Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»ҚР ІІМ: жасөспірімдер қылмысы 30%-ға төмендеді
Жаңалықтар

ҚР ІІМ: жасөспірімдер қылмысы 30%-ға төмендеді

17.02.2026247 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі Қазақстан басшылығы және барлық мүдделі мемлекеттік органдардың ерекше назарында. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері полиция органдарының жауапкершілігіне жатады. Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын бекітті, ол балалардың құқықтарын қорғау саласындағы қолданыстағы шаралар мен бағдарламаларды біріктіреді. Ағымдағы жылды ҚР ІІМ «Заң және тәртіп – балалық шақ қауіпсіздігінің кепілі» жылы деп жариялады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ғалым Сарғұлов мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, кешенді жедел профилактикалық шаралар жүзеге асырылуда: акциялар, тұрғылықты мекенжайларға бару, мектептерде дәрістер өткізу, «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» және басқа да жедел профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады.

«Әр мектепке полиция қызметкерлері бекітілген. Бұл құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Балалардың құқықтық санасын арттыруға ерекше назар аударылуда. «Ерлік сабағы» атты батылдық сабақтары мен жеке қауіпсіздік бойынша дәрістер өткізіледі. Осы шараның барлығы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты 30%-ға, ал жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстарды 2,1%-ға төмендетуге мүмкіндік берді», – деді Ғалым Сарғұлов.

Алайда, тәжірибе көрсеткендей, оң нәтижеге тек полиция күшімен қол жеткізу мүмкін емес. Барлық профилактика субъектілерінің белсенді қатысуы, сондай-ақ психолог мамандардың жұмысын күшейту қажет. Комитет төрағасы орынбасарының айтуынша, құқық бұзушылықтардың алғышарттары көбіне тиісті тәрбие мен бақылаудың болмауымен байланысты.

«Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мектеп директорларына және педагогикалық ұжымдарға үндеу жасаймын: көп нәрсе сіздердің қырағылықтарыңыз бен жауапкершіліктеріңізге байланысты. Педагогтер кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған құқыққа қарсы әрекет деректері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндетті. Бұл мәселеде ешкім бейжай қалмауы тиіс», – деді ол.

Сондай-ақ спикер жасөспірімдердің ата-аналарына да үндеу жасады.

«Балаларды қараусыз қалдырудың көбіне салдары ауыр болады. Баланың бос уақытында немен айналысатынын және кімдермен араласатынын білу маңызды. Интернетке еркін қолжетімділік жағдайында кәмелетке толмағандар құқыққа қарсы әрекеттерге, оның ішінде есірткінің заңсыз айналымына тартылуы мүмкін. Көбіне бәрі темекі шегу мен психоактивті заттарды қолданудан басталады. Кез келген күдік туындаған жағдайда дереу полицияға жүгіну қажет. Әрбір хабарлама тіркеліп, жедел шаралар қабылданады», – деп атап өтті Ғалым Сарғұлов.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202671 Views

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.202692 Views

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.