Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Қызылорда қаласында «Қожақ» көпірі – ел игілігіне қайта оралды
Аймақ жаңалықтары

Қызылорда қаласында «Қожақ» көпірі – ел игілігіне қайта оралды

17.10.2025779 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қызылорда қаласында соңғы жылдары жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Облыс орталығында және оған қарасты елді мекендерде әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлер бой көтеріп, көшелер мен алаңдар жаңарып, абаттандыру жұмыстары жанданды. Осындай игі бастамалардың бірі – Қызылөзек ауылдық округінде жүзеге асып отыр.

Тұрғындардың қауіпсіз қатынауына кедергі келтіріп келген апатты жағдайдағы «Қожақ» көпірі толықтай қайта жаңғыртудан өтіп, халық игілігіне пайдалануға берілді.

Көпірдің ашылу салтанатына ел ағалары, ауыл ардагерлері, зиялы қауым және тұрғындар жиналды. Көпірдің ресми ашылу рәсімінде сөз алған Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов тұрғындарды құттықтап, жобаның маңыздылығына тоқталды.

«Қожақ» көпірінің қайта жаңғырту жұмыстарын «N Строй Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген. Салтанатты шара барысында қала әкімі Нұржан Ахатов мердігер мекеме қызметкерлеріне өз алғысын білдіріп, бірқатар еңбеккерлерге Алғыс хаттар табыстады.

Биылғы жылы Қызылөзек ауылдық округінің инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға барлығы 1 миллиард 600 миллион теңге қаржы бөлінген. Бұл қаражат ауылдың заманауи келбетін қалыптастыруға бағытталып отыр.

Атап айтқанда, елді мекеннің электр желілері толық жаңартылуда, жол құрылыстары жүргізіліп, көшелерге күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жасалуда. Сонымен қатар, ауылда жарық бағаналары орнатылып, балалар ойын алаңының құрылысы басталып кетті.

Соңғы екі жылда Сыр өңірінің орталығында 3 жаңа көпір бой көтеріп, әуежайдан қалаға дейінгі 3 көпір қайта жаңғыртудан өтті. Сондай-ақ, Сұлтан Бейбарыс – Жаппасбай батыр көшелеріндегі теміржол үсті көпірі жаңарды, ал қазір Жанқожа батыр көшесі арқылы теміржол асты өткелі салынуда.

Міне, осы игілікті істердің жалғасы ретінде Қызылөзек ауылындағы «Қожақ» көпірінің қайта жаңғыртылуы – өңірдегі тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып отыр.

Қорытындылай келе, Сыр елінің дамуы жолындағы мұндай жобалар тек тұрғындардың өмірін жеңілдетіп қана қоймай, елді мекендердің әлеуметтік және экономикалық өркендеуіне серпін береді.

Қайта жаңғырған «Қожақ» көпірі – ел бірлігінің, өңірдің өркендеуінің және билік пен халықтың өзара түсіністігінің айқын көрінісі.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026520 Views

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026614 Views

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026920 Views
Соңғы жаңалықтар

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026

ЕРКІН ФОРМАТТАҒЫ КЕЗДЕСУДЕ ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

02.07.2026

«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНДА БАСШЫЛЫҚ ОРГАНДАР ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛДЫ

02.07.2026

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

02.07.2026

Түркістан облысында жылыжай шаруашылығын дамытуға 534 млрд теңгеден астам инвестиция салынады

02.07.2026

ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы күрестің нәтижелерін жариялады

02.07.2026

Қазақстан трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп жатыр

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.