Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»2025 жылдың 11 айында 60 мың тоннаға жуық дайын балық өнімі өндірілді
Жаңалықтар

2025 жылдың 11 айында 60 мың тоннаға жуық дайын балық өнімі өндірілді

08.01.2026120 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Балық шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі салаларының бірі және экономикалық өсімді, жұмыспен қамтуды әрі елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды сала. 2021-2030 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында балық өсіру көлемін арттыруға, ішкі тұтынуды ұлғайтуға және су биоресурстарының табиғи популяцияларын қалпына келтіруге бағытталған кешенді шаралар іске асырылуда, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

2025 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасындағы балық өнімдері нарығының көлемі 76,8 мың тоннаға жетіп, 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10%-ға өсті. Есепті кезеңде 38,5 мың тонна балық ауланып, 20,9 мың тонна тауарлық балық өсірілді. Аулау көлемінің өсімі 10%-ды, ал аквашаруашылық бойынша өсім 22%-ды құрап, саланың қарқынды дамуын көрсетіп отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда халықаралық және республикалық маңызы бар 20 су айдыны бар, олар 366 балық шаруашылығы учаскесіне бөлінген.

Балық өңдеумен жылдық өндірістік қуаты шамамен 120 мың тоннаны құрайтын 72 кәсіпорын айналысады. Оның ішінде 20 кәсіпорын Еуропалық одақ елдеріне өнім экспорттауға құқылы. Қазақстандық балық өнімдері әлемнің 21 мемлекетіне, оның ішінде Германия, Нидерланд, Ресей және Қытай еліне жеткізіледі. 2025 жылдың 11 айында шамамен 59,4 мың тонна дайын балық өнімі өндірілді. Өңдеу көлемін одан әрі арттыру үшін қосылған құн салығын 70%-ға төмендету, жылдық 5% мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелеу сияқты мемлекеттік қолдау шаралары көзделген.

Биоалуантүрлілікті сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылы Каспий итбалығы популяциясын сақтау мақсатында аумағы 108,6 мың гектарды құрайтын «Каспий итбалығы» мемлекеттік табиғи резерваты құрылды. Сондай-ақ Атырау бекіре балық өсіру зауытын жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, бұл бекіре тұқымдас балық шабақтарын шығару көлемін жылына 5 миллионнан 7,5 миллионға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Саладағы инвестициялық белсенділікте оң көрсеткіш көрсетуде. 2021-2024 жылдар аралығында аквашаруашылық саласында жалпы сомасы 21,4 млрд теңгені құрайтын 87 жоба іске асырылды. 2025 жылдың 11 айында балық шаруашылығын дамытуға 4,6 млрд теңге инвестиция салынды.

2025 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында бағалы балық түрлерінің 21,92 млн шабағы өсіріліп, су айдындарына жіберілді. Мемлекеттік балық питомниктерін жаңғырту нәтижесінде олардың өндірістік қуатын жылына 18,4 миллионнан 80,5 миллионға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Қабылданып жатқан шаралар кешені Қазақстанның балық шаруашылығы белсенді әрі тұрақты даму кезеңіне өткенін айқын көрсетеді. Мемлекеттік қолдауды күшейту, саланы цифрландыру, инвестициялар тарту және инфрақұрылымды жаңғырту өндіріс пен өңдеуді арттыруға, су экожүйелерін сақтауға және халықты сапалы балық өнімдерімен қамтамасыз етуге берік негіз қалыптастырады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026539 Views

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026237 Views

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026629 Views
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026

48 млн шаршы метрден астам аумақ кенелерге қарсы өңделді

30.06.2026

Соңғы жарты жылда қоғамдық тамақтану орындарында 600-ден астам тексеру жүргізілді

30.06.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйледі

30.06.2026

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

30.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.