Облыс әкімдіктері гидротехникалық нысандарды коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың балансына беру бойынша жол карталарын әзірледі, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі. Осы жол карталарына сәйкес, биыл 120 гидротехникалық нысанды кәсіпорындардың балансына қабылдау жоспарланып отыр. 2026 жылы – 245, ал 2027 жылы – 465 нысанды қабылдау көзделген. Сонымен қатар 1 937-ге жуық гидротехникалық нысанды коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беру жоспарда бар. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, бүгінде өңірлерде коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқару жөніндегі 16 мамандандырылған ұйым құрылып, жұмыс істеп жатыр. Соның ішінде 10 ұйым 2024-2025 жылдары құрылған. Қазіргі таңда бұл ұйымдардың балансына 872 нысан…
Автор: un_admin
ҚР Оқу-ағарту министрлігі мектепке дейінгі, орта, арнайы білім беру педагогтеріне олардың бейіндік қызметтеріне қарай пәндік және цифрлық құзыреттерді дамыту, сондай-ақ инклюзиялық білім беру бойынша курстарды тұрақты түрде өткізуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Былтыр «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында 80 мыңнан астам педагог тегін курстардан өтті. Оның ішінде 57,8 пайызы – ауыл мектептерінің мұғалімдері. Ал осы жылдың басынан бері мұндай курстарға 39 мыңнан астам педагог қатысты. 2025 жылдың қыркүйегі мен желтоқсан айының аралығында Қазақстанда тағы 30 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Бағдарламалар бастауыш сыныптан бастап, қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән мұғалімдерін қамтиды. Сондай-ақ тыңдаушылардың бір бөлігі инклюзивті білім беру,…
2024-2025 оқу жылында 1720 қазақстандық оқушы 35 халықаралық олимпиада мен ғылыми байқауға қатысып, 1006 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 193 алтын, 349 күміс және 464 қола медаль бар. Яғни, әрбір екінші қатысушы жүлдегер атанды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, былтыр 571 оқушы небәрі 172 медаль иеленген. Соның ішінде, Қазақстан оқушылары әлем бойынша ең беделді саналатын 7 олимпиадада 27 жүлде еншіледі. «Дарынды балаларымыз 4 алтын, 13 күміс, 10 қола алып, еліміздің абыройын асқақтатты. Бұл да өткен жылғы нәтижелерге қарағанда жоғары көрсеткіш. Мұндай айтулы жетістіктер – тұрақты мемлекеттік…
Президент тапсырмасына сәйкес елімізде оқушыларға арналған жаңа жоба қолға алынды. Алматы қаласында заманауи үлгідегі «Үркер» білім беру орталығы салынады. Жобаның негізгі мақсаты – еліміздің дарынды оқушылары мен жастарға тең мүмкіндік беріп, олардың ғылым, өнер, технология және кәсіпкерлік салаларындағы әлеуетін дамыту арқылы Қазақстанның интеллектуалдық, мәдени және инновациялық өркендеуіне үлес қосатын жаңа көшбасшылар буынын қалыптастыру. ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді. Оның хабарлауынша, бұл орталық еліміздегі дарынды балаларға арналған білім беру жүйесі дамуының жаңа кезеңіне айналмақ. Мұнда оқушылар халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа білім беру бағдарламалары арқылы ғылыми-зерттеу және шығармашылық қабілеттерін ашып, білімдерін…
Дарынды балаларға білім беру жүйесін жетілдіру мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы соңғы үш жыл көлемінде ғылыми зерттеумен айналысып, жүйелі мониторинг жүргізді. Аталған зерттеулерге 32 білім беру ұйымы қатысып, психологиялық тестілер мен әдістемелер үш кезеңдік апробациядан өтті. Нәтижесінде маңызды деректер жиналып, педагогтерге оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруға арналған әдістемелік ұсынымдар дайындалды. Бұл туралы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ғаждембек Тұрсынов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Оның айтуынша, мониторинг барысында оқушылардың дарындылық түрлері анықталды: жалпы зияткерлік (академиялық) дарындылық; ақпараттық-коммуникативтік дарындылық; шығармашылық дарындылық; әлеуметтік дарындылық; спорттық дарындылық. Әрбір бағыт бойынша арнайы ұсынымдар әзірленіп, білім беру моделіне енгізілді. Бұл ұсынымдар әр баланың өзінің білім…
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Amazon компаниясының аға вице-президенті, жаһандық және құқықтық мәселелер жөніндегі бас директоры Дэвид Запольски цифрландыру, байланыс және жасанды интеллект салаларындағы ынтымақтастықтың жай-жапсарын талқылады. Президент Amazon компаниясының еліміздің Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен, сондай-ақ «Қазақтелеком» компаниясымен бірлескен жобаларды жүзеге асыру жоспарына қолдау білдірді. Ынтымақтастық Қазақстан аумағындағы жылдамдығы жоғары интернетті қамтамасыз ету және киберқауіпсіздікті нығайту секілді стратегиялық маңызды бағыттарды қамтиды. Amazon тек елімізге қатысты жобаларды жүзеге асырумен шектелмей, Қазақстанды спутниктік байланыстың өңірлік хабын қалыптастыруға болатын алаң ретінде қарастырып отыр. Қазақстан Президентінің Нью-Йоркке жұмыс сапары аясында «Қазақтелеком» және Amazon Kuiper компаниялары Kuiper спутник желісінің қызмет көрсетуіне қатысты дистрибьюторлық келісімге қол…
Абайдың 180 жылдығына арналған «Сұлу Сырдан — ұлы Абай еліне» атты Қызылорда облысының өнер күндері Өскемен қаласында жалғасын тапты. Сырдың бойынан Ертіс жағасына сапар шеккен делегацияны облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастап барды. Делегация құрамында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Н.Байқадамов, Р.Рүстемов, М.Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, аймақ ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар, симфония оркестрлері, «Сыр самалы» вокалды-аспапты, «Томирис» би ансамбльдері, хор ұжымы, басқа да өнерпаздар бар. Шығыс Қазақстан облыстық филармониясына жиналған көрерменге өнерпаздар ән-жырдан шашу шашты. Аймақ басшысы ұлт руханияты мен мәдениетінің, әдебиеті мен өнерінің қайнар бастауындағы тұлғалар түлеген Шығыс жұртшылығына ізгі тілегін білдірді. «Өз заманынан…
Абайдың 180 жылдығына арналған «Сұлу Сырдан — ұлы Абай еліне» атты Қызылорда облысының өнер күндері Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскеменде жалғасты. Сыр елінің сәлемін еліміздің шығысына жеткізген делегацияны облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастап барды. Делегация құрамында Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Н.Байқадамов, Р.Рүстемов, М.Ергешбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Дүйсенбаев, аймақ ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар, симфония оркестрлері, «Сыр самалы» вокалды-аспапты, «Томирис» би ансамбльдері, хор ұжымы, басқа да өнерпаздар бар. Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «Сыр өңірі – түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрме ашылып, Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов және өскемендіктер Қызылорда…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына орай, Шиелі ауданында ауылдардың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттырып, тұрғындардың белсенділігін ынталандыру мақсатында «Ауыл күндері» байқауы бастау алған болатын. Бұл ауқымды жоба — еңбек адамдарының мәртебесін көтеріп, ауыл тіршілігін жандандыруға, ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты нығайтуға бағытталған. Байқау аясында елді мекендерде абаттандыру, мәдени-танымдық іс-шаралар, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері өткізіліп, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызы кеңінен насихатталуда. «Ауыл күндері» байқауы бұған дейін көркейген, абаттандырылған Руханият алаңының алдында және халық игілігіне берілген жаңа «Денсаулық аллеясында» өткен болатын. Әр аптаның жұма күні дәстүрге айналған игі шара бүгін М.Шоқай атындағы орталық алаңда Тартоғай және Қоғалы…
Бүгін Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Арман Дүйсенбаевтың жетекшілігімен және арнайы құрылған жұмысшы топтың қатысуымен аудандағы бірқатар сауда орындарына тексеру жұмыстары жүргізілді. Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік өнімінің бағасы бақылауға алынды.Сондай ақ, кәсіпкерлерге бекітілген шекті бағадан асырмау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлік жауапкершілігі туралы ескертілді. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындардың әлеуметтік жағдайын қорғау мақсатында мұндай бақылау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетін болады.
