Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Арал теңізін құтқару жайы талқыланды
Жаңалықтар

Арал теңізін құтқару жайы талқыланды

10.10.2025775 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның төрағалығымен өтіп жатқан Халықаралық Аралды құтқару қоры (ХАҚҚ) басқармасының екінші отырысына қатысушы елдер делегациялары басшыларымен кездесу өткізді.

Қазақстан Халықаралық Аралды құтқару қорының қызметіне баса мән береді және аталған ұйымды өңірдегі экологиялық сипаттағы мәселелерді шешудің, ұтымды әрі өзара тиімді трансшекаралық су пайдаланудың құралдарының бірі ретінде қарастырады.

Кездесуде Арал теңізіндегі су деңгейін арттыру жөніндегі бірлескен шаралар Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы халыққа Жолдауында айтқан бастамалары шеңберінде талқыланды.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше Олжас Бектенов өз сөзінде ХАҚҚ-ға қатысушы мемлекеттердің басшылары энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стратегиялық маңызы бар су-энергетикалық ресурстарын пайдаланудың ұтымды тәсіліне басымдық беретінін атап өтті.

Осы жылдың вегетациялық кезеңі өте қиын өтті. Күрделі жағдайларға қарамастан, үкіметтердің сындарлы өзара іс-қимылы Арал теңізі бассейнінде тұрақты су режимін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Премьер-министр Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан Үкіметтерінің басшыларына алғысын білдіріп, үйлестірілген жедел іс-қимылдар арқылы ғана елеулі шығындардың алдын алуға болатынын атап өтті.

«Әр елдің өз ұлттық мүддесі бар, біз оны қашан да қорғауға міндеттіміз. Бірақ біздің ортақ стратегиялық, ұзақмерзімді басым мақсатымыз тату көршілік қарым-қатынас екеніне сенімдімін. Күнделікті, қысқамерзімді міндеттерді шешуде біз ұзақмерзімді басымдықтарға нұқсан келтірмеуіміз керек. Мәселелерді әрқашан өзара тиімді әрі қолайлы негізде шешу үшін бірлескен шаралар қабылдайтынымызға сенімдімін», деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазақстанның төрағалығы аясында жүргізілетін жұмыстың басым бағыттарының бірі – цифрлық трансформация және су саласында жасанды интеллектіні қолдану. ЖИ енгізу суды пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз етеді және су шығынын азайтуға мүмкіндік береді. Арал теңізі бассейнінде су ресурстарын есепке алудың, мониторинг жүргізудің, басқарудың және бөлудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін енгізу бойынша бірлескен жұмыстың маңыздылығы да атап өтілді.

Кездесу барысында Тәжікстан Премьер-министрінің орынбасары Зиёзода Сулаймон, Өзбекстан Президентінің кеңесшісі Шухрат Ганиев, Түрікменстан ауыл шаруашылығы министрі Чарыяр Четиев сөз сөйледі.

Талқылауды қорытындылай келе, Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның ашықтық, ынтымақтастық және сындарлы диалог қағидаттарына бейіл екенін нақтылады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«АДАЛ ДОС, АСЫЛ АЗАМАТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

05.05.2026281 Views

Ұлттық жоба көмір генерациясының отын-логистикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді

04.05.2026339 Views

Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөледі

04.05.2026371 Views
Соңғы жаңалықтар

«АДАЛ ДОС, АСЫЛ АЗАМАТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

05.05.2026

Ұлттық жоба көмір генерациясының отын-логистикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді

04.05.2026

Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөледі

04.05.2026

Иран компаниясы Қазақстанда май өңдеу зауыты мен құс фабрикасын салады

04.05.2026

Трамп Ормуз бұғазында әскери операция басталатынын жариялады

04.05.2026

Мәсімовке тиесілі болған самурай қылышы аукционда сатылды

04.05.2026

Қазақстанның тағы бір қаласында LRT құрылысы басталды

04.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.