Автор: un_admin

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде ғылымды дамыту және цифрландыру мәселелері, Үкімет қаулыларының жобалары қаралды. Үкімет отырысынан кейін өткен мәжілісте осы және басқа да мәселелер талқыланып, міндеттер айқындалды. Қызылорда қаласы, аудан әкімдері мен жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді. Елімізде Жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес білім сапасын және ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар маңызды жоба бар. Бүгінде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Оңтүстік Корея Республикасының Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетімен (СеулТех) бірлесіп, өткен жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасында Жасанды интеллект институты ашылды.…

Read More

АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында шымылдығы түрілген жүлде қоры 9 693 540 долларды құрайтын аса ірі халықаралық турнирде өнер көрсеткен Қазақстанның төрт теннисшісінің үшеуі алғашқы айналымнан аса алмады.  Тұсаукесер кездесулерінде Александр Бублик (АТР №82) жапониялық Юсуке Ватунакиге (АТР № 349) және Александр Шевченко (АТР № 98) аустралиялық Ринки Хиджикатаға (АТР № 83) есе жіберді. Қос қызымыз жарысты екінші кезеңнен бастады. Юлия Путинцева (WTA № 20) чехиялық Катерина Синяковаға (WTA № 59) жарытып қарсылық көрсете алмады – 2:6, 2:6. Елена Рыбакина (WTA № 7) әу баста франциялық Сюзан Ламменске (WTA № 64) сан соқтырды – 6:3, 6:3. Одан кейін ұлыбританиялық Кэт Бултермен (WTA №…

Read More

WBC ұйымы кәсіпқой бокстан өтетін Гран-при турнирінің жаңа нұсқасын ұсынып отыр. Соған сай 41 мемлекеттен келген 128 былғары қолғап шебері бес ай бойы бір-бірімен жұдырықтасып, мықтыларды анықтайды. Бұл жарыстың кестесі мынадай: 1/16 финал – сәуірде (64 кездесу), 1/8 финал – маусымда (32 кездесу), ¼ финал – тамызда (16 кездесу), жартылай финал – қазанда (8 кездесу) және финал – желтоқсанда (4 кездесу). Қазақстаннан бұл жобаға Жолдас Жеңісов (7-0, 3 КО), Нұрқанат Райыс (1-0, 0 КО) және Санатәлі Төлтаев (2-0, 1 КО) қатысады деп күтілеуде.

Read More

1801 жылдың 11 наурызында Ресей патшасы І Павелдің жарлығымен Еділ мен Орал өзендерінің арасында 1801-1876 жылдар аралығында өмір сүрген Ішкі немесе Бөкей ордасы құрылды. Бөкей хандығының құрылуы – қазақ халқының тарихында маңызы ерекше оқиға. Кіші жүз азаматтарының ыждағатымен қазақтар Жайық өзенінің оң жақ бетіндегі бедерінің бұрынғы атамекеніне қайта қоныс аударып, бекініп алуының, кейінірек дәстүрлі қазақ жерінің бір бөлігін біржола иемденіп қалуының сәті түсті. Атақты Жәңгір хан Ішкі Ордада хан билігін сақтап қалды, сол арқылы Қазақ мемлекеттілігінің 1845 жылға дейін өмір сүруін қамтамасыз етті. Оның ағартушылық және реформаторлық қызметінің арқасында Еділ мен Жайық арасындағы қазақтар өздерінің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-ағарту салаларында елеулі…

Read More

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасында «Абай академиясының» 2024 жылы атқарған жұмыстарының есебі беріліп, болашақ бағдары таныстырылды. Сондай-ақ «Қазіргі Қазақстан және Абай Құнанбайұлының мұрасы қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар аспектісінде» жобасы негізінде жарық көрген кітаптардың тұсаукесері өтті. Ақынның әдеби мұрасын адам мен қоғам, білім мен ғылым, дін мен дәс­түр, мемлекет пен билік, тіл мен мәдениет бағыттары аясында жа­ңаша зерттеп, рухани кемел ұлт қа­лыптастырудың ұстыны ретінде хакім шығармашылығын жан-жақты насихаттауды мақсат еткен зерттеу орталығының басқосуына белгілі абайтанушы ғалымдар,  сонымен қатар жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Салтанатты жиын университет ректоры, «Абай академиясы» жобасының ғылыми жетекшісі, академик Ерлан Сыдықовтың алғысөзімен ашылды. Әрі қарай жиын модераторы,…

Read More

Бүгінде автокөлік – көптеген отандасы­мыздың сенімді серігі, қажетті құралына айналды. Алайда жаңа немесе сапалы қол­даныста болған көлікті бірден сатып алу көпшілікке қиын. Осы ретте авто­несие тиімді шешім болуы мүм­кін. Елдегі банктер қандай шарттар ұсы­наты­нын, ең тиімді ұсыныс қайсы екенін қарастырайық. Бізде екінші деңгейлі 21 банктің 10-ы авто­несие береді. Оның ішінде халыққа кеңінен қолжетімді 7 банк белсенді түрде өз қызметін ұсынып отыр. Автонесиені таңдау кезінде ең маңызды көрсеткіштердің бірі – жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (СЖТМ). Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бекіткен ережеге сәйкес, мұндай несиеде максималды СЖТМ 35%-дан аспауға тиіс. Осы шек аясында банктердің ұсыныстарын салыстырып көрейік. Ең төменгі мөлшерлемені…

Read More

Сауд Арабиясының Жидда қаласында өткен келіссөз нәтижесінде  АҚШ пен Украина атысты 30 күнге  тоқтату туралы ымыраға келді. Алайда Украина бұл талап Ресей тарапынан да бір мезетте орындалуы тиіс екенін жеткізді. АҚШ өз кезегінде Ресей басшылығына бұл талаптың екі жақты орындалуы бейбітшілікке жетудің негізгі факторы екенін жеткізуге уәде берді. Сонымен қатар, Вашингтон Украинаға қауіпсіздік саласындағы көмекті қайта жандандырып, барлау мәліметтерімен алмасуды жалғастыратынын айтты. «Владимир Путин келіседі деп үміттенемін. Олай болмағанда жағдай бұдан да қиындайтыны сөзсіз.  Апта сайын мыңдаған сарбаз опат болып, бейбіт тұрғындар да  зардап шегіп жатыр. Өткенде Ақ үйде болған дауға қарағанда қазір дұрыс жолға түстік», дейді АҚШ президенті Дональд…

Read More

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім шығарды. Сотқа бұл жөнінде Әділет департаменті шағымданған. Ресми мәліметтерге сәйкес, аталған заңды тұлға 2021 жылғы 11 қазанда мемлекеттік тіркеуден өткен. Бірлестіктің 10 құрылтайшысы болған. Алайда қылмыстық істі тергеу барысында қолжазба сараптамасы жүргізіліп, 10 құрылтайшының 9-ының атынан құжаттарға жалған қол қойылғаны анықталған. Сараптама нәтижесінде барлық қолды Перизат Қайрат қойғаны белгілі болған. Осыған байланысты сот құқық бұзушылықтарды ескере отырып, ұйымды мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім қабылдады. Фото: Ашық дереккөз

Read More

Көктем келісімен әскерге шақыру науқаны басталды. Алғашқы лекпен елордадан 25 азамат Шығыс Қазақстан облысындағы Шекара қызметінің әскери бөлімшесіне аттанды. Алдағы уақытта тағы мыңдаған бозбала армия қатарын толықтырады. Олар қайтіп іріктеледі? Республиканың әр түкпірінде құрылған комиссия қалай жұмыс істеп жатыр? Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғандарға қандай мүмкіндіктер мен жеңілдіктер бар? Осы секілді сауалдарды арқау етіп Астана қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің пунктіне арнайы бардық. Жауынгерлерді жасақтау жұмысы Кірген бетте «Сап түзе!» деген әскери бұйрыққа елең ете қалдық. Бойлары ұзын­ды-қысқа топырлаған бозбала әп-сәтте бір қатарға дене­лерін тіктей тұра кетті. Бұл – көктемгі әскерге ша­қыру науқанының қызған шағы. Сарбаз өмірі, қыз­мет­тің қал­тарысты тұстары…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Әзербайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Президент мейманға ілтипат білдіре отырып, сан қырлы мемлекетаралық байланысты одан әрі нығайту тұрғысынан бұл кездесудің маңызын атап өтті. «Сіздің сапарыңыздың бауырлас Әзербайжан елімен ынтымақтастығымызды одан әрі ілгерілету тұрғысынан мәні зор. Біз үшін Әзербайжанмен қарым-қатынас ерекше маңызға ие. Біз Сіздің еліңізді сенімді стратегиялық серіктес және одақтас ретінде қарастырамыз», деді Президент. Өз кезегінде Әзербайжанның Сыртқы істер министрі дәстүрлі түрде қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, екіжақты қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Джейхун Байрамов орайлы сәтті пайдалана отырып, әзербайжандық әуе желісіне тиесілі ұшақтың Ақтаудағы…

Read More