Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Премьер-министр денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізді
Жаңалықтар

Премьер-министр денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізді

19.03.2026176 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Премьер-министр Олжас Бектенов конституциялық реформа аясында және Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында қойған міндеттеріне сәйкес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Кеңесті ашқан Премьер-министр жалпыхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституцияда мемлекеттің негізгі қағидаты ретінде адамға бағдарланған саясаттың бекітілгенін атап өтті. Бұл қабылданатын барлық  шешім ең алдымен азаматтар үшін нақты нәтижеге бағытталуға тиіс екенін білдіреді.

Мемлекет басшысы айқындаған басым міндеттердің бірі – әлеуметтік саланы, оның ішінде денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту. Сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етіп, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыру қажет.

«Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысында ұлт денсаулығына бөлінетін қаражаттың жымқырылуын басты мәселе ретінде атап өтті. Ұлт саулығына бағытталған қаржының жымқырылуы – мүлдем ақылға сыймайтын жағдай. Осыған байланысты бірқатар жүйелі шешімдер қабылданды. Қор Қаржы министрлігінің қарамағына берілді. Бұл қолданыстағы олқылықтарды жоюға, жалған есептер мен құжаттарды бұрмалаудың алдын алуға және қатаң қаржылық бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бюджеттен бөлінетін әр теңгенің арнайы медициналық қызмет, дәрілік зат немесе медициналық құрылғы түрінде нақты азаматқа дейін жетуі алдағы жұмыстың негізгі қағидаты болуы тиіс. Барлық шығын толық ашық әрі олардың өз цифрлық ізі болуы қажет. Онсыз біз денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімді қамтамасыз ете алмаймыз. Қорды трансформациялау нәтижесінде тиімсіз шығындарды, ең алдымен дәрілік заттарды сатып алу саласында қысқарту; бюджеттік жоспарлауды неғұрлым дәлірек жүргізу және демографиялық өзгерістерді ескеру арқылы дәрі-дәрмек жеткізудегі іркілістер мәселесін шешу; процестерді автоматтандыруға көшу арқылы Қор құрылымын оңтайландыру сияқты мақсаттарға қол жеткізілуге тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қор Қаржы министрлігінің қарамағына берілген күннен бері атқарылған жұмыстар барысы қаралып, МӘМС жүйесін трансформациялаудың жаңа тәсілдері талқыланды.

Премьер-министрге қаржы министрі Мәди Такиев қабылданып жатқан институционалды шаралар туралы баяндады. МӘМС жүйесі шеңберінде жыл сайын шамамен 3,4 трлн теңге қайта бөлінеді. Қаржы министрлігі қаражатты басқаруды оңтайландыруға және оның тиімділігін арттыруға, ерікті медициналық сақтандыру көлемін «көлеңкеден» шығаруға, халыққа медициналық көмектің үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да бірқатар заңға түзетулер әзірледі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасы Гүлмира Сабденбек МӘМС жүйесіне жүргізілген талдау нәтижелері туралы баяндады. Біртұтас басқару үдерісінің жоқтығы және жұмыстардың науқас пен жалпы денсаулық сақтау жүйесінің түпкілікті нәтижелеріне емес, ең алдымен көрсетілген қызметтер көлеміне бағдарлануы басты мәселе екені атап өтілді.

Аталған мәселелерді шешу үшін Қор тарапынан соңғы 1,5 ай ішінде кешенді шаралар қабылданды. Атап айтқанда:

  • жүйенің шығыстары мен қаржылық міндеттемелері  құрылымын талдау негізінде қаржы ағындарын бақылау күшейтілді;
  • медициналық көмек көлемін лимиттеу, медициналық қызметтерді төлеу және аванстау тәсілдері қайта қаралды;
  • жоспарлау, мониторинг және сатып алуды қоса алғанда, негізгі қаржылық өкілеттіктерді орталықтандыру басталды;
  • Қордың ұйымдық құрылымы оңтайландырылды және алаяқтық әрекеттердің алдын алуға арналған бақылау контуры құрылды;
  • аномалиялар мен ауытқуларды анықтау мақсатында аналитикалық мониторинг жүйесіне ЖИ енгізу басталды;
  • Қордың, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктерінің, сондай-ақ медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау жұмыстары жүргізілуде.

Премьер-министрге операциялық қаржыландырудан стратегиялық әрі зияткерлік басқаруға көшу мақсатында әзірленген МӘМС 2.0 жаңа моделі таныстырылды. Жаңа архитектураға сәйкес, Қор тек қызметтерге ақы төлеумен шектелмей, бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің дамуын болжау, бақылау, талдау жүргізу және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету функцияларын да атқарады.

Реформаның төрт негізгі бағыты белгіленді, олардың ішінде:

  • Актуарлық басқару демографияны, ауру түрлерін  және медициналық технологиялардың дамуын ескере отырып, қаржылық міндеттемелердің жүзеге асуын ұзақмерзімді болжау тәсілін енгізуді көздейді. Бұл теңгерімсіздіктерді алдын ала анықтауға, қаржыландыру параметрлерін түзетуге және Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің ұзақмерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  • Тәуекелге бағдарланған модель бойынша еліміздің барлық медициналық ұйымдарын senim, baqylau, qauyp деген үш санатқа бөліп, олардың қызметін интегралды тәуекел-скоринг бойынша бағалау жоспарлануда. Адал медициналық қызмет көрсетушілер жеңілдетілген режимде жұмыс істей алады, ал бұрын заңбұзушылықтар анықталған ұйымдар күшейтілген бақылау мен аудитке алынады.
  • Цифрлық антифрод-қадағалау – бұл жалған тіркеулерді, қызметтердің қайталануын, негізсіз госпитализациялауды, көлемдердің жасанды өсуін және тағы да басқа жайттарды автоматты түрде анықтауға мүмкіндік беретін аналитикалық жүйе. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, ол денсаулық сақтау жүйесінің тиімсіз шығындарын орта есеппен 5-10%-ға төмендетеді.
  • Бірыңғай цифрлық архитектура жоспарлаудан бастап медициналық көмекке ақы төлеуге дейінгі қаржыландырудың барлық процестерін біріктіреді, онда ақша ағындары толық қадағаланады. Мұндағы негізгі элемент – цифрлық теңгені пайдалану. Қор «СК-Фармациямен» бірлесіп оны дәрілік заттарды сатып алу саласында қолдану бойынша жұмысты бастады.

Сондай-ақ Премьер-министрге МӘМС-тің жаңа архитектурасының технологиялық негізі және «цифрлық қалқаны» болып саналатын Qalqan жаңа цифрлық платформасының функционалдық мүмкіндіктері таныстырылды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026856 Views

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026547 Views

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

06.05.2026951 Views
Соңғы жаңалықтар

Байлық бәйгесі: әлемде 3110 долларлық миллиардер бар

06.05.2026

Таразда автосалон менеджері 8 жылға сотталды

06.05.2026

Ақмола облысында Бауыржан Байбектің әкесі жаңа өндіріс ашты

06.05.2026

Тұңғышбай Жаманқұлов бұрын-соңды ел естімеген шындықты айтты

06.05.2026

Алматы әуежайына шұғыл қонған швейцариялық Swiss ұшақтың құпиясы ашылды

06.05.2026

20 млн тонна: Қазақстан әлемдік мыс қоры бойынша 12-орынға шықты

06.05.2026

Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

06.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.