өтеді. 20-21 маусымда Германия Котбус қаласында велотрек турнирінде 4 велошабандозымыз жарысады. 21-22…
Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, 1/8 финалға жолдама алды. 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз алғашқы белдесуінде Бразилия өкілі Габриэль Фалькаоға қарсы татамиге шыққан. Жұбаназар қарсыласына қарсы тиімді әдіс қолданып, екі мәрте «юко» ұпайын еншілеген. Осы нәтижемен белдесуді өз пайдасына аяқтап, келесі кезеңге өтті. Ширек финалға шығу үшін Абылайхан Жұбаназар енді ресейлік балуан Тимур Арбузовпен белдеседі.
Қоғамдық тәртіпті сақтау және қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкерлеріне күш көрсету жағдайларын болдырмауға арналған ортақ тұжырымдаманы – Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп әзірлейді. Тұжырымдама – медициналық мекеменің қауіпсіздік талаптары көрсетілетін медициналық көмектің түрі-деңгейі мен пациенттердің ағынына қарай әзірленетін болады. Қарағандыда пациенттің туысы тарапынан шабуылға ұшыраған балалар дәрігерлеріне барған сапарында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова: «Медицина қызметкерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген әрбір адам заңға сәйкес қатаң жазалануы тиіс. Ешбір жағдай мұндай әрекетті ақтай алмайды. Әрбір дәрігер, фельдшер, мейіргер – біз үшін қымбат. Біз – біртұтас командамыз. Әрбір маман өзін қауіпсіз сезінуі тиіс», деген болатын. Айта кетсек, соңғы…
Қостанай өңірінде ел автоөнеркәсібінің жаңа дәуірі басталуға таяу. Еліміздің өнеркәсіп тарихындағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірі саналатын – KIA компаниясының автокөлік зауытының құрылысы аяқталуға жақын. Бұл – тек көлік өндірісін жолға қою емес, шетелдік алпауыттармен бірлескен өнеркәсіптік кооперацияны жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам. Осы аптада зауыт аумағында бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз туры өтіп, журналистер өндіріс алаңын аралап, жобаның ауқымы және алдағы жоспарлармен танысты. Жоба 2023 жылдың қарашасында басталған болатын. Құрылыс жұмыстары қазіргі таңда толық аяқталып, техникалық инфрақұрылым мен құрылғыларды орнату соңғы сатысына жеткен. KIA зауыты – Оңтүстік Корея автоөндірушісінің Қазақстанда тікелей инвестиция салған алғашқы жобасы. Жобаның жалпы құны 105…
Ресей армиясы Киев қаласына жасаған зымыран шабуылы кезінде АҚШ-тың Boeing компаниясының Украинадағы өкілдігі орналасқан ғимаратқа соққы жасады. Бұл туралы Financial Times (FT) басылымы хабарлады. Аталған шабуылдан кейін ғимараттың бірнеше қабаты отқа оранып, айтарлықтай зақым келген. Украина Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, “Ресей АҚШ бизнесіне әдейі шабуыл жасап отыр” деп мәлімдеді. Шабуыл салдарынан зардап шеккендер жоқ, дегенмен нысан толықтай қирап, инженерлік қызмет тоқтап қалғаны хабарланды. Куәгерлер мен Украинадағы Америкалық сауда палатасының деректеріне сүйенсек, соққы жасалған нысан – Киевтегі Глубочицкая көшесі, 4-үй мекенжайында орналасқан бес қабатты әкімшілік ғимарат. Қатаң күзетілетін, ешқандай белгісіз ғимараттың 4-қабатында Boeing Ukraine LLC компаниясының кеңсесі орналасқан.…
Қытайдың Shandong Energy Group Co корпорациясы Қарағанды облысында көмірден газ өндіретін зауыт салмақ. Бұл шешім Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов пен Shandong Energy Group Co басқарма төрағасы Ли Вэй арасындағы кездесуде жарияланды. Тараптар жылына 2 миллиард текше метр газ өндіретін көмірхимиялық зауыт салу жобасын талқылады. Қытай тарапы бұл бастамаға жоғары қызығушылық танытып, Қазақстанның өнеркәсібін дамытуға үлес қосуға дайын екенін білдірді. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, зауыт іске қосылған жағдайда елдегі көмірхимия саласының дамуына жаңа серпін беріледі. Сонымен қатар: Қосымша газ көлемі өндірілмек; 1500-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады; Экономика әртараптандырылады; Жаңа технологиялар енгізіледі; Қазақстанның экспорттық әлеуеті артады. Shandong Energy — Қытайдағы ең…
АҚШ-тың Миннесота штатында Демократиялық партиядан сайланған екі заң шығарушы мен олардың жұбайларына шабуыл жасады деген күдікке ілінген 57 жастағы Вэнс Лютер Болтер ұсталды. Бұл туралы американдық БАҚ 15 маусым, жексенбі күні түнде хабарлады. Күдікті екі адамды өлтіріп, тағы екі адамды өлтіруге әрекеттенді деген айыппен ұсталды. Миннесота штатының полициясы бұл операцияны штат тарихындағы ең ауқымды шара деп атады. Болтер екі тәулік бойы іздеуде болған. Тергеу дерегінше, ол 14 маусымда Миннесота штатының Өкілдер палатасының мүшесі Мелисса Хортман мен оның күйеуі Маркты атып өлтірген, сондай-ақ штат сенаторы Джон Хоффман мен оның жұбайына оқ жаудырып, ауыр жарақаттаған. Күдікті полиция формасын киіп, өзін тәртіп сақшысы…
Пәкістан АҚШ-қа ескерту жасап, егер Иранға ядролық соққы жасалатын болса, Израильге қарсы ядролық жауап беруге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Израильдің Channel 10 телеарнасы хабарлады. Бұған дейін Батыс басылымдары Израиль шенеуніктеріне сілтеме жасап, АҚШ Иранға қарсы әскери іс-қимылдарға қосылуы мүмкін екенін хабарлаған. Әсіресе Иранның Фордо ядролық нысанына ерекше назар аударылған. Иран ядролық қарудан бас тартуға дайын екенін және бұл туралы қол қою рәсімі 15 маусым күні өтуі тиіс болғанын мәлімдеген еді. Сонымен қатар Иран МАГАТЭ сарапшыларына ядролық нысандарды ашуға келісім берген, Израильмен соғысудан бас тартқан. Оның орнына Тегеран экономикалық санкцияларды алып тастауды талап еткен. Алайда келіссөздердің орнына Израиль тарапынан Иранға…
Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты ақын Мұқағали Мақатаевты қорлады деп айыпталған блогер Алишер Теменовке қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Бүгін, 16 маусым күні, ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев сотта блогерді кешіріп, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Бұған дейін ол моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге өндіруді талап еткен болатын. Сот шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне шыққан сәтте блогер Жұлдыз Мақатаевқа екі миллион теңге қолма-қол беріп, автокөлігінің кілтін де тапсырды. Сонымен қатар тағы бір миллион теңгені он күн ішінде төлеуге уәде беріп, кейіннен көлігін қайтарып алатынын айтты. Алишер Теменов өз сөздеріне байланысты барша халықтан кешірім сұрап, арнайы видео жариялайтынын мәлімдеді. Еске салайық, былтыр 8…