Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Саран қаласында жаңа зауыттар іске қосылуға дайындалуда
Аймақ жаңалықтары

Саран қаласында жаңа зауыттар іске қосылуға дайындалуда

19.01.2026267 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қарағанды облысында өңірдің өнеркәсіптік өсімінің негізгі драйверлерінің біріне айналған Saran индустриялық аймағын дамыту қарқынды жалғасып жатыр. Биыл мұнда жаңа өндіріс орындарын, соның ішінде HOWO брендімен жүк көліктерін шығаратын зауытты іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Saran индустриялық аймағына барып, жаңа жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты. «ТЭМПО Қазақстан» ЖШС металл конструкцияларын салу мен су құбырларын тартуда қолданылатын тік жікті болат құбырлар өндірісін жолға қояды.

Жобаның құны – 20 млрд теңге, ал жобалық қуаты жылына 250 мың тоннаға дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді. Кәсіпорында 400-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда зауытта жабдықтарды реттеу жұмыстары жүргізіліп, шағын өлшемді құбырларды шығару басталған.

HOWO жүк көліктерін өндіру жобасы импортқа тәуелділікті азайтуға бағытталған. Жобаны іске асыру 24 млрд теңге көлемінде инвестиция тартуға және шамамен мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Толық қуатына шыққан кезде зауыт жылына 10 мыңға дейін техника өндіреді. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, сонымен қатар жабдықтар жеткізіледі.

Ермағанбет Бөлекпаев сондай-ақ құрылыс нысандарын жылу және дыбыс оқшаулауға арналған минералды мақта өндіретін болашақ зауыттың алаңын аралады.

Мұнда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталуға жақын, жабдықтарды орнату басталған.

Кәсіпорынды биыл іске қосу жоспарланып отыр.

Зауытта 200-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады, ал өндіріс маңындағы сервистік ұйымдар арқылы мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады.

Сонымен қатар QazTehna зауытында облыс әкіміне Қазақстандағы алғашқы штамптау өндірісі таныстырылды. Qarmet кәсіпорнында өндірілген отандық мырышталған болаттан автокөлік кузовының бөлшектері жасалады. Ол үшін инновациялық гидравликалық штамптау пресі сатып алынған. Машина жасау кәсіпорнында жергілікті қамту үлесі артып, өндірісті оқшаулау деңгейі айтарлықтай өсті.

– Saran индустриялық аймағы кеңеюін жалғастырып, жаңа жұмыс орындарын құруда. Өңдеу өнеркәсібінде ірі жобалар іске асырылуда. Жақында Премьер-министр бұл сектордың көлемін арттыру міндетін қойған болатын, біз осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз, – деді Ермағанбет Бөлекпаев. – Жобалардың іске асырылу барысын тексердім. Алдағы уақытта да бақылауда ұстап, туындайтын мәселелерді шешуге қолдау көрсетеміз. Жалпы облыс бойынша биыл өнеркәсіп өсімін кемінде 7 пайызға жеткізуді мақсат етіп отырмыз.

Saran индустриялық аймағының дамуына мемлекет есебінен салынған инженерлік инфрақұрылым айрықша серпін беріп отыр. Барлық қажетті коммуникациялар толық жеткізілген. Зауыттар табиғи газға қосылған, бұл энергия шығындарын азайтып, өндірісті экологиялық тұрғыдан тиімді етеді. Алдағы уақытта индустриялық аймақты облыс орталығымен тікелей байланыстыратын айналма жол салу жоспарланған.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026539 Views

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026237 Views

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026629 Views
Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үш өңірінде жаңартылған бес теміржол вокзалы ашылды

30.06.2026

Аралық қорытындылар: 340 мың рет негізгі ҰБТ тапсырылды

30.06.2026

Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасы басталды

30.06.2026

48 млн шаршы метрден астам аумақ кенелерге қарсы өңделді

30.06.2026

Соңғы жарты жылда қоғамдық тамақтану орындарында 600-ден астам тексеру жүргізілді

30.06.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйледі

30.06.2026

Ерлан Қарин жаңа қызметке тағайындалды

30.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.