Автор: un_admin

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен аймақтағы қоғамдық-саяси ахуал, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Оған құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, білім беру ұйымдарының директорлары мен ата-аналар комитеттерінің төрағалары қатысты. Мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтып, талап пен тәртіпке басымдық берудің маңызын атап өтті. «Жұмысты ойдағыдай орындау үшін, ең алдымен, бүкіл қоғамымыз тату болуы керек. Бірлік пен келісім болмаса, ешқандай реформа және ілгерілеу болмайтыны айдан анық. Қазір жаһандық сын-қатерлер әлдеқайда қауіпті сипат алған кезде қоғамымызда талап пен тәртіпке басымдық беруіміз қажет», – деді Президент. Мәжілісте қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін сақтау,…

Read More

Қадірлі отандастар! Құрметті Құрылтай депутаттары және Үкімет мүшелері! Бүгін мен Мемлекет басшысы ретінде Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауымды жариялаймын. Бұл Жолдаудың мәні де, мазмұны да айрықша. 25 қазанда ұлттық мерекеміз – Республика күнін атап өттік. Осы күні Егемендік туралы декларация қабылданды. Біз дербес ел болу жолында батыл қадам жасадық. Көп ұзамай Тәуелсіздік туын биікке көтеріп, елдігіміздің іргесін бекіттік. Міне, биыл қасиетті Тәуелсіздігімізге 35 жыл толып жатыр. Бұл тарихи меженің ұлт шежіресінде алатын орны бөлек. Биыл наурыз айында халқымыз мемлекеттігіміздің негізгі тірегін – Конституциямызды қабылдады. Бұл тұтас еліміз үшін тарихи мән-мағынасы терең оқиға болды. Конституцияны бірнеше ұрпақтар арасындағы қастерлі келісім деп атауға…

Read More

Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған тарихи кезеңнің куәгері, сол кездегі саяси оқиғалардың бел ортасында болған Нұрлан Оразалиннен сұхбат алдық. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты, ұлттық саясат, мәдениет пен тілді дамыту жөніндегі комитет төрағасының орынбасары ретінде ол ел тарихындағы маңызды шешімдердің қабылдану барысын өз көзімен көрген. “18 депутат қарсы дауыс берді” Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан. Ол Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған кезеңді ел тарихындағы аса күрделі әрі шешуші уақыт ретінде еске алады. Оның айтуынша, сол дәуірдің маңызын терең түсіну үшін елдің сол кездегі тыныс-тіршілігіне…

Read More

2026 жылдың 29 қарашасына тағайындалған ҚР Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауына орай «Ultmedia» ЖК https://ultnews.kz/archives/14170 ақпараттық-агенттігі сайлауалды үгіт-насихат материалдарын орналастыру бойынша өз қызметі құнын ұсынады АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Ultmedia» ЖК https://ultnews.kz/archives/14170 сайтында 2026 жылғы 1 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында саяси партиялар ұсынған және өз-өзін ұсынған кандидаттар үшін сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаң ұсынудың жалпы шарттары, тәртібі және ақы мөлшері туралы  «Ultmedia» ЖК-нің меншігіндегі https://ultnews.kz/archives/14170 интернет-басылымы (бұдан әрі – Сайт) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес 2026 жылғы 1 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында саяси партиялардың…

Read More

Бүгін дәстүрлі «Алтын күз – 2026» шарасы аясында Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінің орталық алаңында ұйымдастырылуда. Жәрмеңкеге Шиелі ауданынан 110-ға жуық көлікпен жалпы көлемі 189,2 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Тұрғындарға жергілікті тауар өндірушілердің табиғи әрі сапалы өнімдері нарықтағы бағадан төмен, қолжетімді бағамен ұсынылуда. ЖӘРМЕҢКЕГЕ ЖЕТКІЗІЛГЕН ӨНІМДЕР: 🔹 Картоп – 78 тонна; 🔹 Пияз – 17 тонна; 🔹 Ақ күріш – 40 тонна; 🔹 Бақша өнімдері – 40 тонна; 🔹 Көкөністер – 10 тонна; 🔹 Ет – 2,5 тонна; 🔹 Бал – 0,5 тонна; 🔹 Сүт – 0,3 тонна; 🔹 Құрт – 0,3 тонна;…

Read More

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен «Құзыреттілік орталығында» Сыр өңіріндегі егін жинау науқанының аяқталуына орай «Ақмаржан» агромәдени фестивалі аясында «Алтын күз – 2026» салтанатты шарасы өтті. Онда ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер таныстырылып, жергілікті өндірушілердің өнімдері қойылған көрме ұйымдастырылды. Аймақ басшысы ел ырысын еселеуге үлес қосқан дала еңбеккерлеріне алғысын білдірді. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өз Жолдауында агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту, озық технологияларды енгізу, өнімдерді терең өңдеу мәселесін басты міндет ретінде айқындады. Ауыл шаруашылығы – облыс экономикасының жетекші салаларының бірі. Биыл саланы мемлекеттік қолдауға 37 млрд. теңге бөлініп, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда бір жарым есе артты. Жылдың 9 айында ауыл шаруашылығында 178…

Read More

2026 жылдың алғашқы 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстанда мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысының арқасында 56 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқығы қорғалды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек заңнамасының сақталуына қатысты 5,7 мыңнан астам тексеру жүргізген. Тексеру нәтижесінде жұмыс берушілерге анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беріліп, қызметкерлердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру шаралары қабылданған. Еңбекақының уақытылы әрі толық төленуіне ерекше көңіл бөлінеді. Тексеру барысында бірқатар кәсіпорында жалақы бойынша берешек бары анықталған. Бұл мәселені шешу үшін жұмыс берушілермен бірлесіп, берешекті өтеу кестелері бекітілген. Оның орындалуын мемлекеттік еңбек инспекторлары тұрақты бақылауда ұстап…

Read More

Республика күні қарсаңында Жетісу облысының Талдықорған қаласында жаңа қалалық емхана ашылды. Бір ауысымда 500 адамды қабылдауға арналған медициналық мекеме 62 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетіп, алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Бес қабатты емхананың жалпы ауданы 11 562,7 шаршы метрді құрайды. Ғимарат магниттік-резонанстық және компьютерлік томографтармен, рентген және маммография аппараттарымен, заманауи зертханамен жабдықталған. Мұнда отбасылық денсаулық орталығы, күндізгі стационар және Талдықорғанда алғаш рет ашылатын амбулаториялық хирургия орталығы жұмыс істейді. Медициналық мекемеде 32 медициналық учаске жұмыс істейді. Штаттық бірліктердің жалпы саны – 445. Тұрғындарға жалпы практика дәрігерлері мен бейінді мамандардың консультациялары, учаскелік қызмет және…

Read More

Теміртаудың 4А шағынауданында бүлдіршіндер робототехниканы меңгеріп, сазбалшықтан бұйым жасап, Монтессори әдістемесі бойынша білім алатын жаңа балабақша бой көтеріп жатыр. Мұнда даму ерекшеліктері бар балалардың қатарластарымен бірге білім алып, ойнауына жағдай жасалады. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобаның аясында 320 орындық нысанның таныстырылымы Республика күні қарсаңында металлургтер қаласында өтті, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі. «Қазақстан халқына» қоры Теміртауда бұрын-соңды болмаған балабақшаның құрылысын қаржыландырып, халықаралық стандарттарға сай бірегей жобаны ұсынды. Мұнда мектепке дейінгі білім берудің заманауи әдістемелерін енгізуге ерекше көңіл бөлінеді. Қордың серіктестері тәрбиешілер мен педагогтерді балаларды дамыту мен оқытудың озық әдістері бойынша жұмыс істеуге даярлайды. Балалардың жан-жақты дамуы…

Read More

Қымбатты отандастар! Ұлық мерекеміз – Республика күні баршаңызға құтты болсын! Бұл – бүкіл халқымыз үшін мән-мағынасы ерекше және қастерлі мейрам! 25 қазанда ақжолтай құжат – Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Дәл сол күні ұлт жылнамасының жаңа кезеңі басталды. Көп ұзамай өз алдына дербес ел атандық. Тарихи әділдік орнап, қасиетті қазақ жеріне Тәуелсіздіктің алтын қазығы қағылды. Сондықтан бұл күнді Ұлы даладағы мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған күн деп айтсақ, артық емес. Биыл біз ұлттық мерекені ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында атап өтіп жатырмыз. Қазақстан осы мемлекет тарихының мерейлі межесіне қарқынды дамып келе жатқан, әлем қауымдастығының құрметіне ие болған ел ретінде жетіп…

Read More