Бүгін Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев бір емес, үш атом электр стансасын салып, толыққанды ядролық кластер қалыптастыру қажет деп есептейтінін айтты. «Азаматтарымыз референдумда бірінші атом электр стансасын салу туралы шешімге қолдау көрсетіп, осы міндетті орындауға жол ашып берді. Бұл қадам алыс болашақтағы ахуал қалай болатынын ескере отырып, энергетика саласын кешенді түрде, жан-жақты ойластырып дамыту қажеттігін көрсетеді. Мәселе еліміздің энергияға деген қазіргі сұранысын қанағаттандыруға ғана тіреліп тұрған жоқ. Біз үшін ел экономикасының ондаған жыл бойы қарқынды дамуына берік негіз болатын жаңа энергетика саласын қалыптастырудың стратегиялық маңызы бар. Мен, дәл сол себепті, Қазақстанға бір емес, үш атом электр стансасын…
Автор: un_admin
Тың игеру науқаны басталғанға дейін Ресей қазақтары балаларын ұлттық мектепте өз ана тілінде оқытқанын біреу білсе, біреу білмес. Мысалы, 2005 жылы Орынбор қаласында жарық көрген «Орынбор қазақтары: тарих және қазіргі заман» деп аталатын жинақта қазақ мектептерінің тағдыр-талайы туралы аз-мұз дерек кездеседі. Аталған жинаққа мақаласы енген Орынбор мемлекеттік аграрлық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Галина Кораблева Чкалов облыстық білім бөлімінің архивтік деректеріне сүйене отырып, 1943–1944 жылдары облыста 103 қазақ мектебі болғанын жазады. Оның 88-і бастауыш, 14-і толық емес орта, біреуі орта мектеп болған. Бұл жерде Орынбор облысының сол кездегі атауы 1938–1957 жылдары Чкалов болғанын ескерте кету керек. Ғалымның дерегінше, соғыстан кейінгі…
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстың алдын алу мақсатында Қызылорда қаласында 272 дана бейнебақылау камералары, 5 дана зияткерлік бейнебақылау камералары, 20 дана «Аркан», 1 дана «Мираж» стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғысы және 5 дана «зияткерлік қиылыс» жұмыс атқаруда. Орнатылған камералар қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті арттырып, қылмыстың орын алуын тыяды. Жыл басынан бері камера көмегімен 30 қылмыс анықталған. Полиция қызметіндегі жаңашылдықты облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Сәбит Ибадулла Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында баяндап берді. — Автоматты режимде жұмыс жасайтын құрылғыларымен 5241 жол қозғалыс ережелерін бұзушылықтар анықталып, айыппұл салынды. Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін Қызылорда қаласына 1400 дана бейнебақылау камераларын және…
Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын орындау мәселесі қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан кейін аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте осы және өзге де мәселелерге орай бағыт-бағдар белгіленіп, Қызылорда қаласы, аудан әкімдері мен жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктелді. «Құрылтайда еліміздегі салық саясаты, нақты секторды дамыту, инвестиция тартумен қатар, қазіргі қоғамдағы уақыт белдеуі, ұрпақ тәрбиесі, ономастика саласы, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау секілді өзекті мәселелер көтерілді. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде «Биыл ел астанасын Қызылордаға көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына және халқымызға «қазақ» атауының…
11-14 наурыз аралығында елімізде «Мигрант» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Шара барысында көші-қон заңнамасын бұзудың 10 мыңға жуық фактісі тіркелді. Мәселен, 4,5 мың шетелдік азамат елде болу мерзімін бұзған. 2,5 мыңы заңсыз еңбек қызметімен айналысқан. Оның ішінде 60 заңсыз такси жүргізушісі бар. ІІМ бұған дейін жүргізілген арнайы операция кезінде 700-ге жуық заңсыз такси жүргізушісі анықталғанын да мәлімдеді. 1240 шетелдік сот шешімімен елден шығарылып, оларға бес жылға Қазақстанға кіруге тыйым салынды. «Заң бұзушылардың басым бөлігі жақын шет мемлекеттен келгендер. Бірақ одан бөлек Бангладеш, Египет, Италия, Нигерия және Мадагаскар азаматтары да анықталды. Іздеуде жүрген 20 шетелдік ұсталды», деді ІІМ көші-қон қызметі комитетінің төрағасы…
Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АҚШ-тың Финикс қаласында өткен Challenger турнирінің финалында ұтылды. Финалдық сайыста ол бразилиялық Жоао Фонсекамен кездесті. Бұл бәсеке өте тартысты өтіп, екі сет те тай-брейкке ұласты. Десек те шешуші тұста ширақ қимылдаған Фонсека 7:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Аталған турнирде финалға шыққанының арқасында ол АТР рейтингтінде екі сатыға жоғарылап, қазіргі кезде 80-орынды иеленіп отыр. Үздіктер тізімінде Александр Шевченко өз орнын сақтап қалды. Отандасымыз 98 сатыға жайғасты. Ал Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин өткен аптамен салыстырғанда жағдайларын жақсартты. Бұл күндері олар 160 және 175 орындарды еншілеп тұр. Көш басында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Бұл ретте үздік үштіктің…
Еліміздің Ұлттық Олимпиадалық комитетінің (ҰОК) президенті, World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин Сауд Арабиясына сапары барысында бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Эр-Риядтағы кездесуде Сауд Арабиясы ҰОК бас хатшысының кеңсе директоры Нассер Мунир, сол мемлекеттің Бокс федерациясының президенті Абдулла Аларби, World Boxing ұйымының бас хатшысының міндетін атқарушы Майк Макатти және Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев бос қосты. Сауд Арабиясының Бокс федерациясы World Boxing ұйымына қосылғанын растады. Кездесу барысында тараптар олимпиадалық бокстың болашағын, оның ішінде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпия ойындарындағы мәртебесін, сондай-ақ, бұл спорт түрін қолдаудағы Сауд Арабиясының рөлін талқылады. Сонымен қатар жақында бокстың Бахрейн-2025 жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарына енгізілуі…
Қарасай аудандық мәслихатының бұрынғы депутаты 2 айға қамауға алынды. Күдікті мемлекеттен субсидия алу мақсатында Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасына «Награда» түріндегі таңқурай көшеттерін сатып алу туралы жалған құжаттар ұсынған. Нәтижесінде ол 474 миллион теңге субсидия алып, ақшаны заңсыз пайдалану үшін жеке кәсіпкермен жалған келісімге келген. «Аталған жалған келісімдер мен төлем құжаттары негізінде 431 млн теңге сомаға қолма-қол қаражат алынды. Сонымен қатар, ұрланған қаражаттарды заңды айналымға тарту мақсатында ол жұбайының атынан бағалы қағаздармен операциялар жүргізіп, қосымша 89 млн теңге қылмыстық табыс тапқан. Қылмыстық табысқа ол Алматы қаласынан екі бөлмелі пәтер және «Toyota Highlander» автокөлігін сатып алған», делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.…
Жыл басынан бері мемлекеттік жәрдемақылармен, сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) баланы босануға және бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төлемдермен жалпы сомасы 153,6 млрд теңгеге 211,3 мың адам қамтылған. Ал бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2025 жылдың басынан бастап республикалық бюджеттен барлығы 11,2 млрд теңге сомаға 62 мың адам қамтылды, оның ішінде ақпан айында 5,1 млрд теңгеге 28,3 мың адам алды. Бұл жәрдемақыға бала туған, асырап алған, сондай-ақ қамқорлыққа алған балалары бар еліміздің азаматтары, қандастар, сондай-ақ Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер үміткер бола алады. Балаға күтім жасайтын адам міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болып табылмаған жағдайда…
Мемлекет басшысы Халықаралық орыс тілі ұйымы Бас хатшысының орынбасарлығына ұсынылған Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына қарасты Дипломатия институтының директоры Алексей Волковты қабылдады. Аталған құрылым мүше мемлекеттермен гуманитарлық бастамаларды ілгерілету, мәдениет, ғылым және білім беру салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында құрылған. Ұйымның Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан секілді алты құрылтайшысы бар.