Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Халықаралық білім беру корпорациясында оқытушылардың қысқы мектебі өтуде  
Жаңалықтар

Халықаралық білім беру корпорациясында оқытушылардың қысқы мектебі өтуде  

22.01.2026158 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы мектеп – 2026: Университеттің ғылыми-білім беру экожүйесі: заманауи сын-қатерлер» атты ЖОО оқытушыларының ғылыми және оқу-әдістемелік біліктілігін арттыруға бағытталған апталық іс-шара өтуде. Қысқы мектеп офлайн және онлайн форматта ұйымдастырылып, Алматы қаласындағы Халықаралық білім беру корпорациясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті сияқты жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамын және жас ғалымдары мен докторанттарын бір алаңға тоғыстырып, олардың кәсіби тұрғыдан шыңдалуына жағдай жасап отыр. Сонымен қатар, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен Қысқы мектеп бағдарламасындағы бірқатар семинарлар «QazScience» ғылыми-академиялық семинарымен өзара ықпалдастырылып, еліміздің әр өңіріндегі ғылыми ұйымдар мен мекемелердің ғалымдары үшін кең ауқымды қатысу мүмкіндігі қамтамасыз етілуде.

Қысқы мектептің алғашқы екі күнінде өткен семинарлар мазмұнды баяндамалармен ерекшеленіп, қатысушылардың зор қызығушылығын тудырды.

19 қаңтар күні Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Farabi Supercomputer Center» директоры, Қазақстанның ғылымды коммерцияландыру одағының вице-президенті, PhD Темірбаев Әмірхан Әділханұлы және ҚР Президенті жанындағы ҰҒА Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, стартапер-ғалым Тастанбеков Диас Бақытжанұлы баяндама жасады. Семинарда ғылыми-инновациялық дамудың өзекті мәселелері көтеріліп, Қазақстандағы инновациялық циклдің жүйелік қиындықтары мен оларды еңсеру жолдары кеңінен талқыланды. Сонымен қатар технологияларды коммерцияландыру бағытындағы тәжірибелер мен жиі кездесетін қателіктер сараланып, қатысушылар практикалық тұрғыда маңызды  кеңестер алды.

20 қаңтар күні Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Басқарма төрағасы, PhD Бибосинов Асылхан Жәнібекұлының және Қазақстандағы Erasmus+ Ұлттық кеңсесінің координаторы Палуанова Лаура Қалабайқызының спикер болуымен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері мен халықаралық бағдарламаларға қатысу тетіктері айтылып, ғылыми-академиялық ортада қызу талқыланды. Атап айтқанда, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстары аясында өтінім беру әдістемесінің негізгі қағидалары түсіндірілді, жобаның логикасы, құрылымы, дәлелді базасы мен құжаттандыру талаптары бойынша нақты бағыт-бағдар берілді. Erasmus+ бағдарламасы шеңберінде жоғары білім беру әлеуетін арттыру жобаларының ерекшеліктері таныстырылып, қатысушыларға жобалық менеджмент және халықаралық консорциум негізінде бірлескен өтінімдер дайындау сияқты маңызды аспектілер қамтылды.

Алдағы күндері қысқы мектеп бағдарламасы бойынша  педагогикалық инновациялар, ғылыми-зерттеу мен білім берудің конвергенциясы, академиялық жазылымның практикалық ерекшеліктері және «Цифрлық университет архитектурасы – 2026» тақырыбындағы шеберлік сыныптары мен семинарлар өтетін болады.

Осылайша, қысқы мектеп қатысушылар үшін тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар қалыптастыруға және кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналып отыр.

Халықаралық білім беру корпорациясы, Ғылым және инновациялар департаментінің директоры

Лайсханов Шахислам Ұзақбайұлы

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Алматы облысында 7 агроинвестициялық жоба іске асады

19.03.2026515 Views

МКК салықтық әкімшілендіруді цифрландыру нәтижелерімен бөлісті

19.03.2026102 Views

Платформалар арқылы жұмыс істейтін қазақстандықтардың саны 369 мың адамға жетті

19.03.2026139 Views
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 7 агроинвестициялық жоба іске асады

19.03.2026

МКК салықтық әкімшілендіруді цифрландыру нәтижелерімен бөлісті

19.03.2026

Платформалар арқылы жұмыс істейтін қазақстандықтардың саны 369 мың адамға жетті

19.03.2026

Мемлекет басшысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне барды

19.03.2026

«Келешек мектептері»: Қазақстанда жаңа форматтағы 217 мектеп салынды

19.03.2026

«Келешек мектептерінде» балаларды оқыту мен жан-жақты дамытуға жағдай жасалды

19.03.2026

Қазақстанда пойыздарда спутниктік интернетті енгізу кеңейіп келеді

19.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.