Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»«ҚазАвтоЖол» компаниясының қызметкерлері автожолдарда 47 млн текше метр қар тазартты
Жаңалықтар

«ҚазАвтоЖол» компаниясының қызметкерлері автожолдарда 47 млн текше метр қар тазартты

31.03.2026279 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2025-2026 жылдардың қысқы кезеңі күрделі ауа райымен ерекшеленді. Елдің солтүстік және орталық өңірлерінде температура жиі нөлден жоғары және төмен ауысып отырды. Мұндай кезеңдер 18-25 күнге созылып, әр 3-5 күн сайын қайталанды. Бұл жағдай жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарын қиындатып, көктайғақ пен қар үйінділерінің пайда болуына әсер етті. Осы орайда қозғалысқа 1 994 шектеу қойылды. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлағандай, бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп.

«Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін 3 073 бірлік техника жұмылдырылды. Соған қарамастан жол қызметтері автожолдардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті. Қыс мезгілінде шамамен 386 мың текше метр көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды. 711 мың автокөлікке сүйемелдеу қозғалысы ұйымдастырылып, 2,4 мың азаматқа көмек көрсетілді. Салыстыру үшін, 2024–2025 жылғы қыста 452 мың автокөлікке сүйемелдеу қозғалысы ұйымдастырылып, 8,2 мың адамға көмек көрсетілген. Сонымен қатар 47 млн текше метр қар тазартылды», – деді ұлттық компания басшысы.

Қазір жолдардың сапасын жақсарту және қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді бағдарлама жүзеге асырылуда. Биыл 176,5 мың шаршы метр аумақта шұңқырларды жөндеу, 24 мың шақырымнан астам жолға таңба салу, сондай-ақ 10,7 мың шаршы метрден астам аумақта жолдағы ақауларды жою жоспарланған.

Сонымен қатар 24 мыңнан астам жол белгісін орнату және жаңарту, шамамен 5 мың сигналдық бағана және 2,8 мың бойлық метрден астам қоршау орнату көзделген.

Бұдан бөлек, жалпы ұзындығы 3 700 шақырымды құрайтын автожолдарда орташа жөндеу жұмыстары басталды. Олар Жетісу, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының аумақтарында жүргізіліп жатыр. Негізгі жұмыстар оңтүстік өңірлерде 15 мамырға дейін, ал орталық және солтүстік өңірлерде 1 маусымға дейін аяқталады деген жоспар бар.

Д.Иманашевтың пайымдауынша, қабылданып жатқан шаралар автожолдардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге, су тасқыны тәуекелдерін азайтуға және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінде республикалық автожолдардағы жағдай тұрақты бақылауда, жол қызметтері тәулік бойы жұмыс істейді. Жол пайдаланушыларға 1403 байланыс орталығы қолдау көрсетеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202667 Views

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.202692 Views

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.20261 854 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.