Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ: ӘРБІР ТАПСЫРМА ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ
Аймақ жаңалықтары

АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ: ӘРБІР ТАПСЫРМА ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ

12.11.2025529 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін аудан әкімі Алмасбек Есмахановтың төрағалығымен аудандағы мәдениет және спорт саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы межеленген жоспарларды талқылауға қатысты арнайы аппарат мәжілісі өтті.
Мәжілістің күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Орысбек Жамшейтов пен аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Райса Тасыбаева баяндама жасады.
Аудан басшысы алдымен спорт саласындағы мәселелерге тоқталып, мұндағы жұмыстарыңыздың басты көрсеткіші – спортшылардың жетістіктерімен бағаланатындығын айтты. Осы орайда, бөлім басшысына соңғы үш жылда ауыл спортшыларының спартакиадасында жалпыкомандалық есепте үздік үштікке ауданның ілінбегендігін айтып, қатаң сынға алды. Сондай-ақ өңірдегі бұқаралық спортты дамытудағы спорт нұсқаушыларының маңыздылығы жөнінде сөз қозғап, спорт нұсқаушыларының жұмысынан оң нәтиже шығару керектігін ескертті. Бұдан бөлек, ауданда ұлттық спорт түрлері мен туризм саласын дамыту бағытында да нақты тапсырмалар берді.
Мұнан кейін аудан әкімі мәдениет саласындағы жұмыстарға тоқталып, аймақ басшысының бастамасымен қолға алынған «Адал адам» рухани-мәдени орталықтарының жұмысының өз деңгейінде жүргізілмей жатқандығын айтты. Бұл бойынша аудан орталығымен қатар барлық ауылдық округтерде жобада көрсетілген жеті бағыт бойынша жұмыстарды жандандырып, ауыл-аймақтағы қаншама өнерлі жастарға қолдау көрсетіп, олардың талантын ашу бойынша жұмыс жасауды тапсырды. Сонымен қатар жыл сайын жоспарға сәйкес өтетін шаралардан бөлек, әрбір мәдениет үйлері жанындағы үйірмелердің жұмысын жандандыруды айтты. Кітапханалардың, өлкетану музейлері жұмыстарының да өз деңгейінде жүргізілмей жатқандығын жеткізіп, мұндай рухани орындарға тұрғындардың әсіресе жастардың қызығушылығын ояту бағытында бірлесе жұмыс жасауды қолға алуды және «Руханият» орталығы ғимаратында тиімді пайдалануды тапсырды.
Аудан әкімі қос саланыңда алдағы уақытта материалдық-техникалық базасын жаңартуға тиісті қаржы бөлуге қолдау көрсететіндігін, тек ауданның абыройы үшін бірлесіп нәтижелі жұмыс жасау керектігін жеткізді.
Мәжілісте аудан басшысы тиісті сала басшылары мен әкімдерге барлық мәдениет үйлері мен клубтардың, спорт мектептері мен кешендердің аумақтарында, спорт және ойын алаңдарындағы санитарлық-тазалық, абаттандыру, оларды күтіп ұстау жұмыстарына байланысты кемшіліктерді слайд арқылы атап көрсетіп, 10 күн мерзім ішінде аталған кемшіліктерді шұғыл қалпына келтіруді тапсырды. Жиын соңында Алмасбек Әбілқасымұлы мәжілісте берілген әрбір тапсырманың орындалуымен құнды екенін ескертіп, әрбір тапсырманың нәтижелі орындаулы тікелей өзінің бақылауында болатынын жеткізді.
Аудан әкімі мәжілістің күн тәртібіндегі мәселелермен қатар азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру мәселесіне байланысты да тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Осы жылдың күзгі мерзімді әскерге шақыру жұмыстары барысында Қазалы ауданына 96 азаматқа тапсырыс беріліп, әзірге оның 36-сы әскерге аттанып, 37,5% пайызға орындалған. Бұл мәселеге байланысты тиісті сала басшылары мен әкімдерге күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, қатаң бақылауға алу, әскери қызметке шақырылушылардың уақытылы медициналық сараптамадан өтуін қамтамасыз ету, әскерден жалтарып жүрген азаматтарды әскерге тарту және ондай азаматтарға тиісті шара қабылдау жұмыстарын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Абай облысы қалай дамып жатыр: Берік Уәли Орталық коммуникациялар қызметінде алдағы жоспарлар туралы баяндады

12.11.20251 457 Views

Облыста кеңейтілген аппараттық кеңес өтті

12.11.2025591 Views

Мемлекет басшысы «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойды

12.11.2025571 Views
Соңғы жаңалықтар

АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ: ӘРБІР ТАПСЫРМА ОРЫНДАЛУЫМЕН ҚҰНДЫ

12.11.2025

Абай облысы қалай дамып жатыр: Берік Уәли Орталық коммуникациялар қызметінде алдағы жоспарлар туралы баяндады

12.11.2025

Облыста кеңейтілген аппараттық кеңес өтті

12.11.2025

Мемлекет басшысы «Белгісіз жауынгер бейіті» ескерткіш мемориалына гүл шоғын қойды

12.11.2025

2 миллионға жуық қазақстандық тұмауға қарсы вакцина алды

12.11.2025

Дәрігерлер әлемдегі ЖРВИ мен тұмау бойынша қазіргі жағдай туралы айтты

12.11.2025

Медицина қызметкерлері ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу ережелерін еске салды

12.11.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.