Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖАС ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖАС ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

25.05.20261 468 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін Шиелі ауданындағы барлық білім ордаларында ерекше толқыныс пен қуанышқа толы кезең. Мектеп қабырғасымен қоштасқан түлектер үшін бұл күн — балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басар тарихи сәт.
Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков ауданның іргелі білім ошақтарының бірі №219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінде өткен салтанатты шараға қатысып, бітіруші түлектерге ақжарма тілегін арнады. Іс-шараға білім саласының ардагерлері, ұстаздар қауымы, ата-аналар қатысып, жас түлектерге ізгі ниеттерін білдірді.
Салтанатты шара барысында аудан әкімі құттықтау сөз сөйлеп, мектеп бітіруші түлектер мен мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге сәттілік тіледі.
— «Мектеп – білім мен тәрбие беретін киелі шаңырақ. Бүгінгі жас түлектер – еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы. Сіздердің әрқайсыларыңыздан елге қызмет ететін білімді, еңбекқор, отаншыл азамат шығады деп сенемін», – деді аудан әкімі.
Аудан басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың білім саласына айрықша көңіл бөліп отырғанын атап өтіп, Сыр өңірінде соңғы жылдары білім инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылғанын жеткізді.
Атап айтқанда, облыс көлемінде 200-ден астам әлеуметтік нысан салынып, оның ішінде 45 жаңа білім беру ұйымы пайдалануға берілген. Президент бастамасымен жүзеге асқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында жаңа мектептер бой көтеріп, оқушылар сарайы, «Сыр жұлдыздары» академиясы, музыкалық колледж секілді маңызды нысандар ел игілігіне табысталды.
Шиелі ауданында да білім беру саласында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2023 жылы Байсын ауылында №207 Жаңатұрмыс орта мектебі пайдалануға берілсе, 2024 жылы Жансейіт ауылындағы №133 негізгі мектеп ел игілігіне тапсырылды. Сонымен қатар, №252 Г.Ковтунов атындағы мектеп-гимназиясының қосымша бастауыш сынып ғимараты іске қосылып, өткен жылы аудан орталығында 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» пайдалануға берілді. Сондай-ақ, №219 Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп күрделі жөндеуден өткізіліп, заманауи талапқа сай қайта жаңғыртылды.
Аудан мерейін асқақтатқан дарынды жастардың қатарында №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицейінің егіз түлектері Алтынсары Кәусар мен Алтынсары Гауһар ерекше аталды. ҰБТ қорытындысы бойынша Кәусар 140 балл жинаса, Гауһар 139 балл иеленіп, үздік нәтижелерімен аудан абыройын биіктетті.
Сондай-ақ, аудан әкімі ұстаздардың ерен еңбегіне ерекше тоқталып, білім мен тәрбиенің сапалы болуы – мұғалімдердің қажырлы еңбегінің жемісі екенін атап өтті.
«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші, шәкірт тәрбиелеу жолындағы барша педагогтердің еңбегі әрдайым құрметке лайық», – деді аудан басшысы.
Айта кетейік, бүгінде аудан бойынша 37 білім беру ұйымы жұмыс жасайды. Үш ауысымды және апатты мектептер жоқ. Бұл — білім саласына көрсетіліп отырған нақты қолдаудың нәтижесі.
Биыл Шиелі ауданында 1118 оқушы мектеп бітірсе, олардың 938-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуда. 93 оқушы «Алтын белгіге», 108 түлек «Үздік аттестатқа» ұсынылған.
Мерекелік салтанатты шара мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасып, соңғы қоңырау үнімен және мектеп бітіруші түлектердің әсерлі вальсімен қорытындыланды.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.202693 Views

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026612 Views

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026418 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.