Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Экономика»Жыл соңындағы жанталас: зейнетақы қаржысы жаппай баспанаға бағытталды
Экономика

Жыл соңындағы жанталас: зейнетақы қаржысы жаппай баспанаға бағытталды

08.01.20261 542 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Фото: ашық дереккөз

Желтоқсан айында ел азаматтары зейнетақы жинағын бұрын-соңды болмаған қарқынмен пайдаланды. Бір айдың ішінде тұрғын үйге бағытталған қаржы көлемі жүздеген миллиард теңгеге жетіп, нарықта айқын қозғалыс туғызды, деп жазады Egemen.kz.

Сараптамалық деректерге қарағанда, бір айдың ішінде 339 мыңнан астам өтініш қанағаттандырылып, азаматтар баспана мәселесіне 221 млрд теңгеден астам қаражат жұмсаған. Бұл қараша айындағы көрсеткіштен бірнеше есе жоғары.

Ең көп қаражат тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіндегі салымды толықтыруға бағытталды. Желтоқсанда осы мақсатта 182 мың адам зейнетақы жинағын пайдаланған. Бұл алдыңғы аймен салыстырғанда төрт есеге жуық өсім. Аталған бағыттағы қаржы көлемі де 118 млрд теңгеден асып, жалпы көрсеткіштің негізгі бөлігін құрады.

Мамандар мұндай белсенділікті жылдың соңына тән бірнеше факторлармен байланыстырады. Соның бірі – тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінде мемлекет беретін сыйлықақының жыл аяғына дейін салынған қаражатты қамтитыны. Осы мүмкіндікті пайдалану үшін көптеген азамат дәл желтоқсанда шешім қабылдаған.

Сонымен қатар ипотекалық қарызды ішінара өтеу секілді басқа да мақсаттар бойынша өтініштер саны артқан. Бұл зейнетақы жинағын тек жаңа баспана алу емес, бұрынғы міндеттемелерді жеңілдету құралы ретінде де қолдану үрдісінің күшейгенін аңғартады.

Желтоқсан айындағы қарбаласқа тағы бір жайт әсер етті. 2026 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шектерінің өсетіні алдын ала жарияланды. Орта есеппен 10 пайызға ұлғайған жаңа талаптар келесі жылдан бастап күшіне енеді. Осыған байланысты көптеген салымшы бұрынғы шарттармен үлгеріп қалуға тырысқан.

Сарапшылардың пікірінше, жыл соңындағы бұл серпін зейнетақы жүйесіне ғана емес, тұрғын үй нарығына да айтарлықтай ықпал етті. Ал алдағы кезеңде азаматтардың мұндай мүмкіндікті қалай пайдаланатыны жаңа талаптар аясында айқындала түспек.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстан экономикасының жеті айдағы өсімі сыртқы сын-қатерлерге қарамастан тұрақтылығын сақтап отыр

11.08.2026793 Views

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге қымбаттады

10.06.2026475 Views

Дүниежүзіндегі ахуалға қарамастан, былтыр экономикамыз 6,5%-ға өсті – Мемлекет басшысы

10.02.2026645 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.