Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДА – АҚТӨБЕ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛДЫ ТӨРТ ЖОЛАҚТЫҒА КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДА – АҚТӨБЕ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛДЫ ТӨРТ ЖОЛАҚТЫҒА КЕҢЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

11.03.2026583 Views
default
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, облыстық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ел ағаларының қатысуымен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің Қызылорда – Ақтөбе бағытын төрт жолақты етіп кеңейту жобасының бірінші кезеңінің басталу рәсімі өтті.
Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты республикалық маңызы бар автомобиль жолы құрылысының басталуымен құттықтап, жол-көлік инфрақұрылымын дамытуда атқарылған жұмыстарға тоқталды.
«Биыл – еліміз, өңіріміз үшін тарихи маңызды жыл. Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы қаламызда өткен Ұлттық құрылтайдың қорытынды бесінші отырысында «Соңғы жылдары Қызылорда облысы заман талабына сай өсіп-өркендеп жатыр» деп, Cыр өңірінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар жаңа ірі жобаның жүзеге асырылатынын, оның ішінде «Бейнеу – Сексеуіл» бағытындағы жол құрылысы биыл қолға алынатынын, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізінің Қызылорда – Ақтөбе бағытын төрт жолақты етіп кеңейту жобасы басталатынын айтты.
Президентіміз «Жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орын алатын еліміздің, жалпы, көлік-транзит саласында зор мүмкіндіктері бар. Бұл – айрықша назар аударуды талап ететін стратегиялық бағыт»,– деген болатын.
Осы мақсатта өңірімізде белсенді жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшымыздың, Үкіметтің ерекше қолдауымен
2022-2025 жылдары аймағымыздағы 1 600 шақырым автомобиль жолы мен көшелерді, 30 көпір өткелін салуға, күрделі жөндеуден өткізуге 150 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді.
Нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 95 пайызға жетті. Биыл да жол инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 56 жобаға бюджеттен 37 млрд. 845 млн. теңге қаралған. Бұл қаржыға 136 шақырым жол мен көпір өткелдері жөндеуден өтеді.
Бүгін Өздеріңізбен бірге аймағымыз үшін маңызы зор жобалардың бірі Қызылорда – Ақтөбе бағытындағы жолды төрт жолақтыға кеңейтудің бірінші кезеңін бастаймыз.
Құрылысы басталғалы тұрған автожол өңірдің өркендеуіне, халық игілігіне қызмет ететін маңызды көлік дәлізіне айналсын! Жүргізушілер мен жолаушыларға әрдайым ақ жол, сәт сапар тілейміз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Рәсімде Дархан Серікұлы, Қызылорда облысының Құрметті азаматы, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Жұмашұлы ізгі тілегін жеткізді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2023 жылғы 10 қазанда Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келгенде Қызылорда қаласынан Ақтөбеге дейінгі автомобиль жолын төрт жолақтыға ауыстырудың жобалау жұмыстарын жедел бастауды тапсырған болатын.
Осы жұмысты қысқа мерзімде аяқтау үшін демеушілер есебінен 350 млн. теңгеге техника-экономикалық негіздеме әзірленді, 487 шақырым жолға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.
Жалпы жоба 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі – 26 шақырымдық Қызылорда қаласының айналма жолын салу. Екінші кезеңі – Қызылорда қаласынан басталып Сырдария, Жалағаш, Қармақшы аудандарының сыртымен айналып өтіп, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізіне қосылатын 462 шақырым жол.
Автодәліз бойына жаңадан 11 көпір, 13 жол өткелі, 62 үй жануарларына арналған өткел мен 399 су өткізгіш құбыр салынады. Жолаушылар мен жүргізушілерге арналған заманауи сервистік қызмет көрсететін пункттер бой көтеріп, шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік туады.
Автожолдың ІІ санаттан І санатқа ауысуы көлік қатынасын едәуір жеңілдетіп, жүк тасымалының тиімділігін арттырады.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚЫЗЫЛОРДАДА АЛМАСБЕК АЛМАТОВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН «ЖЫР КЕРУЕН» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

12.03.2026325 Views

Қазақстанда Президент бағдарламасы аясында 111 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

11.03.2026227 Views

Еліміздің өңірлерінде су тасқынына дайындық шаралары жалғасуда

11.03.2026317 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДА АЛМАСБЕК АЛМАТОВТЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН «ЖЫР КЕРУЕН» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ

12.03.2026

Қазақстанда Президент бағдарламасы аясында 111 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

11.03.2026

Еліміздің өңірлерінде су тасқынына дайындық шаралары жалғасуда

11.03.2026

Ақпан айында Электрондық еңбек биржасында 99 мың бос жұмыс орны жарияланды

11.03.2026

Қазақстанда теміржол инфрақұрылымы белсенді жаңғыртылып жатыр

11.03.2026

Қазақстанның 200 мың педагогі жасанды интеллект ассистенттерін құру үшін ChatGPT Edu жобасына қосылады

11.03.2026

60 мыңнан астам қазақстандық эковолонтерлікке жұмылдырылған

11.03.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.