Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Денсаулық»Денсаулық сақтау басшыларының V Республикалық форумы өтті
Денсаулық

Денсаулық сақтау басшыларының V Республикалық форумы өтті

10.10.2025568 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруде басшылардың көшбасшылық қасиеттері, кадр даярлау сапасы, инфрақұрылымды жаңарту және жеке сектордың қатысуы маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты Қазақстандық денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығы жыл сайын сала мамандарына көшбасшылық дағдыларды дамытуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін алаң ұсынады. Мысалы, осы жолы сала мамандары Денсаулық сақтау басшыларының V Республикалық форумында бас қосты, деп жазады Egemen.kz.

Басқосуда еліміздің денсаулық сақтау жүйесіндегі өзекті мәселелер ортаға тасталды. Екі күнге жалғасатын форумға 300-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында халықаралық және отандық жетекші сарапшылар, медициналық ұйымдардың басшылары, Еуропалық денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығының (EHMA) Президенті, медицина ғылымдарының докторы (MD), Испаниядағы CASAP (Consorci Castelldefels Agents de Salut) ұйымының басшысы Антони Перис, ДДСҰ Еуропалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының жетекшісі Мелитта Якоб, Парламент Мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов, Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтар болды.

Форум барысында денсаулық сақтау жүйесін дамытудың негізгі бағыттары қарастырылды. Алғашқы медициналық-санитарлық көмекке қатысты мәселелер талқыланды. Саланың цифрлық трансформациясына назар аударылды. Оның ішінде инновацияларды енгізу, деректерді пайдалану және жасанды интеллектті қолдану мәселелері талқыланды. Форумға қатысушылар денсаулық сақтауды басқаруда адами капиталды дамыту, медициналық көмектің сапасын арттыру және пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қаржыландыру тетіктерін қарастырды.

Форумның ашылуында Қазақстандық денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығының төрағасы әрі негізін қалаушысы Қуаныш Ерғалиев былай деді:

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда атап өткендей, жасанды интеллект пен цифрлық трансформация – денсаулық сақтау болашағының ажырамас бөлігі. ЖИ енгізу арқылы диагностика, талдау, шешім қабылдауда жаңа мүмкіндіктер туады. Ең бастысы – медициналық көмекті қолжетімді етеді. Алайда, біз түсінгеніміздей, технология адамды алмастырмайды. Ол оның әлеуетін күшейтеді. Сондықтан денсаулық сақтау менеджерлерінің құзыреттері аса маңызды бола түсуде. Бейімделе білу, жедел шешім қабылдау, өзгерістерді алдын ала болжай білу, командаларды басқару – мұның бәрі орнықты жүйенің берік негізін қалайды», деді Қуаныш Ерғалив.

Ізінше, ДДҰ-ның Еуропалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының басшысы Мелитта Якоб алғашқы медициналық-санитарлық көмекті дамытуға инвестиция салудың қажеттігін атап өтті. Ол медицинадағы теңсіздікті жою үшін цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні қолданудың, көмек көрсетудің, кадрлық әлеуетті нығайтудың және денсаулық сақтауды басқаруға қауымдастықтардың қатысуын кеңейтудің маңызын айтты. Сол секілді Еуропалық денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығының (EHMA) Президенті, доктор Антони Перис денсаулық сақтау жүйелерінің негізгі сын-қатерлерін атап өтті. Оның ішінде халықтың қартаюы, кадр тапшылығы, әлеуметтік сұраныстардың өсуі және психикалық денсаулық мәселелерінің көбеюі сынды тармақтар бар.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.