Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Басты жаңалықтар»33 пайызға өседі: газ бағасының қымбаттауына халық дайын ба?
Басты жаңалықтар

33 пайызға өседі: газ бағасының қымбаттауына халық дайын ба?

25.05.2026982 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

1-шілдеден бастап елімізде газдың көтерме бағасы 33 пайызға өседі. Бұл туралы жақында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Үкімет бұл шешімді газ өндіру саласына инвестиция тарту және болашақта импортқа тәуелділікті азайту қажеттілігімен түсіндіріп отыр. Министрдің айтуынша, қазіргі көтерме баға газ кен орындарын игерумен айналысатын компаниялар үшін қолайлы емесекен. Соның салдарынан жаңа жобалар іске қосылмай, барлау жасалған газ қорларын игеру қарқыны баяулап келеді-мыс. Жалпы, Қазақстан табиғи газ өндіруші мемлекет санатында болғанымен, расталған көгілдір отын қорлар көлемі мен жаңа кен орындарын дамыту көрсеткіштері бойынша әлемдегі жетекші елдердің қатарына кірмейді.

Қалай болғанда да қазір Үкіметтің алдында күрделі таңдау тұр. Бір жағынан, халық үшін газ бағасын төмен деңгейде ұстап тұру әлеуметтік тұрғыдан маңызды. Екінші жағынан, жасанды түрде арзандатылған тарифтер инвесторлардың қызығушылығын төмендетіп, саланың дамуын тежейді. Нәтижесінде ел ішкі сұранысты толық қамтамасыз ете алмай, сырттан газ сатып алуға мәжбүр болуы мүмкін.

Ал Жұманғариннің сөзіне қарағанда, импорттық газға тәуелділік жағдайында баға мәселесін Қазақстан емес, экспорттаушы мемлекеттер шешетін болады. Ал олардың әлеуметтік саясатты немесе халықтың төлем қабілетін ескере қоюы екіталай.

Сондай-ақ, Үкіметтің есебінше, газ бағасының көтерілуі инфляцияны небәрі 0,16 пайыздық тармаққа өсіреді екен. Алайда, тәжірибе көрсеткендей, энергия ресурстарының қымбаттауы экономикаға тікелей ғана емес, жанама түрде де әсер етеді. Газ бағасының өсуі коммуналдық қызметтер құнына, өнеркәсіп шығындарына, жүк тасымалына және қызмет көрсету секторындағы тарифтерге ықпал етуі әбден мүмкін. Сондықтан ресми болжамдағы 0,16 пайыздық әсер қағаздағы есеп ретінде көрінгенімен, нақты өмірдегі ықпалы әлдеқайда ауқымды болуы ықтимал.

Бұл жерде тарифтердің өсуі шынымен жаңа инвестицияларға жол ашады деген уәжге тоқтау қиын.Өйткені, Қазақстан соңғы жылдары мұнай-газ саласындағы көптеген реформаларды жүзеге асыру үстінде. Яғни, инвесторларды алаңдататын мәселелер тек бағаға ғана байланысты болмай отыр. Мұнда құқықтық тұрақтылық, инфрақұрылымның дамуы, реттеуші саясаттың болжамдылығы да шешуші рөл атқаратынын мойындауымыз керек.

Бәрінен бұрын, газ бағасын көтеру бүгінгі мәселенің уақытша шешімі болуы мүмкін. Өйткені, елдің энергетикалық қауіпсіздігі жаңа кен орындарын игеруге, газ өңдеу қуатын арттыруға және саладағы инвестициялық ахуалды жақсартуға тікелей байланысты. Бұл жердегі басты мәселе газдың қымбаттауында да емес. Жалпы проблема елдегі ішкі газ ресурсын жеткілікті көлемде өндіре алмай отырғанымызға барып тіреледі.

Ашық дереккөздердегі мәліметке қарағанда, Қазақстандағы газ өндірісінің өсуі өте әсерлі көрінеді. Мысалы, 2025 жылы елде 68,2 млрд текше метр газ өндірілді. Бұл 2023–2024 жылдардағы 59–60 млрд м³ деңгейінен едәуір жоғары көрсеткіш. Алайда, мәселе тек қанша газ өндірілгенінде емес, соның қаншасы нарыққа жететінде болып отыр. Себебі, 2025 жылы өндірілген газдың 33,5 млрд м³ көлемі қайтадан жер қойнауына айдалған. Яғни, өндірілген газдың шамамен 49 пайызы ішкі нарыққа да, экспортқа да емес, технологиялық мақсатқа жұмсалды. Ал 2023 жылы бұл үлес 37 пайыз, 2024 жылы шамамен 40 пайыз болған еді.

Демек, жалпы өндіріс өсіп жатыр, бірақ, халық пен экономикаға бағытталған қолжетімді тауарлық газ көлемі көбейген жоқ. Кей жағдайда тіпті азаюы да байқалады. Себебі, өндірілген газдың басым бөлігі мұнаймен бірге алынатын ілеспе газ болып саналады екен. Әсіресе Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған секілді ірі кен орындарында газдың едәуір бөлігі мұнай қабатындағы қысымды ұстап тұру үшін қайта айдалады. Егер бұл процесс тоқтаса, мұнай өндірісі төмендей бастайды. Сондықтан Қазақстан үшін газ бүгінде тек энергетикалық ресурс емес, мұнай өндірісін сақтап тұратын технологиялық құралға айналып отыр.

Деп келгенде, елде көгілдір отын бағасы бәрібір қымбаттайды. Осы жерде атқарушы билік тарифтерді көтеру арқылы болуы ықтимал әлеуметтік-экомикалық факторлардың салдарына қаншалықты дайын деген сауал туады. Өйткені, бүгінгі 33 пайыздық өсім ертеңгі одан да жоғары тарифтердің бастамасы болып қалуы мүмкін…

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында жылына 20 мың тонна ет өндіретін бордақылау кешені салынып жатыр

08.06.2026341 Views

Елімізде 2026 жылғы егіс науқаны табысты аяқталды

08.06.2026537 Views

ӘРІПТЕСТЕРІ АРДАҚ ЗЕБЕШЕВТІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

08.06.2026367 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жылына 20 мың тонна ет өндіретін бордақылау кешені салынып жатыр

08.06.2026

Елімізде 2026 жылғы егіс науқаны табысты аяқталды

08.06.2026

ӘРІПТЕСТЕРІ АРДАҚ ЗЕБЕШЕВТІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

08.06.2026

ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРДІҢ ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ ТЕРЕҢ

05.06.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШЕКТЕУЛЕР ЖӘНЕ ЖАҢА ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

05.06.2026

5 маусымда Қазақстанда Эколог күні атап өтіледі

05.06.2026

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлытау облысында экологиялық челлендждер өтті

05.06.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.