Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Жоғары маржиналды дақылдардың егістік алқаптарын ұлғайту стратегиясы 2026 жылы да жалғасады
Жаңалықтар

Жоғары маржиналды дақылдардың егістік алқаптарын ұлғайту стратегиясы 2026 жылы да жалғасады

13.01.2026101 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Үкіметте вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен жаңа маусымдағы көктемгі дала жұмыстарына дайындық жөнінде осы жылғы алғашқы жиын өтті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың хабарлауынша, биыл егістік алқаптарының жалпы көлемі 23,8 млн гектарды құрайды, бұл 2025 жылмен салыстырғанда 180 мың гектарға артық. Егісті әртараптандыру стратегиясы аясында дәнді дақылдар алқаптары қысқартылып, 15,9 млн гектар болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 112,4 мың гектарға аз. Негізінен бұл бидай егістігінің қысқаруы есебінен жүзеге асады: биыл ол 12,1 млн гектар болады, ал өткен жылы 12,2 млн гектар болған еді.

Сонымен қатар жоғары маржиналды және қайта өңдеуде сұранысқа ие дақылдардың егістік алқаптары ұлғайтылуда. Мәселен, майлы дақылдар 55,2 мың гектарға артып, 4,045 млн гектарды құрайды, арпа – 93,8 мың гектарға (2,4 млн гектар), жүгері – 42,9 мың гектарға (217,5 мың гектар), мал азықтық дақылдар – 37,4 мың гектарға (3,1 млн гектар) ұлғаяды.

«Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу бойынша Fufeng Group компаниясының тік интеграцияланған жаңа индустриялық паркін шикізатпен қамтамасыз ету үшін жүгері егістігін едәуір арттыру қажет. Биыл алғашқы кезеңді іске қосу барысында зауытқа 500–700 мың тонна жүгері қажет болады, ал кейін бұл көлем 1 млн тоннаға жетеді. Мал азықтық дақылдар алқаптарының ұлғаюы биыл мал шаруашылығын дамытуға арналған кешенді бағдарламаның басталуымен байланысты болмақ», – деп атап өтті Азат Сұлтанов.

Жаңа вегетациялық кезеңге дайындық және Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде егістік көлемінің болжамды ұлғаюы аясында Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарының фермерлерімен кездесулер өткізілді. Су көп қажет ететін дақылдарды азайтып, оның орнына су сыйымдылығы төмен әрі терең өңдеудің жаңа өндірістерінде сұранысқа ие дақылдарға көшу нұсқалары талқыланды. Атап айтқанда, Қызылорда облысында күріш егістігін 8,5 мың гектарға, Түркістан облысында 7,4 мың гектарға қысқарту мәселесі қарастырылуда. Мақта егістігінің болжамды көлемі 148,5 мың гектар болған жағдайда, тамшылатып суару қолданылатын алқаптар 15 мың гектарға ұлғаяды, ал дәстүрлі суару әдістері қолданылатын алқаптар 11 мың гектарға қысқартылады. Барлық мәселелерді пысықтау үшін жұмыс тобы құрылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары және ирригация министрліктеріне ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану, заманауи суару және ирригация әдістерін қолдануды ескере отырып, жерді пайдалану жөніндегі егжей-тегжейлі жоспар әзірлеуді тапсырды.

Табысты егіс науқанының негізгі құрамдас бөліктері – тыңайтқыштар, сапалы тұқым және арзандатылған дизель отыны. Қажетті ресурстарды уақтылы сатып алу үшін Аграрлық несие корпорациясы өткен жылдың қазан айынан бастап фермерлерден жеңілдікпен несиелеуге өтінім қабылдауды бастады. Бүгінгі күні жалпы сомасы 241 млрд теңгеге 1 694 өтінім түсті. Оның ішінде 1 520 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 180 млрд теңге көлемінде қаржы алды. Өтінімдердің ең көбі Түркістан (28%), Ақмола (13%), Солтүстік Қазақстан (13%), Қостанай (11%) және Қарағанды (6%) облыстарынан.

Егіс науқанына арналған арзандатылған дизель отыны бойынша Gosagro жүйесі арқылы жалпы көлемі 454,3 мың тоннаны құрайтын шамамен 18 мың өтінім қабылданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,8 мың тоннаға артық. Жиынтық қажеттілік Энергетика министрлігіне жолданды. Вице-премьер Энергетика министрлігіне шаруаларға арналған дизель отынының жеңілдікті бағасын қысқа мерзімде айқындауды және өңірлерді мұнай өңдеу зауыттарына бөлу кестесін бекітуді тапсырды. Дизель отынын жеткізу ақпан айында басталады.

2026 жылғы көктемгі егіске қажетті 2,3 млн тонна тұқымның ішінде 1,5 млн тонна жаздық дақылдар сараптамаға жеткізілді. Алдын ала тексеруден 1,3 млн тонна тұқым өткізілді, оның 98,1%-ы кондициялық деп танылды, яғни егу стандартының 1 және 2 сыныбына сәйкес келеді.

Биыл минералды тыңайтқыштар себу жоспары 2,3 млн тоннаны құрайды. Оларды уақтылы сатып алу және енгізу бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Келесі отырысқа агротехнологияларды, суару әдістерін қолдану және суармалы суға қажеттілікті есептеу жұмыстары қамтылған 2026 жылғы егін егу науқаны бойынша толық есептер мен жоспарлар пакетін ұсыну міндеті қойылды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

АЙМАҚ БАСШЫСЫ «ШИЕЛІ-ТАЙҚОҢЫР» АВТОКӨЛІК ЖОЛЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

13.01.2026824 Views

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 40 МВт КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

13.01.2026371 Views

Үкімет еліміздегі барлық қала мен ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жобаларын аяқтады

13.01.2026565 Views
Соңғы жаңалықтар

АЙМАҚ БАСШЫСЫ «ШИЕЛІ-ТАЙҚОҢЫР» АВТОКӨЛІК ЖОЛЫН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

13.01.2026

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 40 МВт КҮН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

13.01.2026

Үкімет еліміздегі барлық қала мен ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жобаларын аяқтады

13.01.2026

Жоғары маржиналды дақылдардың егістік алқаптарын ұлғайту стратегиясы 2026 жылы да жалғасады

13.01.2026

Қасым-Жомарт Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауовты қабылдады

13.01.2026

Мемлекет басшысы конституциялық реформаға қатысты түсіп жатқан ұсыныстармен танысты

13.01.2026

2025 жылы Отбасының цифрлық картасы арқылы 276 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызмет көрсетілді

13.01.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.