Автор: un_admin

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық ғылым академиясы мүшелері, мемлекеттік органдар басшылығы, бірқатар облыс әкімдері және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен ғылым мәселелері, ғылыми жобаларды жүзеге асыру және Ұлттық ғылым академиясының әлеуетін экономиканың түрлі саласын дамытуға тарту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz. Президенттің экономика салаларын цифрлық трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ғылым мен нақты сектор кооперациясын нығайту, сондай-ақ ғалымдарды қолдау шаралары талқыланды. Жиынды ашқан Премьер-министр жаңа Конституция жобасын ашық әрі нақты түсіндірудің маңыздылығына тоқталды. Құжатта қоғамда болып жатқан жоспарлы саяси және экономикалық өзгерістер көрсетіліп, ел дамуының жаңа бағдарлары, оның ішінде білім, ғылым және инновация саласындағы басымдықтар белгіленгені атап өтілді. «Ата Заңның жаңа жобасы…

Read More

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады. Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары Әділетті Қазақстанды құруға және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға елеулі үлес қосып келе жатқанына назар аударды. Президент мерзімді баспасөз өкілдерін конституциялық реформаны, сондай-ақ тұтас мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған басқа да ауқымды өзгерістерді БАҚ-та жариялау кезінде конструктивті жұмыс істеуге үндеді. Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында патриотизм ұғымына жауапкершілік пен жасампаздық тұрғысынан қарап, заңды құрметтеу арқылы егемендігімізді және тәуелсіздігімізді қорғау ұлты мен дініне қарамастан әрбір отандасымыздың міндеті екенін айтты. Мемлекет басшысы отандық журналистер осынау аса маңызды іске белсенді атсалысатынына сенім білдіріп, оларға толайым табыс…

Read More

Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің қатысуымен Конституциялық реформаларға арналған кездесу өтті. Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, аудандық мәслихат төрағалары мен депутаттары қатысты. Жиынды ашқан облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов жаңа Конституцияның мән-маңызына тоқталып, оның қоғам мен мемлекет үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті. — Бастапқыда парламенттік реформа аясында Ата Заңның шамамен 40 бабына өзгерістер енгізу көзделгенімен, талқылау барысында реформаның ауқымы әлдеқайда кең екені айқындалды. Конституцияда Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, бірлік пен келісім, тәуелсіздік пен аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар ретінде бекітіліп, білім мен ғылымға, адами капиталға, цифрландыруға айрықша мән берілген. Отбасы институты, неке, әйелдердің құқықтары, зайырлы мемлекет қағидаттары Ата Заң деңгейінде…

Read More

Бүгін облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің қатысуымен Конституциялық реформаларға арналған кездесу өтті. Оған Қазақстанның Еңбек ері, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Имамзада Шағыртаев, облыстық қоғамдық кеңес мүшелері, бизнес-қоғамдастықтар, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты. Алдымен облыстық мәслихат төрағасы еліміздің келешегі, демократиялық, әлеуметтік, құқықтық мемлекет ретінде орнығуы ең алдымен Ата Заңның мазмұны мен маңызына тікелей байланысты екенін атап өтіп, бірқатар маңызды өзгерістерге тоқталды. — 2026 жылғы 21 қаңтарда Конституциялық комиссия құрылды. Осы комиссия құрамында Сыр өңірінен облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың болуы – аймаққа деген сенімнің, атқарылып жатқан жүйелі жұмыстың және оның нәтижесінің жоғары бағалануының айқын көрінісі. Сонымен қатар, комиссия құрамына Қазақстанның…

Read More

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, облыс прокуроры Ризабек Ожаров пен облыстық мәслихаттың төрағасы Мұрат Тлеумбетов, «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ вице-президенті Серік Қожаниязов Арал аудандық ауруханасына жапсарлас салынған 51 төсектік ғимаратты көріп, жұмысымен танысты. Ғимарат құрылысын «Ұлт саулығын нығайту» ұлттық бастамасы аясында қайтарылған активтер есебінен бөлінген 2,3 млрд теңге қаржыға «Иман» серіктестігі салды. Жаңа нысанда 17 төсектік нейро-инсульт және 34 төсектік кардиология бөлімшелері жұмыс істейді. Алдағы уақытта орталықты заманауи медициналық құрал-жабдықтармен, атап айтқанда,магниттік-резонанстық томография және ангиограф қондырғыларымен жабдықтау жоспарланған. Бұл бөлімшелер аудан тұрғындарының Ақтөбе және Қызылорда қалаларына бармай-ақ, жергілікті жерде жоғары деңгейлі медициналық тексеруден өтуіне,…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан әкімі Алмасбек Есмаханов кешеден бері құқық қорғау органдарының басшыларымен бірге елді мекендердің тұрғындармен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауда. Бүгінгі кездесулер Бекарыстан би және Жалаңтөс батыр ауылдарында ұйымдастырылды. Бекарыстан би ауылындағы жиынға Арықбалық пен Алға, Ақжона ауылдық округтерінің тұрғындары келіп қатысса, Жалаңтөс батыр ауылында өткен кездесуге Басықара, Құмжиек, Ғ.Мұратбаев ауылдық округтерінің тұрғындары келді. Кездесу барысында аудан әкімі алдымен өткен жылы аймақ басшысының қолдауымен өңірде атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып, алдағы уақытта аудан халқының әл-ауқатын арттыру бағытында жоспарланған жұмыстар жайында тілге тиек етті.…

Read More

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы еліміздегі автомобиль жолдарындағы жағдай туралы мәлімет берді. 2026 жылғы 30 қаңтар, сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, Маңғыстау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың келесі учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді. Республикалық маңызы бар «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 338-632 шақырым аралығы (Бейнеу ауылы – Шетпе ауылы учаскесі) және осы автожолдың 632-718 шақырым аралығы (Шетпе ауылы – Жетібай ауылы учаскесі). Сондай-ақ, Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көлік айрығының аралық құрылымындағы шеткі арқалықтардың зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайрығы учаскесі жабылды. Атап…

Read More

Конституциялық комиссияның кезекті отырысында оның мүшелері жұмыс топтары шеңберінде пысықталған бірқатар мәселелер бойынша ұсыныстарын білдірді. Ұсыныстардың бірі – жаңа Ата Заң мәселесін қарау. Бесінші отырыста сөз сөйлеген Комиссия мүшелері Құрылтайға сайлаудың пропорционалды жүйесінің артықшылығы, референдум атауы, Халық кеңесінің құрамы мен өкілеттіктері, неке және отбасы институтын нығайту, білім беру және тәрбие жүйесінің зайырлылығы туралы норманы, сондай-ақ «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Заң мен тәртіп» қағидаттарын бекіту, «Таза Қазақстан» және т. б. мәселелер бойынша сөз сөйледі. Мемлекеттік кеңесші – Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары Ерлан Қариннің айтуынша, преамбулада алғаш рет адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдықтары ретінде жазылды. Алғаш рет Конституцияның кіріспесінде мемлекеттігіміздің…

Read More

ҚР Энергетика министрлігі елдегі энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2026 жылы ауқымды жөндеу науқандары мен Ұлттық жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Аталған шаралар барлық өңірлерде жылу және электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға бағытталған. Министрлік мәліметінше, жоспарланған жұмыстар энергия нысандарының техникалық әлеуетін жақсартып, тұтынушыларды тұрақты жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы елімізде 9 энергоблок, 55 қазандық және 51 турбина жөндеуден өтеді. Нәтижесінде қазақстандық жылу электр орталықтарының тозу деңгейі 61%-дан 59%-ға дейін төмендейді. Жөндеу жұмыстарын жоспарлы әрі кешенді жүргізу стансалардың сенімді жұмысын қамтамасыз етіп, оларды жоғары қауіп аймағынан («қызыл аймақ»)…

Read More

Бүгінгі таңда еліміздегі мемлекеттік сатып алу рәсімдері толығымен электронды форматқа көшірілген. Арнайы веб-порталда 18 мыңға жуық тапсырыс беруші, 120 мың өнім беруші тіркелген. 2025 жылы мемлекеттік сатып алулардың саны 1 млн-ға жетіп, 9,6 трлн теңгені құрады. Жасалған 1 644 мың шарттың құны 8,1 трлн теңгеге тең. Оның ішінде отандық өнім берушілермен 456 млрд теңгеге 167 мың шарт жасалған. Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил ОКҚ брифингінде хабарлады. Оның айтуынша, көрсеткіштердің өсуіне жаңа заң шеңберіндегі сатып алу мерзімдерін қысқарту мен рәсімдерін оңтайландыру тікелей әсер етті. Процедураларға қатысты барлығы 22 561 шағым келіп түсті. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 21%-ға төмен. «Конкурстарды…

Read More