Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 1,4 млрд долларды құрады
Жаңалықтар

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 1,4 млрд долларды құрады

13.11.2025571 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Астанаға жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев Қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің 13-ші отырысы шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Тараптар сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту әлеуетіне тоқталды. Сауда, өнеркәсіп кооперациясы, инвестиция, энергетика, су саласы, АӨК, көлік-логистика, туризм және тағы басқа да салалардағы өзара іс-қимылға назар аударылды.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы осы жылдың 8 айында 21%-ға өсіп, $1,4 млрд-ты құрады.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың жеке қолдауы мен саяси ерік-жігерінің арқасында  соңғы жылдары қазақ-қырғыз стратегиялық әріптестігі жаңа серпінге ие болды. Бұл тұрғыда, біздің ортақ мақсатымыз – екі ел көшбасшыларының берген тапсырмаларын толық орындау және көпқырлы ықпалдастықты одан әрі кеңейту. Қырғызстан – біз үшін тату көрші, бауырлас ел ғана емес, сонымен қатар маңызды сауда-экономикалық серіктес мемлекет. Қазақстан Үкіметі ортақ мүдделерімізге сай келетін мақсаттарға бірлесіп атсалысуға дайын», деп атап өтті Олжас Бектенов.

«Мемлекеттер басшыларының бірлескен күш-жігері Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестікті сапалы жаңа деңгейге көтерді. Екіжақты байланыстарды дамытуға Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Астанаға және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бішкекке ресми сапарлары барысында қол жеткізілген маңызды келісімдер ықпал етті. Үкімет алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салады», деп атап өтті Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев.

Отырысқа қатысушылар Үкіметаралық кеңестің алдыңғы отырысында қабылданған бірлескен шаралардың жүзеге асырылу барысын қарады. Энергетика және сумен жабдықтау салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа, сондай-ақ инвестициялық өзара іс-қимылға назар аударылды.

АӨК саласындағы өсудің жаңа бағыттары белгіленді. Биылғы 8 айда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сауда көлемі 42%-ға өсіп, $326 млн-ды құрады, оның 80%-дан астамы – Қазақстаннан шығатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты.

Тау туризмі – ынтымақтастықтың келешегі зор бағыттарының бірі. Екі ел аумағында орналасқан Хан Тәңірі шыңында тау туризмі бағыттарын жандандыру мәселелері талқыланды.

Биыл Бішкекте мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимыл аясында бірқатар іс-шара өтті, оның ішінде Қазақстандық кино күндері, ҚР халық әртісі, композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына арналған концерт және тағы басқа да іс-шаралар бар. Көрнекті жазушылар Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовқа арналған «Қазақ-қырғыз достығының алтын көпірі» ескерткіші мәдениетаралық диалогтің символына айналды.

Қазақстан мен Қырғызстан үкіметтері ынтымақтастықтың барлық негізгі бағыты бойынша екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге ниетті екенін растады.

Жиын соңында Қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің 13-ші отырысы хаттамасына қол қойылды.

Аяна ТОҒАНБЕК

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

2026 жылы ел тұрғындары қанша күн демалады?

13.11.2025527 Views

Сәтсіз сынақ: Қытайлық Chery компаниясының басы дауға қалды

13.11.2025448 Views

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аяқталды

13.11.2025596 Views
Соңғы жаңалықтар

2026 жылы ел тұрғындары қанша күн демалады?

13.11.2025

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 1,4 млрд долларды құрады

13.11.2025

Сәтсіз сынақ: Қытайлық Chery компаниясының басы дауға қалды

13.11.2025

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аяқталды

13.11.2025

Ақмола өңіріндегі бірқатар өзен тазартылып, түбі тереңдетілді

13.11.2025

Жұмысшы мамандықтар жылы: колледж педагогтерінің кәсіби деңгейі көтерілуде

13.11.2025

АӨК-ті жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы тұрақты нәтижелер көрсетуде

13.11.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.