Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Динара Закиева балаларға қатысты ауыр және аса ауыр қылмыстардың азайғанын мәлімдеді
Жаңалықтар

Динара Закиева балаларға қатысты ауыр және аса ауыр қылмыстардың азайғанын мәлімдеді

07.10.2025515 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева 2025 жылғы 7 қазанда балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлері үшін жазаны күшейту жөніндегі Президент тапсырмасын орындау аясында екі жылда атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Омбудсменнің айтуынша, осы уақыт ішінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тұтас жүйесін құруға бағытталған қажетті заңдар, бағдарламалар және қаулылар қабылданған. Әсіресе, зорлық-зомбылықтың алдын алу және одан қорғау саласында айтарлықтай ілгерілеу бар.

«Әкімдіктер құрылымында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармалар, отбасын қолдау орталықтары, мобильді топтар құрылуда; қамқоршылық органдарының қызметкерлері көбейіп келеді. Мемлекеттік байланыс орталығы ашылды, ал мектептерде балалармен тікелей байланыс орнату үшін QR 111 енгізілді. Бүгінде басты міндет – қабылданған шараларды сапалы іске асыру. Осы бағытта мемлекеттік органдар мен әкімдіктер мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринның жетекшілігімен бірлесе жұмыс істеп жатыр», – деп жазды Закиева өзінің Instagram парақшасында.

Балалар омбудсмені атқарылған жұмыстар барысында шешімді қажет ететін жүйелі мәселелермен қатар, қысқа уақыт ішінде байқалған оң өзгерістер де бар екенін атап өтті.

«Ағымдағы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша балалардың жыныстық қолсұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың саны Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша 18%-ға азайды, оның ішінде педофилия фактілері 24%-ға төмендеді. Бұл қылмыстар үшін тек өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы енгізілген. “Адам өлтіру” және “Ауыр зиян келтіру, өлімге әкеп соққан” баптары бойынша қылмыстар тиісінше 22% және 50%-ға азайды. Балаларға қатысты ауыр және аса ауыр қылмыстардың төмендеуі – қабылданған шаралардың тиімділігін көрсетеді. Дегенмен әрбір санның артында баланың тағдыры бар. Біздің мақсат – мұндай қылмыстардың мүлде болмауы үшін бар күшімізді салу», – деді Закиева.

«Барлық өңірлерде психологиялық қолдау орталықтарының ашылуы және бірыңғай профилактика бағдарламасының енгізілуі нәтижесінде жағдай тұрақтала бастады. Соңғы 10 жылда алғаш рет Алматы облысында кәмелетке толмағандар арасындағы суицид жағдайларының айтарлықтай азайғаны байқалды. Дегенмен, алда әлі де көп жұмыс бар. Біз себептерді терең зерттеп, тәуекелдерді уақтылы анықтап, балаларға сапалы психологиялық көмек көрсетуді қамтамасыз етуіміз керек», – деді ол.

Динара Закиеваның айтуынша, суицидтердің 60%-ы отбасындағы күрделі қарым-қатынастармен байланысты.

«Сондықтан бізге немесе қайғылы қадамға бармас бұрын өз ойларын хат не хабарлама арқылы білдіретін балалардың мыңдаған үнін ескере отырып, – жанайқайы мен қорқынышы, ата-анасы тарапынан түсінбеушілік пен жалғыздық сезіміне толы сол үндерге сүйене отырып, ата-аналар мен барлық ересектерге үн қатқым келеді. Балаларға ең керегі – сіздердің махаббаттарыңыз, қамқорлықтарыңыз және әрқашан жанында екендеріңізді сезіну. Не болса да, бала өзін отбасының қорғанында және қолдауында екенін білуі тиіс», – деді Закиева.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«АДАЛ ДОС, АСЫЛ АЗАМАТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

05.05.2026281 Views

Ұлттық жоба көмір генерациясының отын-логистикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді

04.05.2026339 Views

Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөледі

04.05.2026371 Views
Соңғы жаңалықтар

«АДАЛ ДОС, АСЫЛ АЗАМАТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

05.05.2026

Ұлттық жоба көмір генерациясының отын-логистикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді

04.05.2026

Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөледі

04.05.2026

Иран компаниясы Қазақстанда май өңдеу зауыты мен құс фабрикасын салады

04.05.2026

Трамп Ормуз бұғазында әскери операция басталатынын жариялады

04.05.2026

Мәсімовке тиесілі болған самурай қылышы аукционда сатылды

04.05.2026

Қазақстанның тағы бір қаласында LRT құрылысы басталды

04.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.