Алматы қаласына ұшып келген соң көз жұмған баланың өлімі үшін сот әуекомпания мен әуежайды кінәлі деп таныды. Талапкердің айтуынша, ұшақ Алматыға қонғаннан кейін әуежай қызметкерлері кома жағдайындағы баланы арба арқылы тасымалдауды ұсынған. Алайда бұл арба медициналық талаптарға сай болмаған. Баламен бірге жүрген дәрігер мен ата-анасы арнайы реанимобиль әуежай аумағына кіре алмаған. Осы себепті баланы ұшақтан терминалға амбулифтпен – қозғалысы шектеулі жолаушыларға арналған құралмен жеткізген. Бірақ бұл техника ауыр хәлдегі науқастарға арналмаған. Нейрохирургтың қорытындысына сәйкес, бала өздігінен қозғала алмайтын жағдайда болған және паспорттық бақылаудан медициналық пункт арқылы өтуі қажет еді. Дегенмен ол стандартты жолмен – шекаралық бақылау мен суретке түсіру рәсімі арқылы өткізілген. Сот шешімінде көрсетілгендей, әуекомпания баланың жағдайынан хабардар бола тұра, әуежайға реанимобиль қажет екенін ескертпеген. Қызметтер арасындағы байланыстың болмауы қажетті көмектің дер кезінде көрсетілмеуіне себеп болған. «Шекаралық бақылау кезінде кератитпен ауырған баланың көзіндегі қорғаныш таңғышы мәжбүрлі түрде алынып, суретке түсірілген. Келесі күні бала ауруханаға екіжақты пневмоторакс диагнозымен түскен. Ақпан айында ол қайтыс болды», делінген сот материалдарында. Сот талапты жартылай қанағаттандырып, «Э» деп белгіленген әуекомпаниядан моральдық зиян үшін 5 миллион теңге өтемақы өндіру туралы шешім шығарды. Алайда бұл үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Айта кетейік, сот құжаттарында әуекомпания мен әуежайдың нақты атауы аталмаған – тек «Э» әуекомпаниясы» мен «халықаралық әуежай» деп көрсетілген.
Автор: un_admin
Өскеменде Ұлттық құрылтай шешімдерін жүзеге асыру аясында «Шекаралық аумақтарды дамыту – өңір дамуының негізі» тақырыбында сараптамалық кеңестің отырысы өтті. Жиынға облыстық басқармалар, қоғамдық ұйымдар, ғылыми қауымдастық пен БАҚ өкілдері қатысты. Онлайн режимде Зайсан ауданы әкімдігі қосылды. Жиынды Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Денис Рыпаков жүргізді. Ол Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы шекаралық аудандар мәртебесінің қалпына келтірілуі нақты нәтижелер беріп жатқанын атап өтті: өңірлерде әлеуметтік және экономикалық өмір жанданып, инфрақұрылым жақсарып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шекара маңындағы аумақтардың стратегиялық маңызына тоқталып, олардың мәртебесін қалпына келтіру Абай мен ШҚО-да жүзеге асырылғанын еске салған. Маңызды қадамдардың бірі – Тарбағатай, Үлкен Нарын және…
Ұлттық статистика бюросы 2025 жылдың І тоқсанында еңбек нарығында қалыптасқан жағдайға қатысты сандық дерек ұсынды. Сол статитистикаға сай, республика экономикасының түрлі салаларында 9 283,5 мың адам жұмыспен қамтылған. Оның ішінде 7 141 мыңы (экономикада жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 76,9%) жалдамалы қызметкер болса, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар – 2 142,5 мың адам. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 64,4% құрап отыр. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жалдамалы қызметкерлер есебінен жұмыспен қамтылғандар 116,2 мың адамға өскен. Жұмыспен қамтылғандардың 17% саудада, білім беру ісінде — 13,4%, өнеркәсіп — 12,5% және ауыл шаруашылығы — 10,3% салаларында байқалған. Жұмыспен қамтылған халықтың негізгі үлесі 35-44 жас…
29–30 мамырда Астана қаласы тағы да жаһандық пікір алмасу мен ынтымақтастықтың маңызды орталығына айналады. Астана халықаралық форумы (AIF) — әлем көшбасшыларын, халықаралық ұйымдар мен ірі компания өкілдерін жинап, ең өзекті жаһандық мәселелерді талқылайды. Күн тәртібінде климаттың өзгеруі, экономикалық тұрақсыздық, геосаяси шиеленістер, өңірлік интеграция, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект тақырыптары бар. Форумның басты мақсаты — жаһандық ынтымақтастықты нығайтып, практикалық шешімдер әзірлеу. Көпжақты дипломатия мен тұрақты даму саласындағы беделді көшбасшы ретінде БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы, GGGI Президенті және Төрағасы Пан Ги Мун форумға алғаш рет қатысады. Ол өңірлік ынтымақтастық пен тұрақты даму жөніндегі сессияда сөз сөйлейді. «Мен осы мамырда Астанаға арнайы келіп,…
Астанада бүгін басталған пара дзюдодан әлем чемпионатында 40 елден келген 350-ден астам үздік балуан 10 салмақ бойынша жүлде жиынтығын сарапқа салады. Ерлер 70, 81, 95, 95 келіден жоғары салмақта белдессе, әйелдер 52, 60, 70, 70 келіден жоғары салмақта жүлдеге таласады. 1/8 финалда Германия өкілі Рамона Бруссигті ұтқан Даяна Федосова (J2 санаты бойынша 60 келі) байрақты бәсекенің 1/4 финалында Түркия спортшысы Донду Есілюртке еш мүмкіндік қалдырмады. Сөйтіп, жартылай финалға шықты. Айта кетелік, 2001 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген Даяна Федосова 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола жүлдегері. Жарыстың өтуіне Халықаралық зағиптар спорт федерациясы (IBSA) қолдау білдірген. Тағы бір айта кететін жайт, турнирде…
Сәуір айында теңге тағы да арзандады. Ай басында 504 теңге шамасында тұрған 1 доллар ай соңында 512 теңгеге жетіп, 1,6%-ға құнсызданды. Ұлттық банк мұны қалыпты құбылыс деп бағалайды. Сәуірде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) валюта саудасының көлемі артып, күн сайын орта есеппен 246 млн доллар сатылған. Бір ай ішінде жалпы сауда көлемі 5,4 млрд долларға жетті. Осы сауданың бір бөлігі – Ұлттық қордан сатылған валюта. Сәуір айында бас банк Ұлттық қор есебінен 968 млн доллар сатқан. Бұл ақша республикалық бюджетті қаржыландыруға қажет болған. Яғни күн сайын нарыққа орта есеппен 44 млн доллар шығарылған. – Ұлттық қор қаражатымен операциялар жүргізу кезінде, сондай-ақ…
Елімізде судың заңсыз саудасы тыйылмай тұр. Бұған қоса климаттың өзгеруі, өзендердің трансшекаралық сипаты, инфрақұрылымның тозуы мен тіршілік нәрін ысыраппен пайдалану жағдайды одан әрі қиындатып отыр. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында су шаруашылығы саласын кешенді түрде реформалауды тапсырды. Қабылданып жатқан шаралар жөнінде Мәжілісте Үкімет сағаты өтті. 6 мың шақырым арна қайта жаңғыртылады Алдымен жиынға қатысушылар Мәжіліс ғимаратындағы тақырыптық көрмеге қатысты. Онда депутаттар назарына су және балық шаруашылығы, суды үнемдеу, климатқа төзімді су ресурстарын дамыту, ирригациялық арналардағы суды есепке алу және басқа да бағыттардағы инновациялық жобалар ұсынылды. Одан кейін Үкімет сағаты басталып, басқосуға Мәжіліс спикерінің…
Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы баяндады. Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша биыл жалпы егіс алқабы 23,7 млн гектарды құрайтынын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 413 мың гектарға артық, деп хабарлайды Primeminister.kz. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде: нәтижесінде 2 жыл ішінде бидай алқаптарын 750 мың гектарға қысқартуға қол жеткізілді, ал жемшөп және майлы дақылдардың егіс алқаптары биыл 3,3 млн гектарға жетеді, бұл ретте күнбағыс алқабы алғаш рет 1,4 млн гектарды құрағалы отыр. «Дәнді және бұршақ дақылдарын 16,6 млн гектарға орналастыру жоспарлануда. Мақта алаңы 135 мың гектар болмақ, оның ішінде дәстүрлі…
Қазақстанда жасанды интеллект пен цифрлық трансформация саласындағы негізгі бастамаларды іске асыру мақсатында Presight компаниясы Астанада кеңсе ашып, елдегі жобаларды қолдап, операциялық қызметін кеңейтуде. ЭКСПО аумағында орналасқан жаңа кеңсе Presight компаниясының БАӘ-ден тыс шетелдік өкілдігі болып табылады және Орталық Азиядағы өңірлік хаб ретінде жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі. Қазіргі уақытта кеңседе 40-тан астам қазақстандық маман еңбек етуде, бұл жергілікті кадрларды дамыту мен елдің цифрлық трансформациясына компанияның қосқан үлесін көрсетеді. Presight жобалары Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы өңірлік көшбасшы ретіндегі рөлін нығайта түсуде. Астанадағы Alem.AI орталығы базасында елорда инфрақұрылымының зияткерлік өзегіне айналатын ахуалдық орталық құрылады. Бұл…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада өткен кеңесте Ұлттық банктің 2024 жылы атқарған қызметі туралы есеп берілді. Мемлекет басшысына макроэкономикалық ахуал, ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштері, қаржы жүйесінің жай-күйі, халықаралық резервтер, БЖЗҚ мен Ұлттық қор активтері туралы баяндалды. Жиын барысында Ұлттық банктің қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар республикалық бюджеттің орындалуы, инфляцияны төмендету, ақша-несие саясаты, «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң жобасы, экономиканың нақты секторын кредиттеу, сондай-ақ Ұлттық банктің алтын-валюта активтерінің жағдайы қарастырылды.