Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Өңірлерде су тасқыны қаупі бар учаскелерге мониторинг және тасқынға қарсы жұмыстар жүргізілуде
Жаңалықтар

Өңірлерде су тасқыны қаупі бар учаскелерге мониторинг және тасқынға қарсы жұмыстар жүргізілуде

03.03.2026238 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық шаралары жалғасуда. Еліміздің барлық өңірінде су қоймаларын кешенді тексеру, қардың қалыңдығына мониторинг жасау және гидротехникалық нысандардың жай-күйін тексеру арқылы ықтимал су басулардың алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Ақтөбе облысында Ақтөбе, Қарғалы, Мақажан және Ырғыз ауданының су қоймаларын әуеден патрульдеу және көшпелі тексеру жүргізілді. Гидротехникалық нысандардың жай-күйіне, қардың қалыңдығына және өзен сағаларына ерекше көңіл аударылды. Негізгі міндет ықтимал тәуекелдердің алдын алу және өңір тұрғындарын қорғау.

Шығыс Қазақстан облысында «Семей – Алтай ауданы – Үлкен Нарын ауданы – Қатонқарағай ауданы – Семей» маршрутымен қар көшкіні және су тасқыны қаупі бар учаскелерге комиссиялық әуеден визуалды барлау жүргізілді. Бұқтырма өзені мұз астында, аздаған еріген жерлер мен ойпаттар бар. Сонымен қатар «Өскемен – Тайынты өзені (Ұлан ауданы) – Лайлы өзені (Самар ауданы) – Өскемен» маршрутымен жағдай тексерілді. Лайлы, Ешкібай және Төменгі Тайынты су қоймаларының бөгеттерін тұтас мұз жабыны басқан. Тексерілген аумақты толықтай қар басқан. Қар көшкіні және гидрологиялық ахуал тұрақты, қар көшкіні қаупі тіркелмеген, гидротехникалық нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Шымкент қаласында су тасқыны қаупі бар учаскелер, өзен арналары және суармалы жүйелерге әуеден мониторинг жүргізілді. Арық-суармалы каналдарға, су өткізгіш нысандарға және тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жай-күйіне ерекше назар аударылды. Тексеру нәтижесінде алдағы уақытта жүргізілетін алдын алу шаралары анықталды.

Батыс Қазақстан облысында елді мекендердегі мұз кептелістерін жою үшін жалпы ауданы 43 000 шаршы метрді құрайтын 83 учаскеде мұз жару жұмыстары басталды, бұл су тасқыны қаупін азайтады. Іс-шаралар Орал қаласы мен Жәнібек ауданының аумағында жүргізілді. Алдағы уақытта мұзды қопсыту жұмыстары облыстың 5 ауданында жалғасады. Аталған шаралар облыстың елді мекендеріндегі мұз кептелістерін жоюға бағытталған.

Павлодар облысында ТЖД, әкімдік, «Қазгидромет» АҚ филиалы және басқа қызметтермен бірлесіп Ащысу өзенінің тасқын қаупі бар учаскелерін тексерді, қар жабынының биіктігі мен мұздың қалыңдығы өлшенді. Жаңажол – Ескелді су шаюы ықтимал учаскелеріне және су тасқыны кезінде су басу қаупі бар Көкдомбақ ауылына апаратын жолға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар Қ. Сәтпаев, Жаңажол және Жаңатілек ауылдарындағы лимандар тексерілді. Жұмыс тобы ықтимал трансшекаралық тәуекелдерді жан-жақты бағалау үшін Қарағанды облысына да барды. Қаратоқа және Ақжар бөгеттеріндегі жағдай тексеріліп, Павлодар облысының аумағын су басу қаупі бағаланды.

Қарағанды облысында өткен жылдардың тәжірибесін ескере отырып, елді мекендерді, жолдарды және инфрақұрылым нысандарын су басудан қорғау шаралары күшейтілді. Облыста қорғаныш бөгендері мен білектері нығайтылып, су ағызу каналдары мен арықтар, сондай-ақ су өткізгіш нысандар тазартылуда. Елді мекендерден қар белсенді түрде шығарылуда. Тасқын қаупі бар учаскелерге және гидротехникалық нысандарға ерекше назар аударылған. Қажетті инертті материалдар, қаптар, жанар-жағармай мен азық-түлік қорлары жасақталған, арнайы техника дайындалып, жедел штабтар ұйымдастырылған. Сонымен қатар тұрғындарға қауіпсіздік шаралары мен су басу қаупі туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмі туралы ақпарат беру жұмыстары жүргізілуде.

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына дайындық шаралары жүргізілуде. ТЖД қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар және қоғамдық ұйымдардың волонтерлері көктемде қар ерігенде су басуға бейім облыс орталығындағы Жұмысшы кентінің жеке секторындағы су өткізу каналдары мен кюветтерді тазалауға қатысты. Сонымен қатар жалғызбасты зейнеткерлердің ауласынан қар шығарылып, тұрғындарға алдын алу сипатындағы жадынамалар таратылды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Бразилиядағы әлем кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандық боксшылар белгілі болды

16.04.2026217 Views

Ләйлә Сұлтанқызы ана рөліндегі қателігі туралы ашық айтты

16.04.2026622 Views

Атыраудағы резонансты іс: күдіктілер Индонезияға қашан барғаны анықталды

16.04.2026475 Views
Соңғы жаңалықтар

KazGASA — болашақ архитектурасы мен құрылысын қалыптастырушы инженерлік мектеп

16.04.2026

Бразилиядағы әлем кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандық боксшылар белгілі болды

16.04.2026

Ләйлә Сұлтанқызы ана рөліндегі қателігі туралы ашық айтты

16.04.2026

Атыраудағы резонансты іс: күдіктілер Индонезияға қашан барғаны анықталды

16.04.2026

Сонымен, субсидия… Біз көтерген мәселеге АШМ не дейді?

16.04.2026

Қазақстан Еуропаға мұнай жеткізуде екінші орынға шықты

16.04.2026

Үкіметте шаруаларға түсетін қаржылық жүктемені азайту шаралары қаралды

15.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.