Автор: un_admin

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. – Соңғы жылдары біз ұлттық бірегейлігіміздің маңызды факторы – тарих ғылымының дамуына ерекше көңіл бөліп жатырмыз.Бүгінгі Құрылтай тағы бір тарихи белеске тұспа-тұс келді. Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына 100 жыл толып отыр. Осы ретте Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынамын, – деді Президент.

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы басталды, – деп хабарлайды ultnews.kz. Жиынға Құрылтай мүшелері мен басқа да делегаттар қатысуда. Қазіргі уақытта спикерлер сөз алды.

Read More

Құрметті отандастар! Сіздерді әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын! Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз. Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен  жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген. Мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндеседі. Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін. Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін! Баршаңызға зор денсаулық,…

Read More

Қостанай облысында көктемгі су тасқыны кезеңіне қызу дайындық жүріп жатыр. Кешенді іс-шаралар аясында елді мекендерге Тобыл өзенінен төнетін қауіпті жерлерде мұз жару жұмыстары басталды. Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, 18 наурызда өзен бойына жақын орналасқан Константинов, Садчиков, Садовый, Алтындала елді мекендері мен Қостанай қаласының маңында мұз жару жұмысы жүреді. ТЖД мамандары тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтауды және қосымша хабарламаларды қалт жібермеуді сұрайды.

Read More

Көлік министрлігі рейстер географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыруда тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. Биылғы жылдың 29 мамырынан бастап қазақстандық SCAT әуе компаниясы «Шымкент – Сеул» бағыты бойынша Кореяға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Ұшулар аптасына екі рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады. Қазақстан мен Корея арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 8-ден 10-ға дейін артады. Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтіледі. Фото: көлік министрлігі баспасөз қызметі

Read More

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен жиында жоспардағы мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру барысы пысықталды. Оған қала, аудан әкімдері мен жауапты сала басшылары қатысты. ​Аймақ басшысы алдағы міндеттерді айқындап, нақты тапсырмалар жүктеді. «Мерекеге орай облыс орталығы мен аудандарда ашылатын нысандардың дайындығын қадағалаңыздар. «Наурызнама» онкүндігінің барлық іс-шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылуы керек. Әр күннің идеологиялық маңызын, жас ұрпаққа берер тағылымын, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлауын басты назарда ұстау қажет. Сонымен қатар, коммуналдық мекемелердің үздіксіз жұмысын, сапалы қызмет көрсетуін қатаң бақылауға алыңыздар. Бұл бағытта ешқандай мәселе туындамауы тиіс», – деді Н.Нәлібаев. Басқосуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасымен тазалық, абаттандыру және көгалдандыру аясында атқарылатын жұмыстар да нақтыланды.

Read More

Ағымдағы жылдың екі айында ішкі істер органдары 1,5 мыңға жуық есірткі құқық бұзушылығын анықтады. Оның 600-ден астамы – қылмыстық құқық бұзушылықтар. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеді. «Өткен жылмен салыстырғанда шамалы өсім бар, бұл біздің жұмысымыздың жанданғанын дәлелдейді. Есірткі қылмысы-қылмыстың жасырын түрі. Сондықтан екі айдағы статистика есірткі қылмыстарының өскенін көрсетеді. Осылайша, заңсыз айналымнан есірткі заттары көбірек алынып тасталды және олар түпкілікті тұтынушыға жете алмады», – деді ол. Спикердің мәліметінше, жыл басынан бері еліміздің ішкі істер органдары 2 тоннаға жуық есірткі затын тәркілеген, оның ішінде 120 келі есірткінің синтетикалық түрі, 140 келіден астам гашиш,…

Read More

Биыл Жамбыл облысында жалпы ұзындығы 428 шақырым болатын 76 суару каналын реконструкциялау жұмысын бастау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Қалғұты, Ақмола және Ырғайты су қоймаларының құрылысы жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі. Сондай-ақ, Теріс-Ащыбұлақ және Қарақоныз су қоймаларын реконструкциялау қарастырылған. Қордай, Жамбыл, Байзақ, Меркі және Жуалы аудандарында 53,9 гектар жерге су беру сапасын жақсарту үшін 34 жоба іске асырылып жатыр. Бүгінгі таңда 12 жоба аяқталды. Былтыр жалпы ұзындығы 137,5 шақырым болатын 37 каналда құрылыс жұмыстары аяқталды. 46 тік дренажды ұңғыма бұрғыланып, 12-сі қалпына келтірілді. «Министрлік алдағы екі жылда Жамбыл облысында 19 жобаны аяқтауды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, жалпы…

Read More

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру – әлемдік қауымдастық тарапынан био әртүрлілікті сақтаудың ең тиімді кешенді шарасы болып танылды. Тәуелсіздік жылдары Республикадағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту және құру жұмыстары нәтижесінде олардың алаңы 869 мың га-дан 30,9 млн га дейін ұлғайды. Елімізде био әртүрлілікті сақтап қалу бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде сирек кездесетін жабайы жануарлар популяциясы айтарлықтай өсті. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев ОКҚ брифингінде осылай деді. Оның айтуынша, елімізде қар барысының санын қайта қалпына келтіру бойынша бірқатар кешенді шара қабылданды, олардың негізгі тіршілік ету учаскелерінде 3,6 млн га аумағында ерекше қорғалатын…

Read More

Биологиялық әртүрлілікті сақтап қалу жөніндегі конвенция аясында Қазақстан Республикасының міндеттемелерін іске асыру мақсатында «Еліміздің био әртүрлілікті сақтау концепциясын» әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Тұжырымдаманың жобасы елдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың алаңын 12,5%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінде бұл көрсеткіш 11,3%-ды құрайды. 6 ерекше қорғалатын табиғи аумақ құру жоспарланып отыр. Атап айтқанда Арал, Жайық орманы, Ертіс жайылмасы табиғи резерваттары, Түкті ұлттық паркі, Мерке өңірлік паркі және Қызылқұм қорығы. Сонымен қатар Үстірт, Қаратау қорықтарының, Ақжайық және Иле Балхаш резерват аумақтарын кеңейту көзделген. Бұл туралы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында мәлімдеді. Ұлттық…

Read More