Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Ғарышқа турист ретінде ұшқан Данна Қарағұсова алған әсерін бөлісті
Жаңалықтар

Ғарышқа турист ретінде ұшқан Данна Қарағұсова алған әсерін бөлісті

10.10.20251 825 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылдың 8-ші қазанында Данна Қарағұсова Blue Origin компаниясының New Shepard NS-36 кемесімен суборбиталық ұшуға қатысып, Жер атмосферасынан тыс кеңістікке шыққан алғашқы қазақстандық әйел атанды.

New Shepard зымыраны Жер атмосферасы мен ғарыштың шартты шекарасы саналатын Карман сызығына дейін жетіп, экипажды штаттық режимде қайтадан жерге қондырды.

«Ғарышқа ұшқан сәт — өмірімдегі ең қатты қобалжыған кездерімнің бірі. Зымыранның көкке көтерілген сәті ерекше әсерлі болды. Денең әрбір қозғалысты сезеді, бірақ таңқаларлығы санаң соның бәріне қарамастан сабырлы болады. Салмақсыздық күйі дәл елестеткенімдей болды, алайда ішкі сезімдерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Капсула сатыдан ажыраған сәтте, мен санамның бір бөлігі әдеттегі шектеулерден тыс кеткендей күй кештім. Жердегі сезімнің бәрі жоғалып, санамда тек шексіздік қалды. Әлемнің қаншалықты кең екенін көріп, өзіңнің кеңістіктегі кішкентай ғана бөлік екеніңді ұғасың. Есімде мәңгі қалатын бір көрініс: қара кеңістіктегі жарқыраған толық Ай және жұқа көгілдір атмосфералық қабаты бар Жер. Сол сәтте адамзаттың, ғалам алдында қаншалықты нәзік әрі кішкентай екенін терең түсінесің. Салмақсызданған кезіндегі алғашқы әрекетім — барлық аналарға арналған хатымды шығару болды. Бұл — менің анама және баласын арманына жетуде қолдайтын барлық әйелге арналған жеке құрметім. Өзім де анамын, тіпті балаңның арманы мүмкін емес болып көрінсе де, оған сеніп, қолдау көрсетудің қаншалықты маңызды екенін жақсы білемін. Бұл сапар мен соңғы жылдары өтіп келе жатқан жолдың табиғи жалғасы болды. Бұл — ішкі дүниеммен жұмыс және тұрақты негіз қалыптастыру жолы», деді Данна Қарағұсова.

Астронавттар ауылында Данна Қарағұсова ұлы Айтуармен бірге Қазақстанды таныстырып, экипаж мүшелеріне және Blue Origin қызметкерлеріне еліміздің мәдени мұрасы мен табиғаты туралы айтып берген.

«Адамдарға бұл атау қатты ұнады, онда бәрімізге ортақ бір рух бар еді: қозғалыс, ізденіс пен жылылықты қай жерде болсаң да сақтау қабілеті», дейді Данна.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026258 Views

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды

04.09.2026961 Views

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: 12 алтын, 7 күміс, 5 қола

04.09.2026517 Views
Соңғы жаңалықтар

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды

04.09.2026

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: 12 алтын, 7 күміс, 5 қола

04.09.2026

Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаевты қабылдады

04.09.2026

Network School Астанада ресми түрде іске қосылды

04.09.2026

Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады

04.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: СЫР ӨҢІРІНДЕ КҮРІШКЕ ОРАҚ ТҮСТІ

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.