Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда 2028–2029 жылдары 4 ГВт дәстүрлі генерация енгізіледі
Жаңалықтар

Қазақстанда 2028–2029 жылдары 4 ГВт дәстүрлі генерация енгізіледі

08.10.2026328 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Энергетика министрлігі электр энергетикасын дамытудың 2028–2029 жылдары жаңа генерациялайтын қуаттарды кезең-кезеңімен енгізуді көздейтін ұзақ мерзімді жоспарын қалыптастырды. Жоспар энергетикалық жүйенің қолда бар қуатын арттыруға, электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуге, сондай-ақ дәстүрлі генерация мен жаңартылатын энергия көздерін одан әрі дамытуға бағытталған. 2028 жылы Қазақстанда 2 ГВт дәстүрлі генерацияны іске қосу жоспарланған, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Тараз, Атырау және Ақтөбе қалаларында бу-газ қондырғыларын салу, Екібастұз ГРЭС-2 №3 энергоблогын салу, «Қарағанды Энергоцентрда» қазандық агрегаты мен турбоагрегатты салу, «Kazakhmys Energy» БТЭЦ-інде қазандық пен турбоагрегатты, «Kazakhmys Energy» ЖЭО-да  қазандық пен турбоагрегатты орнату, сондай-ақ Ақсу ГРЭС энергоблогын кеңейту және жаңғырту жобалары көзделген.

2029 жылы 2,3 ГВт дәстүрлі генерацияны енгізу жоспарланған. Оның ішінде Өскемен ЖЭО-да турбоагрегат пен қазандық агрегатын салу, Атырау ЖЭО-да бес газ-турбиналық қондырғыны енгізу, «Батыс Пауэр» ЖШС-нің екі газ-турбиналық қондырғысын салу, Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу, сондай-ақ Екібастұз ГРЭС-3 бірінші блогын іске қосу жобалары бар.

Сонымен қатар, жаңартылатын энергетика да дамып келеді. 2028 жылы 2,2 ГВт, ал 2029 жылы 2,8 ГВт ВИЭ нысандарын іске қосу көзделген.

Дәстүрлі және «жасыл» энергетика салаларындағы ірі жобаларды іске асыру есебінен Қазақстанның генерациялайтын қуаттары айтарлықтай өсіп, 2029 жылы энергетикалық жүйенің тұрақты профицитке шығуы күтіледі.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.202692 Views

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026612 Views

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026418 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.