Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»397 мыңнан астам қазақстандыққа мемлекеттік қызметтерді проактивті форматта алу мүмкіндігі туралы SMS хабарламалар жіберілді
Жаңалықтар

397 мыңнан астам қазақстандыққа мемлекеттік қызметтерді проактивті форматта алу мүмкіндігі туралы SMS хабарламалар жіберілді

08.10.202595 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2025 жылдың басынан бері әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 397,8 мың адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте 208 мыңнан астам адам өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін пайдаланып үлгерді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінде онда Қазақстанның 20,2 млн азаматы немесе 6,2 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған.

ОЦК енгізудің басты мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР Әлеуметтік кодексінде Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде белгіленген. Сондай-ақ, ОЦК азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқылы екендігі туралы күнделікті «электрондық хабарлама» болып табылады.

Қазіргі уақытта ОЦК мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар қазақстандықтарға қандай да бір өтінішсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 11 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді. Олар: еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем; жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем; асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем; баланың туылуына және бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақылар; мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы; мүгедектігі бойынша жәрдемақы; көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы; «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы; атаулы әлеуметтік көмек; сондай-ақ жерлеуге арналған біржолғы төлем.

Сондай-ақ, ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі, «қандас» мәртебесі берілгенде немесе ұзартылғанда мәртебенің аяқталу мерзімі және жұмыссыз адамдар үшін жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар іске асырылды.

Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады.

Алаяқтық тәуекелін болдырмау мақсатында 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажет.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қызылордада «Достық әуендері» патриоттық әндер байқауы өтті

21.10.2025398 Views

БҚО-да оқушы сыныптасын пышақтаған: қылмыстық іс қозғалды

20.10.2025142 Views

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

20.10.2025512 Views
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада «Достық әуендері» патриоттық әндер байқауы өтті

21.10.2025

БҚО-да оқушы сыныптасын пышақтаған: қылмыстық іс қозғалды

20.10.2025

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

20.10.2025

Қызылордада «Үздік аула» байқауы жеңімпаздары марапатталды

20.10.2025

Қазақстанның 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

20.10.2025

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 7-орынға көтерілді

20.10.2025

Израиль шабуылдарынан Газада 40-тан астам палестиналық қаза тапты

20.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.