Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Елімізде 7,8 мың шақырым су құбыры және су бұру желісі жаңартылады
Жаңалықтар

Елімізде 7,8 мың шақырым су құбыры және су бұру желісі жаңартылады

15.10.2026418 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстанда 2030 жылға дейінгі Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында шамамен 5 мың шақырым су құбыры желісін 700 млрд теңгеге жаңғырту жоспарланып отыр. Сондай-ақ 400 млрд теңгеге 2,8 мың шақырым су бұру желісі жаңартылады. Бұдан бөлек, 45 кәріз-тазарту нысанын салу және қайта жаңғыртуға шамамен 800 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Сонымен қатар желілер мен құрылыстардың жұмысын қашықтан басқару және бақылау жүйелері орнатылып, есепке алу құралдары кеңінен енгізілуде. Жобаларды қаржыландырудың негізгі тетіктері ретінде мемлекеттік кепілдіктермен тартылатын халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздары, мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару арқылы алынатын қаражат, кәсіпорындардың өз қаражаты және бюджет көздері қарастырылған.

«Қазір су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 111 мың шақырымды құрайды, оның тозу деңгейі — 38 пайыз. Ал су бұру желілерінің ұзындығы 18 мың шақырым болса, тозу көрсеткіші 54%-ға жеткен. Ұлттық жобаны іске асыру нәтижесінде 2029 жылға қарай су құбыры желілерінің тозуын 33%-ға, су бұру желілерінің тозуын 41%-ға дейін төмендету көзделіп отыр. Биыл бұл көрсеткіштерді тиісінше 37 және 52%-ға дейін азайту жоспарланған», – деді Бақытжан Жүнісбеков.

Ұлттық жоба аясында жалпы құны 356 млрд теңге болатын 146 жоба жүзеге асырылып жатыр. Қазір олардың әрқайсысы дайындық пен іске асырудың әртүрлі кезеңінде. 52 жоба бойынша мердігерлермен келісімшарттар жасалған, тағы 17 жоба бойынша мердігер ұйымдарды таңдау конкурстары жалғасуда. Бұдан бөлек, 23 жоба екі кезеңді іріктеуден өтіп, конкурс жариялауға дайындалуда. Ал 54 жоба іріктеу және келісу кезеңінде.

Сонымен қатар биыл бюджет қаражаты есебінен сумен жабдықтау және су бұру саласындағы 345 жобаны іске асыруға 309 млрд теңге бөлінді.

«Инженерлік желілерді жаңғырту су бұру жүйесіндегі негізгі нысандарды – кәріз-тазарту құрылыстарын жаңартумен қатар жүруге тиіс. Қазіргі уақытта еліміздегі кәріз-тазарту құрылыстарының орташа тозу деңгейі 65 пайызды құрайды. Ұлттық жобаның негізгі міндеттерінің бірі – 45 қаладағы осындай нысандарды жаңғырту», – деп хабарлады спикер.

Жобаларды жүзеге асыру үшін бірнеше қаржыландыру көзі қарастырылып отыр. Атап айтқанда, 8 жобаны мемлекеттік кепілдіктермен тартылатын халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздары есебінен, 2 жобаны жергілікті бюджеттерден, тағы 3 жобаны Инфрақұрылымды дамыту қорының қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылған. Павлодардағы бір жобаны су арнасының өз қаражаты есебінен іске асыру жоспарланып отыр. Тағы 9 жоба мемлекеттік бағалы қағаздар шығару арқылы қаржыландырылмақ. Қалған 22 жобаға бюджет қаражатын бөлу мүмкіндігі қарастырылуда.

Комитет төрағасы су құбыры және су бұру желілерін жаңғырту үшін коммуналдық кәсіпорындар алатын кредиттердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау тетігі көзделгенін де атап өтті.

«Биыл оған 5 млрд теңге бөлінді. Бұл тетіктің негізгі мақсаты – су арналарға түсетін қаржылық жүктемені азайтып, коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға кредит қаражатын тартуға жағдай жасау. Соның нәтижесінде кәсіпорындар тозған желілерді ауыстырып, сумен жабдықтау мен су бұру жүйелерінің сенімділігін арттырады және апат санын азайтады», – деп түйіндеді Бақытжан Жүнісбеков.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.202692 Views

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026612 Views

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026418 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.