Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Ақмола өңіріндегі бірқатар өзен тазартылып, түбі тереңдетілді
Жаңалықтар

Ақмола өңіріндегі бірқатар өзен тазартылып, түбі тереңдетілді

13.11.2025177 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Ақмола өңірінде су тасқынына қарсы қауіпсіздік басым бағыт болып саналады. Аймақта 494 көл мен 111 өзен бар. Осы жылы әкімдік су тасқынымен күресуден олардың себептерін жоюға көшті. Биыл тұрғындар мен инфрақұрылымды қорғауға бағытталған ауқымды жұмыс атқарылды Қалқұтан, Нұра, Шағалалы, Жабай өзендерін тазалау және түбін тереңдету жұмыстары жүргізілді. Облыста өзендерді тазалау және түзету бойынша атқарылған жұмыстың жалпы ұзындығы 44 шақырымды құрады. 18 қауіпті, әрі маңызды гидротехникалық құрылыстарды нығайту және қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Бұл көктемгі кезеңде 80 млн текше метр еріген суды қауіпсіз реттеуге мүмкіндік береді. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында осылай деді.

Оның хабарлауынша, 46 шақырым арна мен арықтарды жөндеу мен кеңейту, сондай-ақ 28 шақырым қорғаныс біліктерін нығайту жұмыстары жүргізілді. Бұл көктемгі кезеңде қар суының қауіпсіз ағымын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақмола облысы үшін жол инфрақұрылымын дамыту өте маңызды, себебі оның аумағымен астананы еліміздің басқа өңірлерімен қосатын көлік дәліздері өтеді.

«Жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының ұзындығы шамамен 8 мың шақырымды құрайды. Ағымдағы жылы облыс жолдарын салуға және жөндеуге 115 млрд теңге қарастырылды. Оның ішінде, 65 млрд теңге жергілікті маңызы бар жолдарға және елді мекендерде көшелерді жөндеуге жұмсалды. Ең алдымен, бұрын басталған жобаларды жүзеге асыруға басты назар аударылды. Соңғы үш жылда жергілікті маңызы бар жолдардың және елді мекендерде көше-жол торабының шамамен 2,5 мың шақырым салынып, жөнделгенін атап өту қажет», – деді әкім.

Айта кетерлігі, Ақмола облысы Қазақстандағы туризм драйверінің бестігіне кіреді. Биыл көрсетілген қызметтердің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 121%-ға артты, 14 млрд  теңгеге қол жеткізілді. Болжам бойынша туристер легінің жылдық көрсеткіші 1,5 млн адамнан асады. Щучинск-Бурабай курорттық аймағы елде туризмді дамытудың үш орталығының бірі болып айқындалды. Курорттық аймақты 2029 жылға дейін дамытудың кешенді жоспары бекітілді. Биыл курорттың ең көркем жерлерінде 8 алаң, қазіргі заманғы веложол салынды. Ойын элементтері бар бірегей Бөлектау эко жаяу жолы ашылды. Маусымда алғаш рет тікұшақ экскурсиясы іске қосылды. Сонымен қатар Астанамен тікелей қатынас орнату үшін шағын әуежай ашу мәселесі пысықталуда.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026691 Views

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026515 Views

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202674 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.