Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Биыл павлодарлық шаруалар 1,1 млн тонна астық жинады
Аймақ жаңалықтары

Биыл павлодарлық шаруалар 1,1 млн тонна астық жинады

19.12.2025550 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында өңірдегі бірқатар саланың даму жайына тоқталып өтті. Өңір ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі бойынша елде көш бастап тұр. Биыл бұл көрсеткіш 225 млрд теңгеге жеткізілмек. Нәтижесінде диқаншылар рекордтық 1,1 млн тонна астық жинады. Саланың дамуы азық-түлік бағаларының тұрақты сақталуына септігін тигізіп отыр.

Облыс бюджетінің жартысынан көбі әлеуметтік салаға теисілі. Жұмыссыздық 4,8% деңгейінде сақталуда. 25,5 мың жаңа жұмыс орны құрылды.

Өңірде апаттық мектептерді жою және оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында 5 жаңа мектеп салынды. Қосымша 2 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оған қоса, 20 млрд теңгеге 58 әлеуметтік нысанды жөнделіп, 22 жаңа нысан салынып жатыр. 32 спорт алаңы мен кешен ашылды. 11 жаңа спорт нысанының құрылысы жалғасуда.

Медициналық нысандардың жабдықталуы 100%-ға жетті. Инвестициялар өз нәтижесін айқын көрсетуде.

Халықаралық және республикалық олимпиадалар мен конкурстарда павлодарлық оқушылар өңір абыройын көтеріп, 329 медальды еншіледі. Облыстың олимпиадалық командасы республикалық сайыстар қорытындысында «Қазақстан Республикасының үздік олимпиадалық командасы» атанды.

Ал, халықаралық білім додаларында дарынды оқушылар 50 медаль жеңіп алып, ел намысын әлем алдында жоғары деңгейде қорғады. Облыс спортшылары да республикалық және халықаралық жарыстарда 3 мыңнан астам медаль жеңіп алды.

«Биыл біз ұлы жерлестеріміздің мерейтойларына арналған ауқымды білім беру және мәдени шаралар легін өткіздік. Олардың қатарында Жаяу Мұсаның 190 жылдығы, Иса Байзақовтың 125 жылдығы, сондай-ақ журналист, сатирик-жазушы Қадыр Тайшықовтың 100 жылдығы бар. Қуат Әбусейітовтің, Қалмұқан Исабаевтың шығармашылық мұрасы да лайықты дәріптелді. Сондай-ақ биыл Антон Чехов атындағы драма театры өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтсе, Екібастұз қаласында жаңа театрдың ашылуы – өңір мәдениетінің өрісін кеңейтті», – деді спикер.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026856 Views

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026547 Views

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

06.05.2026951 Views
Соңғы жаңалықтар

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

06.05.2026

Тұңғышбай Жаманқұлов бұрын-соңды ел естімеген шындықты айтты

06.05.2026

Алматы әуежайына шұғыл қонған швейцариялық Swiss ұшақтың құпиясы ашылды

06.05.2026

20 млн тонна: Қазақстан әлемдік мыс қоры бойынша 12-орынға шықты

06.05.2026

Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

06.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.