Отбасының цифрлық картасын енгізудің нәтижесінде 2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін 529,6 мың адамға SMS-хабарлама жолданды. Бұл ретте 276,2 мыңнан астам адам өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алу мүмкіндігін пайдаланды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қалыптастырылады. Бүгінде онда Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6,2 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған. ОЦК енгізудің басты мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. Осыған байланысты ҚР Әлеуметтік кодексінде Отбасының цифрлық картасы әлеуметтік саясаттың орта және ұзақ мерзімді міндеттері мен бағыттарын айқындау құралы ретінде…
Автор: un_admin
Елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша өткен Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Мемлекет басшысының халықты 2025 жылдың соңына дейін ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасының толық орындалғаны туралы баяндады. Оның айтуынша тапсырманы орындау кезеңінде республикалық бюджеттен шамамен 835 млрд теңге бөлініп, 1,6-ден астам жоба жүзеге асырылды, оның ішінде Арнаулы мемлекеттік қордан қайтарылған активтер есебінен – 132 млрд теңге. Нәтижесінде осы қаражатқа 34 қала мен 756 ауыл орталықтандырылған су жүйесімен қамтылды, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы. Оған қосымша, жергілікті бюджет есебінен 699 ауылда кешенді блок-модульдер орнатылды. Салыстырмалы түрде айтсақ, 2021 жылы ауыл халқының 90%-ы және…
Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Цифрландыру сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртудың ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол – коммуналдық инфрақұрылымды тұрақты пайдаланудың, жүйелі басқарудың, бақылаудың және шығындарды азайтудың қажетті шарты, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы. Оның айтуынша, сол себепті де байланыс арналары арқылы көрсеткіштерді автоматты түрде жинауға арналған телеметрия технологиясы бар автоматтандыру жүйелеріне (ТП АБЖ) және есепке алу аспаптарына қойылатын талаптарды стандарттау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ұлттық жоба аясында су арналары кәсіпорындарының процестерін кезең-кезеңімен автоматтандыру көзделген. 2026-2028 жылдары 3,6 млн-нан астам «ақылды» су есептеу құрылғыларын орнату жоспарлануда, бұл су шығындарын айтарлықтай оңтайландыруға және жабдықтың қызмет…
Спорт саласын серпінді дамытуда спорт инфрақұрылымын жетілдіру айрықша маңызға ие. Себебі заманауи әрі қолжетімді спорт нысандары кәсіби және бұқаралық спорттың қарқынды дамуына жол ашады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында барлық облыстар мен елдімекендере спорт инфрақұрылымын, соның ішінде стадиондар мен спорт кешендерін салу мәселесіне ерекше тоқталған болатын. Осыған сәйкес, облыста соңғы үш жылда «Ауыл = ел бесігі» бағдарламасы аясында 21 заманауи спорт кешені ел игілігіне пайдалануға берілді. Алдағы уақытта ауылдық елдімекендерде соңғы үлгідегі тағы 5 спорт ғимараты ашылады деп жоспарлануда. Жалпы бүгінде облыс бойынша 1538 спорт ғимараты халыққа сапалы қызмет етуде. Биыл Мемлекет басшысы және Үкіметтің ерекше…
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Қармақшы аудандық білім бөліміне қарасты Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лицейдің жұмысымен және материалдық базасымен танысты. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев қатысты. Мектеп-лицейде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен инновациялық обсерватория, ракета модельдеу, СТЭМ, химия, биология, робототехника, математика, физика, география, тарих, бастауыш сынып кабинеттері, кітапхана, арнайы телестудия 245, 6 млн теңгеге жабдықталған болатын. Нақтырақ айтсақ, обсерватория кабинетінде «Жұлдызды аспан» глобусы, интерактивті панель, телескопқа линзалар жинағы, күн фильтрі, бейнекамералар, планисфералар бар. Ракета модельдеу кабинеті арнайы жинақпен, ноутбуктер, шағын зертханалар, цифрлық микроскоптар, старттық құрылғылармен, СТЭМ…
Бүгін Арал ауданының Мергенсай ауылдық округіне қарасты Жалаңаш ауылында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен ауыл тұрғындарының қатысуымен 150 орындық мектептің ашылу рәсімі өтті. Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты шәкірттердің жарқын болашағына қызмет ететін жаңа мектептің ашылуымен құттықтады. “Өздеріңізге белгілі, «Түркістан» газетіне Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлының «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» тақырыбында кең көлемді сұхбаты жарияланды. Сұхбатта Мемлекет басшысы «Қазақстан жаңғыру жолында қарышты қадам басып, барынша өркениетті ел бола бастады. Қоғамда өскелең ұрпақтың…
Фото: іnbusiness Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының осы жылғы 1 қаңтардағы дерегінше, 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап «Ұлттық қордан» түскен қаржыны алу өтініші бойынша 31,61 миллион АҚШ долларынан астам қаражат уәкілетті операторларға аударылған. Ал олар өз кезегінде қаражатты 18 жасқа толған өтініш беруші азаматтардың банктік шоттарына аударады. Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында 19,69 млн АҚШ долларына – 127 445 өтініш, білім беру ақысын төлеу үшін 11,92 млн АҚШ долларына – 78 060 өтініш орындалған. Жинақ иесі есеп шотындағы қаржының бір бөлігін немесе толық пайдалануға құқылы. Ал пайдаланылған сома есепшотында қала береді. Тұрғын үйді жақсартуға арналған қаражатты пайдалану бағытында азаматтардың басым бөлігі одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтырған (19,27 млн АҚШ…
Фото: ratel.kz 2025 – 2026 оқу жылының басында елімізде 559 колледж жұмыс істеді. Колледждердің басым бөлігі Алматы қаласында орналасқан, олардың саны – 79. Ал Түркістан облысында – 38, Қарағанды облысында – 37 колледж бар, деп жазады Egemen.kz. Колледждердегі білім алушылар саны оқу жылының басында 355,2 мың адам болған. Оның ішінде 150,8 мыңы – әйелдер. Колледже оқитын студент саны Алматы қаласында ең көп – 76 мың адам, одан кейін Шымкентте – 40,1 мың және Түркістан облысында – 30 мың адам. Мектептер мен колледждерде буллингке қарсы «ДосболLike» бағдарламасы енгізілді Биылғы оқу жылында колледждерге бірінші курсқа 133,9 мың талапкер түскен. Олардың негізгі бөлігі инженерлік, өңдеу және құрылыс…
Фото: ашық дереккөз Желтоқсан айында ел азаматтары зейнетақы жинағын бұрын-соңды болмаған қарқынмен пайдаланды. Бір айдың ішінде тұрғын үйге бағытталған қаржы көлемі жүздеген миллиард теңгеге жетіп, нарықта айқын қозғалыс туғызды, деп жазады Egemen.kz. Сараптамалық деректерге қарағанда, бір айдың ішінде 339 мыңнан астам өтініш қанағаттандырылып, азаматтар баспана мәселесіне 221 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған. Бұл қараша айындағы көрсеткіштен бірнеше есе жоғары. Ең көп қаражат тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіндегі салымды толықтыруға бағытталды. Желтоқсанда осы мақсатта 182 мың адам зейнетақы жинағын пайдаланған. Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда төрт есеге жуық өсім. Аталған бағыттағы қаржы көлемі де 118 млрд теңгеден асып, жалпы көрсеткіштің негізгі бөлігін құрады.…
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков және аграрлық жоғары оқу орындарының басшылары, ғылыми-зерттеу институттарының жетекшілері және салалық сарапшылардың қатысуымен өткен стратегиялық сессияда «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ-тың даму басымдықтары мен қадамдары нақтыланды. Іс-шара барысында қатысушылар бірыңғай агротехнологиялық экожүйе қалыптастыру тетіктерін, Орталықтың миссиясы мен пайымын жаңарту жөніндегі ұсыныстарды, сондай-ақ білім, ғылым және өндірісті интеграциялауға негізделген 2030 жылға дейінгі жаңа стратегиялық даму бағыттарын талқылады, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Ауыл шаруашылығы саласының алдында технологиялық жаңғырту, өнімділікті арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ауқымды міндеттер тұрғаны атап өтілді. Бұл міндеттердің орындалуы кадрлар даярлау деңгейіне, қолданбалы ғылымның дамуына және заманауи агротехнологияларды нақты…
