Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстандықтар қандай онлайн курстар оқып жүр?
Жаңалықтар

Қазақстандықтар қандай онлайн курстар оқып жүр?

08.10.2025473 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылдың басынан бері 345,8 мың азамат, оның ішінде 49 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (бұдан әрі – Платформа) онлайн курстардан өткені туралы сертификаттар алған, – деп хабарлайды  Aikyn.kz. Платформада барлығы 839,7 мың қазақстандық тіркелген, оның 353,3 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 718,6 мың адам оқудан өтті.

Оқуды аяқтаған 49 мың жұмыссыз азаматтың шамамен 14 мыңға жуығы негізінен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Түркістан және Қызылорда облыстарынан (16-35 жас аралығындағы) жастар болды.

Платформа іске қосылғаннан бастап авторлар әртүрлі бағыттар бойынша 1 000-нан астам курс жариялады, оның 375-і тегін. Сондай-ақ одан әрі оқу үшін білім беру алаңдарына ауысу мүмкіндігімен Courstore, Fluent Education және Яндекс Қазақстан серіктестерінің курстары бар.

Курстардың ұзақтығы – 1-ден 72 сағатқа дейін.

Қыркүйек айындағы ең танымал курстар: «IT и телекоммуникации», «Повар-кондитер», «Сенің мансаптық бастамаң: «Электронды  еңбек биржасын» қалай пайдалануға болады», «Управление персоналом», «Пішу және тігу».

Платформада әлеуметтік қызмет көрсету және т.б. салалардағы түрлі мамандықтар бойынша тегін курстар саны үнемі артып келеді.

Бұдан бұрын хабарлағандай, Платформа халықтың білім деңгейі мен кәсібилігін арттыруға, мансаптық дамуды ынталандыруға және «өмір бойы оқыту» тұжырымдамасын ілгерілетуге бағытталған. Ол маркетплейс – қызметтер нарығы қағидаты бойынша онлайн курстарға қол жеткізуді ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарына ұқсас құрылған.

Оқуға https://skills.enbek.kz/ сілтемесі арқылы немесе Электронды  еңбек биржасында (Enbek.kz) «Онлайн оқыту» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады.

Платформада білім алушы оқытудың қолайлы қарқыны мен тілін, материалды берудің ыңғайлы принципін дербес таңдайды, білім беру үдерісіндегі өзінің ілгерілеуін бақылай алады.

Білім алушы үшін артықшылықтар: кеңейтілген курстарды іздеу, сабақтың түсінікті құрылымы, оқу процесін бақылау және курс авторларымен жылдам өзара әрекеттесу. Пайдаланушылар үшін жасанды интеллект көмегімен чат-бот қолжетімді, ол жылдам іздеуді және қызығушылық тудыратын сұрақтарға жауап алуды қамтамасыз етеді.

Оқу аяқталғаннан кейін білім алушы 70% шекті деңгеймен тестілеу тапсыруға тиіс. Онлайн курсты сәтті аяқтаған жағдайда дағдыларды игеру туралы сертификат беріледі. Курсты аяқтаудың міндетті шарты – білім алушы тарапынан курсты бағалау. Сертификатты жүктеу кезінде игерген дағдылар бойынша Enbek.kz-те бос жұмыс орындарының ұсыныстары қосылды.

Алынған сертификат Enbek.kz-те тіркелген кезде білім алушы жасаған түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі. Қызметкерлерді іздеу кезінде әлеуетті жұмыс беруші Платформада сәтті оқудан кейін алынған сертификаттарды көре алады.

Авторлар мен әзірлеушілерге арналған платформада онлайн курстарды орналастыру тегін. Курстар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылуы мүмкін, ақпарат берудің әртүрлі форматтары: мәтін, презентация, бейне және аудио материалдар, инфографика және басқа түрлері болуға тиіс. Платформа ерекше қажеттіліктері бар білім алушылар үшін интерфейсті бейімдеу мүмкіндігін болжайды.

Курс авторлары үшін ыңғайлы сабақ құрастырушы, жарияланған курстардың статистикасы мен тиімділігін қарауға қолжетімді, сертификаттардың әртүрлі дизайны көзделген, сондай-ақ оқу құнын алдын ала есептеуге арналған онлайн-калькулятор бар.

2023 жылдың желтоқсан айынан бастап курстарды Enbek мобильді қосымшасы арқылы оқуға, қосымшаны Google Play және App Store-дан жүктеуге болады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ АСТАНАЛЫҚ КЕЗЕҢІ: ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

18.10.2025863 Views

Қазақстанда 25,9 млн тонна астық бастырылды

17.10.2025444 Views

Емханаларда не өзгерді: скринингтер кеңейтілді және кезектілік қысқартылды

17.10.2025228 Views
Соңғы жаңалықтар

«ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ АСТАНАЛЫҚ КЕЗЕҢІ: ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

18.10.2025

Қазақстанда 25,9 млн тонна астық бастырылды

17.10.2025

Емханаларда не өзгерді: скринингтер кеңейтілді және кезектілік қысқартылды

17.10.2025

Жетісу облысында 8 жаңа су қоймасын салып, шамамен 3 мың шақырым каналды реконструкциялау жоспарланып отыр

17.10.2025

Қазақстанның IT-қызметтерінің экспорты 881 млн долларға жетті

17.10.2025

Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

17.10.2025

Қызылорда қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жаңарған Қорқыт ата саябағы пайдалануға берілді

17.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.