Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚОРҚЫТ МҰРАСЫ: ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Аймақ жаңалықтары

ҚОРҚЫТ МҰРАСЫ: ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ОРТАҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

10.10.2025902 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Қорқыт және Ұлы дала сазы» халықаралық фольклорлық-музыкалық өнер фестивалінің аясында «Қорқыт мұрасы: Түркі әлеміне ортақ эпикалық құндылықтар» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
Алқалы жиынға «Түркі мәдениеті және мұрасы» қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және отандық белгілі ғалымдар, зерттеушілер мен мәдениет майталмандары қатысты.
Аймақ басшысы Президент бекіткен «Түркі әлемінің келешегі – 2040» құжаты аясында ортақ құндылықтарды дәріптеу маңызды басымдық екенін атап айтты.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Түркі әлемінің келешегі – 2040» атты құжат бекітілді. Ең бастысы, бауырлас елдердің бірлігін бекемдей түстік. Ортақ құндылықтарымызды төрткүл дүниеге таныттық. Біз бабалар өсиетін орындап, түркі елдерінің ынтымағын нығайтып келеміз. Ендігі мақсат – өзара сенім мен бауырластыққа негізделген бірлігімізді сақтап, өскелең ұрпаққа табыстау», – деген болатын.
Қорқыт ата – түбі бір түркі халықтарына ортақ рухани тұлға, ел бірлігі мен мәңгілік өмір идеясының символы. Оның даналығы, мұрасы, тағылымы ғасырлар бойы рухани тірегімізге айналып, ұлт пен ұрпақтың жадында сақталып келеді. Бүгінде Қорқыт мұрасын зерттеу – өткенді тану ғана емес, болашағымызға бағытталған рухани миссия. Осы мақсаттағы ғылыми ізденістер мен халықаралық байланыстар түркі халықтарының мәдени тұтастығын нығайтуға, рухани үндестігін арттыруға зор үлес қосты», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Конференцияда «Түркі мәдениеті және мұрасы» қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Әзербайжан Ұлттық Ғылым академиясы фольклор институтының директоры Хикмет Кулиев, Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Анарбай Бұлдыбай, Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Жылдыз Орозобекова, Қажы Байрам Вели атындағы Анкара университетінің профессоры Мехмет Чевик, Түркияның белгілі этномузыкатанушысы, ғалым Фикрет Каракая, Өзбекстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Ә.Науаи атындағы Мемлекеттік әдебиет музейінің директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Жоппор Эшонкұлов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жырау, ұстаз Алмас Алматов, филология ғылымдарының кандидаты Рақыш Жұмашай, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының доценті Ұлжан Байбосынова пікір білдірді.
Айта кетейік, 2018 жылы Қорқыт ата мұралары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді. Бүгінде ұлы ойшылдың рухына тағзым ету, мұрасын сақтау және кеңінен насихаттау бағытында жүйелі жұмыс жалғасуда.
Бүгінде Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалы – туристердің рухани демалыс орны, кешен басында келушілерге барлық жағдай жасалған. Қызылорда қаласындағы «Қорқыт ата кітабының 1300 жылдығына» арналған аллея жаңғыртылып, тұрғындардың саялы орнына айналды. Қорқыт ата халықаралық әуежайының жаңа терминалы іске қосылды.
Ортағасырлық тарихи-мәдени мұраларды халықаралық деңгейде таныту үшін Ұлттық музей, ТҮРКСОЙ ұйымы және Түркияның Мәдениет және туризм министрлігімен бірлескен шаралар өткізілуде. Қазба жұмыстары кезінде табылған жәдігерлер негізінде «Шірік Рабат сақ жауынгері», «Сығанақ ханшайымы», «Түгіскен көсемі», «Жетіасар ақсүйек әйелі» мүсіндері жаңғыртылып, ғылыми айналымға енгізілді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірдегі құрылыс сапасы талқыланды

15.12.2025529 Views

Мемлекет басшысы ресми сапармен Жапонияға барады

15.12.2025791 Views

Келер жылы Балқаш көлі маңындағы Лепсі станциясында жаңа вокзал ашылады

15.12.2025228 Views
Соңғы жаңалықтар

Кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірдегі құрылыс сапасы талқыланды

15.12.2025

Мемлекет басшысы ресми сапармен Жапонияға барады

15.12.2025

Келер жылы Балқаш көлі маңындағы Лепсі станциясында жаңа вокзал ашылады

15.12.2025

Мектептегі дзюдо: Қазақстанда мектеп ішінен дзюдо залдары желісі ашылды

15.12.2025

Биыл Қазақстанның энергожүйесі рекордтық 118 млрд кВт·сағ электр энергиясын өндірді

15.12.2025

Биыл республика бойынша 79 спорт нысаны салынды

15.12.2025

Грузия бағыты бойынша жаңа рейстер ашылады

15.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.